-A A +A

Сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институты

СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ  ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ (АСТАНА Қ.)

Сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институты директорының м.а. – Мұқанова Назым Айтжанқызы (саяси ғылымдарының кандидаты).

Қызметтің негізгі бағыттары:

ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми және Оқу әдістемелік Кеңестерін қалыптастыру, жаңа және қолданыстағы сот-сараптамалық зерттеу, әдістемелерін жетілдіру және әзірлеуді ұйымдастыру, сот сарапшыларының қазақстандық және халықаралық конференциялардың жұмысына қатысуын ұйымдастыру, сот сарапшыларының ғылыми құзіреттілігін арттыру);

- оқу-әдістемелік жұмысы (ғылыми-тәжірбиелік семинарларды өткізу, ғылыми-әдістемелік және тәжірбиелік оқу құралдарын, әдістемелік ұсынымдарды, анықтамалықтарды әзірлеуді ұйымдастыру);

Қазақстанда және шетелдерде сот сарапшыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру (Орталықтың аумақтық бөлімшелерінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелерде, өндірістік базаларда, сот саратамасы органдарында, оның ішінде  шетелдерде үйрету  семинарлары, біліктілікті арттыру курстары, үйрету тренингі, «шеберлік-сыныбы» түріндегі оқытулар);

сот-сараптама қызметін бақылау (сот сарапшыларының қорытындыларын рецензиялауды ұйымдастыру);

- қайталама сараптамаларды жүргізуді үйлестіру (сарапшылар комиссиясының құрамын анықтау, қайталама сараптамалардың, олардың нәтижелерінің есебін жүргізу, қайталама сараптамалар жөніндегі Комиссия отырыстарын өткізу).

 

Қазіргі  таңда Сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институтының штаттық саны 12  бірлікті құрайды:

Директор -1;

Директордың орынбасары -1;

Бас ғылыми қызметкерлер – 2;

Жетекші ғылыми қызметкерлер  - 4;

Аға сарапшы   - 1;

Іс жүргізу ісі бойынша инспектор – 1;

Кітапханашы  - 1;

Қысқа тарихи анықтама:

Сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институты сот-сараптама қызметін ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында ҚР Әділет министрінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 229 бұйрығымен құрылған.  

Байланыс деректері: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, (Министрліктер үйі), № 13 кіреберіс.

тел.: 74-14-74, 74-06-62.

Электрондық мекенжайы: cse_metod@nur.kz

Жету сызбасы:

Мекен-жайға келесі қоғамдық көлік бағыттарымен жетуге болады: 12, 18, 21, 28, 46, 51,52, 56, 60, 101 және т.б.  («Орынбор» аялдамасы).