-A A +A

Халықаралық қатынастар

2016 жылғы 17-21 мамыр аралығында Орталық қызметкерлері Әділет министрлігінің құрамында IV Петербург халықаралық заң форумының жұмысына қатысты.

Орталық қызметкерлері сапар барысында Форумның «Құқыққа сенім – жаһандық дағдарысты шешу жолы» пленарлық отырысына, «Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердегі құқық үстемдігі идеясы» конференциясына, «Сот-сараптама қызметіндегі құзырет пен құзыреттілік: мәні мен шектері, ұқсастығы мен айырмашылығы» дөңгелек үстеліне қатысты.

Форумның тақырыбы құқықтық жүйені жаңғыртудың, халықаралық құқықтың, экономикааралық қатынастарды құқықтық реттеудің, аралық талқылауды шешу жолдарының және т.б. өзекті мәселелерін талқылауға тоғыстырылған болатын.

«Сот-сараптама қызметіндегі құзырет пен құзыреттілік: мәні мен шектері, ұқсастығы мен айырмашылығы» дөңгелек үстеліндегі пікір таластың негізгі мақсаты сот сарапшыларының кәсіби құзыретін қалыптастыру және өзектендірудің заманауи тәжірибесін талдау және жүйелеу, олардың құзыретін растау жолдарында болып жатқан ұйымдастырушылық-құқықтық өзгерулернің заңдылықтарын анықтау және Армения, Белоруссия, Босния және Герцеговина, Грузия, Қазақстан, Монголия, Ресей сияқты елдердің мысалында сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіби деформация тәуекелдерін төмендету болып табылған.

Орталықтың шетелдік әріптестерімен сот-сараптамасының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуы оның мазмұнына оң әсер береді.

Осыған байланысты, Орталық әр түрлі елдердің сот сарапшыларының халықаралық өзара іс-қимылын кеңейтудің қажеттілігін ескере отырып Шанхай ынтымақтастық ұйымына (әрі қарай – ШЫҰ) мүше мемлекеттердің сот-сараптамасы мекемелерінің еуразиялық ассоциациясын құру туралы ұсынысқа бастамашылық еткен. Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан ШЫҰ мүше екені белгілі.

Қазіргі уақытта шетелдік әріптестермен аталған Ассоциация Жарғысының жобасын келісу мәселелері пысықталуда.

2016 жылдың қазан айында Алматы қаласында өтетін ШЫҰ мүше мемлекеттері Әділет министрлерінің кезекті кеңесінде ұсынылып отырған Ассоциацияның Жарғысына қол қою жоспарланған.

Бұдан бөлек, Орталықшетелдердің сот-сараптамасы мекемелерімен екі жақты байланысты да белсенді дамытуда.

Осылай, өзара іс-қимыл жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы Әділет министрліктерінің арасындағы ынтымақтастықтың 2015-2017 ж.ж. арналған бағдарламасында көзделген.

Ағымдағы жылы маусым айында ҚР Әділет министрлігінің делегациясының Вьетнам Социалистік Республикасы Әділет министрлігіне жұмыс сапары жоспарланып отыр. Сапар аясында одан әрі ынтымақтастықты, оның ішінде сот-сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастықты талқылау бойынша екі жақты кездесулер болады.

2014 жылдың 19 маусымында Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің мемелекеттік сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақордада» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Корея Республикасы Мемлекеттік заңнама министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

Ағымдағы жылдың шілде айында Корея Республикасы Мемлекеттік заңнама министрлігі делегациясының Қазақстанға сапары жоспарланып отыр. Сапар аясында, оның ішінде сот-сараптама қызметі саласындағы өзара іс-қимыл бойынша іс-шаралары көзделген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Корея Республикасы Мемлекеттік заңнама министрлігі арасындағы ынтымақтастықтың 2017-2019 жылдарға арналған бағдарламасының» жобасы талқыланады.

 

"ҚР ӘМ Сот сараптама орталығы" мен "Армения Республикалық Ұлттық сот сараптамасы Бюросы" арасындағы ынтымақтастық туралы келсім шарт 

 

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Мемлекеттік сот сараптамасы комитеті арасындағы сот сараптамасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шарт