-A A +A

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ (ОРАЛ Қ.)

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША

СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ

(ОРАЛ  Қ.)

SAM_9926.JPG

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Институт директорының м.а.: Бисембаев Бауржан Иргалиевич

Директордың сот сараптамасы бойынша орынбасарының м.а.: Бекпаганбетов Галим Узакбергенович

Жалпы-сараптамалық бөлімшесінің жетекшісі: Дронь Сергей Алексеевич

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау:

Бисембаев Б.И.            Дүйсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

                                       Бейсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

 

Бекпаганбетов Г.У..    Сейсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

 

Дронь С.А.                    Дүйсенбі – Жұма 14.30-дан 17.00-ге дейін

Институтта сот-сараптамалық зерттеулердің 37 түрі жүргізіледі:

  •   - 1.1 жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу
  •   - 1.2 құжаттарды сот-техникалық зерттеу

·          - 2.2 сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу

  •  - 3.1 Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық) зерттеу

·          - 5.1 сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу

·          - 6.1 сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу

·          - 7.1 лактыбояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 7.2 мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 7.4 топырақты сот-сараптамалық зерттеу

·          - 7.5 талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

·          - 8.1 жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 8.2 сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу

·          - 8.3 көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

·           - 9.1 шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 9.2 сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу

·          - 9.3 сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу

·          - 9.4 сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу

·          - 10.1 азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

·           -10.2 азық-түлік тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

·          - 10.3 сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі

·          - 10.4 сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі

·          - 10.5 аудиовизуалдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

·          - 11.1 ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу

·          - 11.2 ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу

·          - 13.1 өртжағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 14.1 жарылыс жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 15.1 есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот-сараптамалық зерттеу

·          - 16.1 өсімдіктегі объектілерінің сот-сараптамалық биологиялық зерттеуі

·          - 16.2 малдан шығатын тегі объектілерінің сот-сараптамалық биологиялық зерттеуі

·          - 23.1 сот-жалпы сараптамалық зерттеу(мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылар мен басқа да тұлғалардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасы)

·          - 24.1 сот-гистологиялық зерттеу

·          - 25.1 сот-биологиялық зерттеу (медициналық)

·          - 26.1 сот медициналық-криминалистикалық зерттеу

·          - 27.1 сот химиялық-токсикологиялық зерттеу (медициналық)

·          - 28.1 сот-наркологиялық зерттеу (медициналық)

·          - 29.1 сот-психиатриялық зерттеу (медициналық)

 

Институттың штаттық қызметкерлердің санына: басшылық (директор – 1;

директордың орынбасары – 2) және сарапшылық құрам (сот-сарапшылары – 21, сот-медициналық сарапшылары – 26) кіреді.

 

Сот сараптамасы бойынша қысқаша тарихи мәлімет:

            Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы 1997 жылы №1245 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының құрылуы» туралы Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына сәйкес 11.08.1997 жылы құрылды. Орталықтын құрылуының мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық істерді жүргізетін органдардын сот-сараптамасының жүйесіндегі тәуелділігін қамтамасыз ету.

ҚазССҒЗИ-нің экономист-сарапшылар тобының базасы негізінде Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-өндірістік сот-сараптамасы зертханасы (БҚО ҒӨССЗ) құрылды.

БҚО  ҚазССҒЗИ бірінші басшысы Немолочнова Светлана Васильевна болды. Зертхана ретінде құрыла бастаған кезде штат құрамы 12 сарапшыдан құралды, сонын ішіндегі жүргізілген зерттеулер: (жазу мен қолтаңбаны зерттеу, құжаттарды техникалық зерттеу), сот трасологиялық сараптама, сот баллистикалық сараптама, сот экономикалық сараптама, есірткі құралдарды, психотроптық заттар мен прекурсорлар сараптамасы.

Институттың негізгі міндеттері болып құқыққорғау органдары мен соттардын сот сараптамасындағы қажеттіліктерін тиімді қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік, өндірістік бағытында қызмет етеді.

 

Сот-медициналық сараптамасы бойынша қысқаша тарихи мәлімет:

Орал облысының Сот медициналық сараптамасының (Батыс-Қазақстан облысы) өзінің тарихы бар. Алайда мұрағат деректерінің аздығынан, ол туралы толық түсінік бермейді. Революцияға дейінгі кезеңдегі сот-медициналық сараптама өндірісі туралы деректер сақталмаған. Тек Кеңес үкіметі орнатуымен сот медицина ғылым ретінде және сот-медициналық сараптама оның тәжірибелік жағы ретінде Орал облысында денсаулық сақтау дамуымен бірлесіп даму мүмкіндігін алды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары Орал облысында сот-медициналық қызметтің барлық бөлімшелері қызмет жасайтын жасақталған бюроға дейін, бірең-сараң дәрігерлер сот-медициналық қызметті қоса атқарды. Орал қаласында Кеңес үкіметі орнатылғаннан кейін, 1919-1920ж. денсаулық сақтау Орал губерниялық бөлімі құрылғаннан кейін, барлық сот-медициналық жұмысты, сол уақытта сот-медициналық сараптаманың бөлімшесін басқарған дәрігер Кольцов атқарған. Сот-медициналық сараптамалар өткгізуіне оған мына дәрігерлер Троицкий, Ипмагамбетов, Ползак, Новик, Генке көмектескен. 1929 жылдан сот-медициналық сарапшы міндетін, облыс аудандарына шығып тұрған А.И.Новиков атқарған, ал жақын аудандардан мәйіттер қалаға әкелінген. 1940жылы Орал облысында сот-медициналық қызметті О.А.Сентуранова басқарған, ал 1948 жылы қалалық сот-медициналық сарапшы болып В.И.Сидоренко-Перфилова келген. 1960 жылы ауданаралық бөлімшеде сот-медициналық сарапшы ретінде Н.М.Артемьев жұмыс істеген. 1954 жылы облыстық денсаулық сақтау жанында сот-медициналық сараптама бюросы ұйымдастырылып оның бастығы Қазақ КСР еңбегі сіңірген дәрігер О.А.Сентуранова тағайындалған, ол 1982 жылға дейін Батыс-Қазақстан облыстық сот-медициналық сараптама бюросын басқарған. Осы кезең ішінде сот-медициналық қызмет облыстың денсаулық сақтаудың ұйымдасқан бөлімі болады. 1960 жылдан сот дәрігерлер облыстық ауруханасы жанындағы типтік мәйітханада патологоанатомдармен бірлесіп жұмыс істейді. 1971 жылы сот-химиялық бөлімше, 1974 жылы биологиялық, ал 1978 жылдан гистологиялық және физикалық-техникалық бөлімше (осы уақытқа дейін зерттеу іріктемелі өткізілді) қызмет істей бастады. 1975 жылы сот-медициналық сараптама облыстық бюросы жұқпалы аурулар ауруханасы аумағында жаңа база алды. 2000 жылы әкімшілік ғимарат  жалғастыра салынды. Ауданаралық сот-медициналық бөлімшелер (Ақсай, Казталов, Ақжайық) құрылды. «Сот сараптаманың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысы негізінде, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Сот  медицинасы орталығы» 16.01.2015жылы «ҚР ӘМ Сот медицинасы орталығы» РМҚК БҚФ болып қайта аталды. 2015 жылы сот-наркологиялық, 2016 жылы сот-психиатриялық бөлімше құрылды.

Кәсіпорын басшылары 1987ж.-1989ж. С.И.Принько, 2003жылдан 2009жылға дейін басшы болып С.А.Дронь жұмыс істеді, 1982ж.-1987ж., 1989ж.-2003ж., 2009ж.-2017ж. осы кезге дейін Б.И.Бисембаев басқаруда.

«Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулысына сәйкес ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы ММ жойылды, Сот медицинасы орталығы РМҚК қосылу жолымен, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы» РМҚК болып қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыру және жаңа құрылым бекітуге байланысты «ҚР ӘМ Сот медицинасы орталығы» РМҚК Батыс Қазақстан Филиалы, «ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамалары Институты болып өзгертілді, және БҚО Орал қаласы Ғ.Құрманғалиев көшесі 42/2 мекен жайында орналасқан.

Институт мекен жайы: 090004, Орал қ.

Сот-медициналық сараптамалары бойынша ғимараты Ғ.Құрманғалиева к-сі, 42/2 орналасқан

Тіркеу бөлімі тел: 8(7112) 21-05-47

Факс: 8(7112) 21-05-47, 21-16-26

Электронды мекен жайы: zkfcsmmzrk@mail.ru

 

Институт мекен жайы: 090000

Сот сараптамалары бойынша ғимарат

БҚО, Орал қ. Достық даңғылы, 208 (5 қабат) 

Кеңсе тел: 8(7112) 50-32-13

Факс: 8(7112) 50 32 13, 8(7112) 50 34 48

Электронды мекен жайы: сse oral@nur.kz(email жіберу үшін сілтеме) 

 

Өту жолының схемасы:

 

Институттың (Сот сараптамасы) орналасқан жеріне келесі қоғамдық көліктерімен жетуге болады: «Ахмедьяр Батыр» аялдамасы - автобус маршруттары: №5, №2, №12, №22, №35.

http://www.sudexpert.adilet.gov.kz/sites/default/files/u6702/map4.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Институттың (сот-медициналық сараптаманың) ғимаратына Ғ.Құрманғалиев көшесі 42/2 өту жолының схемасы

Жұқпалы аурулар ауруханасы, ДОСААФ аялдамасы  

 

Институттың орналасқан жеріне келесі қоғамдық көліктерімен жетуге болады: Автобус маршруттары: №5, №13, №35, №36, №37, №41