-A A +A

Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы институты

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАСЫ ИНСТИТУТЫ 

Институт директоры: Гауриев Дулат Болатович

Директордың сот  сараптамасы бойынша орынбасары: Сванкулов Асет Эркинович

Директордың сот-медициналық сараптамасы бойынша орынбасары: Кушеров Мухит Оралбаевич

Директордың жалпы мәселе бойынша орынбасары: Утеулин Мади Мақсатович

 

 

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау:

 

Гауриев Дулат Болатович

 

Дүйсенбі 14.30-дан 18.30-ға дейін

 

Сәрсенбі 14.30-дан 18.30-ға дейін

 

 

Сванкулов Асет Эркинович

 

Дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін

КушеровМухитОралбаевич

 

 

Дүйсенбі – Жұма 15.00-ден 18.00-ге дейін

Утеулин Мади Мақсатович

 

Дүйсенбі 9.00-ден 13.00-ге дейін

 

Сәрсенбі 9.00-ден 13.00-ге дейін

 

 

 

Институтта сот-сараптамалық зерттеулердің 50 түрі жүргізіледі:

  • 1.1. Жазу мен қолтаңбаны сот - сараптамалық зерттеу
  • 1.2. Құжаттарды сот-техникалық зерттеу
  • 1.3. Сот автортану зерттеуі
  • 2.1. Сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу
  • 3.1. Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауысты және дыбысталған сөздердіспектральді (аспаптық) зерттеу
  • 3.2. Сот-сараптамалықбейнефонографиялықзерттеу. Дауысжәнедыбысталғансөздердіаудитивтікжәнелингвистикалықзерттеу
  • 4.1. Сот-сараптамалықфототехникалықзерттеу
  • 5.1. Сот-сараптамалықтрасологиялықзерттеу
  • 6.1. Сот-сараптамалықбаллистикалықзерттеу
  • 7.1. Лактыбояуматериалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалықзерттеу
  • 7.2. Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу
  • 7.3. Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалықзерттеу
  • 7.4. Топырақты сот-сараптамалықзерттеу
  • 7.5. Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу
  • 7.6. Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу
  • 7.7. Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу
  • 8.1. Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу
  • 8.2. Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу
  • 8.3. Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу
  • 9.1. Шаруашылықоперацияларын сот-сараптамалықзерттеу
  • 9.2. Сот-сараптамалықбухгалтерлікзерттеу
  • 9.3. Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу
  • 9.4. Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу
  • 10.1. Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі
  • 10.2.  Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеуі
  • 10.3. Сот-сараптамалықавтотауартанузерттеуі
  • 10.4. Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі
  • 10.5. Аудиовизуальдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі
  • 11.1. Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалыққұрылыс-экономикалықзерттеу
  • 11.2. Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалыққұрылыс-техникалықзерттеу
  • 12.2. Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалықзерттеу
  • 13.1. Өрт жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу
  • 14.1. Жарылысжағдайларын сот-сараптамалықзерттеу
  • 15.1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу
  • 16.1.Өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу
  • 16.2. Жануартектесобъектілерді сот-сараптамалықбиологиялықзерттеу
  • 17.1. Сот-сараптамалықмолекулярлық-генетикалықзерттеу
  • 18.1. Сот-сараптамалықпсихологиялық-криминалистикалықзерттеу
  • 18.2. Сот-сараптамалықпсихологиялық-филологиялықзерттеу
  • 18.3. Сот-сараптамалықинженерлік-психофизиологиялықзерттеу
  • 19.1. Сот-сараптамалықэкологиялықзерттеу
  • 21.1. Сот-сараптамалықдінтанушылықзерттеу
  • 22.1. Теміржолкөлігін сот-сараптамалықзерттеу

·         23.1. Сот-жалпы сараптамалық зерттеу(мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылар мен басқа да тұлғалардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасы)

·         24.1. Сот-гистологиялық зерттеу

·         25.1. Сот-биологиялық зерттеу (медициналық)

·         26.1. Сот медициналық-криминалистикалық зерттеу

·         27.1. Сот химиялық-токсикологиялық зерттеу

·         28.1. Сот-наркологиялық зерттеу

·         29.1. Сот-психиатриялық зерттеу

 

Институттың штаттық қызметкерлерінің санына: басшылық (директор – 1; директордың орынбасарлары – 3) және сарапшылық құрам (сот-сарапшылары – 109,  сот-медициналық сарапшылары – 78) кіреді.

 

Сот сараптамасы бойынша қысқаша тарихи мәлімет

Алматы қаласы бойынша сот сараптамалар институтының тарихы 1950 жылдан басталады, онда КСРО Министрлер Кеңесінің 1950 жылғы 30 желтоқсандағы Өкімімен КСРО Әділет министрлігіне Алма-Ата қаласында сот және прокуратура органдарының өндірісіндегі істер бойынша сараптамалар жүргізу үшін ғылыми-зерттеу криминалистік зертханасын ашуға рұқсат берілді. Зертхана қызметкерлерісарапшылық зерттеулер орындаумен бірге, әр түрлі текті заттай дәлелдемелерді зерттеу бойынша ғылыми-әдістемелік негіздерді әзірледі және құқық қорғау органдары қойған міндеттерді шешті.

1957 жылдың сәуір айында Алма-Ата ғылыми-зерттеу криминалистік зертханасы Қазақ ССР әділет министрлігінің Алматы сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. Институтта күрделі криминалистік (жазутану, баллистикалық, трасологиялық, құжаттардың техникалық сараптамасы), сот-химиялық, сот-биологиялық, сот-автотехникалық, тауартану сараптамалары жүргізіле бастады. АССҒЗИ штатында жоғары білікті 42 сот сарапшысы мен ғылыми қызметкерлер жұмыс істеді, олар: В.А.Лельчин, А.В.Кизнер, К.В.Винниченко, А.Ф.Аубакиров, Л.Т.Барканова, Е.И.Садомская, Е.Г.Жәкішев, Ю.Д.Кисляков, Ш.М.Мажитов, Л.Н.Мороз, А.М.Агушевич, Н.А.Жангелдин. Осы кезеңде аудандық милиция бөлімдерінде штаттық сарапшылар енгізілді (СКБ).

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1966 жыл,ы 08 қыркүйектегі қаулысымен Алматы ССҒЗИ Қазақ Сот сараптамаларының ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. Институтта сарапшылық және ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша 8 бөлім құрылды: жазутану, баллистикалық және трасологиялық, физикалық, химия-биологиялық, тауартану, автотехникалық, фототехникалық, ақпарат және ғылыми жинақтап қорыту. Институт қызметкерлері штатының көбеюіне және  облыстық 14 сот сараптама бөлімдерінің ашылуына байланысты, үміткердің базалық жоғарғы білімін, криминалистикада, сот сараптамасында, техникадағы жаңа ғылыми жетістіктерді ескере отырып, барлық сараптамалар түрлері бойынша сарапшылық кадрларды дайындаудың бағдарламалары әзірленді. Ресей, Украина, Белоруссия, Латвия, Өзбекстан және КСРО-ның басқа да республикаларының ССҒЗИ-нда сынақтан өтудің және сарапшылық біліктілік алудың мүмкіндіктері белсенді түрде пайдаланылды.

1989 жылы Қазақ ССҒЗИ жанында аспирантура ашылды және мамандандырылған кеңес құрылды, оның қызмет ету кезінде 12 ізденуші диссертацияларын қорғады. АССҒЗИ мен ҚазССҒЗИ сот сарапшыларының жоғары ғылыми әлеуеті мен біліктіліктерінің айғағы «12.00.09 – Қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі (соның ішінде ВНИИСЭ, ҚазМҰУ, Минскіде және Киевте)» мамандықтары бойынша диссертацияларын қорғаған 27 ізденуші болып табылады.

1997 жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай сарапшылық жүйесімен сот сараптамаларын жүргізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы» Жарлығына қол қойды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы Қаулысымен Қазақ сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институты «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі болып құрылды. Қазақ ССҒЗИ-на «Алматы қаласының Өңірлік ғылыми-өндірістік сот сараптама зертханасы» мәртебесі берілді, 2013 жылы «Алматы қаласы бойынша Сот сараптама институты» болып өзгертілді.

«Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпанындағы №34 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК болып қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыру және жаңа құрылым бекітуге байланысты «Алматы қаласы бойынша Сот-сараптама институты» мемлекеттік мекемесі «Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институты» РМҚК болып өзгертілді, қазіргі уақытта оны  Гауриев Дулат Булатович басқарады.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының ССИ-да зерттеу жүргізуге және әр түрлі күрделі деңгейдегі мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар жаңа құрал-жабдықтармен жарақталған сот сараптамасының 3 мамандандырылған зертханасы жұмыс істейді. Сараптамаларды жүргізумен қатар, қызметкерлер көптеген ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар атқарады, ҚР ӘМ ССО аумақтық бөлімшелер қызметкерлеріне сараптама жүргізуде әдістемелік көмек көрсетіп отырады.

 

            Сот-медициналық сараптама бойынша тарихи анықтама:

Алматыда 1927 жылға дейін сот-медициналық сараптаманы кездейсоқ дәрігерлер жүзеге асырған, олардың сараптама бойынша тұжырымдары негізінен мәйітті сыртынан қарау бойынша берілген.

1928 жылдан бастап 1933 жылға дейін Алматы қаласының  аймақтық сот-медициналық сарапшысы қызметін атақты қолбасшы М.В. Фрунзенің ағасы Константин Васильевич Фрунзе атқарды. Білімді сот дәрігері болған К.В.Фрунзе республикадағы сот-медициналық қызметті ұйымдастыру бойынша бірқатар жобалар әзірледі, оны жүзеге асыруға сырқаты және оның Қазақстаннан кетуі бөгет жасады.

Ол кезде мәйіттерді зерттеу лайықты жабдықталмаған орынжайларда жүргізілді, бір дәрігер және бір санитар қаланың барлық тұрғындарына қызмет көрсетті. Кейіннен 23.07.51ж. №667 ҚазКСР Денсаулық сақтау министрігінің Бұйрығымен сот-медициналық сараптаманың Алматы қалалық және облыстық бюросы ресми түрде жұмыс істей бастады, оған С.М.Сидоров басшылық етті. Серебряков Николай Николаевич, соғысқа қатысқан тәжірибелі сот-медициналық сарапшы, қазіргі таңда Алматы филиалының медициналық- криминалистикалық бөлімшесінде қызмет атқарып жүрген Васильев Анатолий Никифорович оның оқушыларының бірі болып табылады.

Республикадағы сот-медициналық сараптаманың дамуы, Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының бұйрығымен аймақтық сот-медициналық инспекторы лауазымы тағайындалған 1935 жылдан басталатын, Алматы медициналық институтының сот медицинасы кафедрасының дамуымен және қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл уақытқа дейін сот-медициналық сараптама, Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының емдеу-сауықтыру басқармасының басқаруында болды, бірақ кадрларды бақылау, дайындау және басқа да мәселелерді былай қойғанда, сот-медициналық сарапшылардың жұмысын нақты ешкім басқармады. Ең соңында, Алматы қаласында сарапшы қызметінде нақты кім отырғандығын, сарапшы қызметімен нақты кім айналысатындығын білмейтіндей күлкілі жағдайға жетті.

Аймақтық инспекциямен жүргізілген ұйымдастыру жұмысы, «сот-медициналық қызметтің» өте мүшкіл жағдайын анықтады: республиканың барлық орасан зор аумағына бар-жоғы 8 сот-медициналық сарапшы қызмет көрсетті, олардың 50% дәрігерлер-сарапшы қызметін қоса атқарушылар болды.

Бірінші облыстық бюро Алматыда, Қарағандыда және Ақмолада құрылды. Ол кезде облыстық бюроларда, соның ішінде Алматы бюросында 2-3 дәрігер штатынан және екі зертханадан тұратын сараптама қызметтері құрылды (сот-химиялық және сот-биологиялық). Сарапшылардың жұмыс атқару жағдайы аса ауыр болды, мәйітханалар болмады және тіпті республиканың астанасы Алматы қаласында мәйіттерге сот-медициналық және патологоанатомиялық зерттеулер, сою үшін жабдықталған бұрынғы қарауыл үйінің ғимаратында жүргізілді. Сот медициналық амбулаториялар болмады және Алматы қаласында тірі тұлғаларды куәландыру «өтетін бөлмеде» немесе тергеушілердің кабинеттерінде, ал Семей қаласынжа сот-медициналық сарапшысының үйінде жүргізілді. КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің № 643 және КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің № 667 бұйрықтарымен1951 жылы облыстық бөлімдерде және облысқа бағынатын қалаларға қызмет көрсетін сот-медициналық қызмет бюросында және барлық ауылдық, аудандық, облыстық бюроларда зертханалық бөлімшелер құрылды. Қызметті дамыту үшін қаражат бөлінді және жас мамандарды оқыту үшін бірінші рет бастапқы мамандану ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының басталуымен көптеген дәрігерлер әрекеттегі армия қатарына алынды. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін сарапшы мекемелерінің штаттары өте баяу толтырылды, содан 1948 жылы 38 орынның 28 –і ғана сот-медициналық сарапшылардың штатымен толықтырылды.

Алматы қ. сот-медициналық зертхана 1929 жылы ашылды, бірақ ол санитарлық-бактериологиялық институттың қарамағында болды және негізінен тағамдық нысандарды зерттеумен айналысты. 1936 жылы зертхана азаматтық құқығын алып, жеке мекеме ретінде бөлініп шықты да аймақтық сот-медициналық инспекция құрамына енді.  

Таза сот-химиялық нысандардан өзге (мәйіттердің ішкі ағзалары, шаштары және т.б.) зертханада атыс өндірісі, киімде қалған іздерді сәйкестендіру, қағаздарды сәйкестендіру және т.б., туралы мәселелерді шешу үшін қару-жарақ және оқ-дәрі тәрізді криминалистикалық нысандар да зерттелді. 

1959 жылы 1 қаңтарда республикада бес сот-медициналық зертхана – үш сот-биологиялық және бір физика-химиялық жұмыс атқарды.

80 жылдардан бастап сот-медициналық қызметтің Алматы бюросының жалпы сараптама бөлімі көбейіп келеді, штатта 50 қызметкер бар, қосымша құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылды: сот-гистологиялық, физикалық-техникалық, сот-биологиялық бөлімдер, ал жалпы сарапшылар бөлімі, мәйіттерге сот-медициналық сараптама жүргізу бөлімі және жәбірленушілер, айыпталушылар және тірі тұлғаларға сот-медициналық сараптама жүргізу бөлімі болып бөлінді. Кейіннен 90 жылдары шұғыл-тергеу қажеттіліктеріне байланысты кезекші бөлімі құрылды, өз кезінде оны ұйымдастырушы Касымбеков Ержан Оразович болды және осы бөлімнің аяқтан тұруына зор үлесін қосты. 1968 жылдан бастап Алматыда осы қызметте Макарьян О.И.,  1985 ж. бастап  – Ким В.А., 1987ж. бастап – Васильев Анатолий Никифорович, 1989 ж. бастап – Нурпеисов Олег Жаннович, 1991 жылдан бастап – Нусупбаев Нусипат Абилович, 1991 ж. бастап – Поданева Виктория Игоревна, 2003 жылдан бастап Ережепов Нурлыхан Муталиевич, 2014 жылдан бастап Алишев Ардак Жалелович, 2015 жылдан бастап Джардемов Ахметкали Алипкалиевич, 2016 жылдан бастап Сабаншиев Манас Мажитович басшылық етті.

30.12.2014 жылғы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес Сот медицинасы орталығы ҚР Әділет министрігінің қарамағына берілді, 2017 жылы Сот медицинасы орталығының Алматы филиалы Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институты болып өзгертілді, қазіргі таңда оны  Гауриев Дулат Булатович басқарады.

Қайта ұйымдастыру және жаңа құрылым бекітуге байланысты Алматы филиалының сот-медициналық сараптамасы, Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институты болып өзгертілді, және Алмапты қаласы  Қазыбек би  117 В.

 

Зерттеудің сот-сарапшылық түрлерімына мекенжай бойынша жүргізіледі:

Байзақов к-сі, 287а

Кеңсе тел: (727) 392 15 75

Факс: (727) 392 15 75

Электрондық мекен-жайы: cse_almaty@nur.kz (email жіберу үшін сілтеме)

Индекс050008

 

Институттың Байзақов, 287а к-сі ғимаратына өту жолының схемасы

Сот-медициналық сараптамалары түрлерін зерттеу бойынша ғимараты Қазыбек бикөшесі, 117 В орналасқан

Қабылдау: (7272) 33-89-20

Факс: (7272) 78-00-06

Электронды мекен жайы: almatyfcsm@ mail.ru  (email жіберу үшін сілтеме)

 

Институттың Қазыбек би, 117 к-сі ғимаратына өту жолының схемасы