-A A +A

Жүргізілетін сараптама түрлері

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10277 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-қорында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 22 тамыздағы № 281 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8656 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 26 желтоқсанда 2013 жылы № 344 (27618) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанын күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев

  Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің  
2015 жылғы 26 қаңтардағы
 № 52 бұйрығымен   
 бекітілген     

   Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы
органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесі

Сараптама түрі

Сарапшылық мамандық

Мамандық шифрі

1

Құжаттардың сот сараптамасы

Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу

1.1

Құжаттарды сот-техникалық зерттеу

1.2

Сот автортану зерттеуі

1.3

2

Сот портреттік сараптамасы

Сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу

2.1

3

Сот бейнефонографиялық сараптамасы

Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу.
Дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық) зерттеу

3.1

Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу.
Дауыс және дыбысталған сөздерді аудитивтік және лингвистикалық зерттеу

3.2

4

Сот фототехникалық сараптамасы

Сот-сараптамалық фототехникалық зерттеу

4.1

5

Сот трасологиялық сараптамасы

Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу

5.1

6

Сот баллистикалық сараптамасы

Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу

6.1

7

Заттар мен материалдардың сот сараптамасы

Лакты бояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

7.1

Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

7.2

Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу

7.3

Топырақты сот-сараптамалық зерттеу

7.4

Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

7.5

Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу

7.6

Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу

7.7

Әйнектен, керамикадан және силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

7.8

8

Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы

Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

8.1

Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу

8.2

Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

8.3

ЖКО болған жердегі жолдың техникалық жай-күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

8.4

9

Сот экономикалық сараптамасы

Шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу

9.1

Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу

9.2

Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу

9.3

Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу

9.4

10

Сот тауартану сараптамасы

Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

10.1

Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

10.2

Сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі

10.3

Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі

10.4

Аудиовизуальдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

10.5

11

Сот құрылыс сараптамасы

Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу

11.1

Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу

11.2

12

Сот технологиялық сараптамасы

Сот-сараптамалық технологиялық зерттеу

12.1

Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

12.2

13

Сот өрт-техникалық сараптамасы

Өрт жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

13.1

Сот-сараптамалық электротехникалық зерттеу

13.2

14

Сот жарылыс-техникалық сараптама

Жарылыс жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

14.1

15

Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу

15.1

16

Сот биологиялық сараптамасы

Өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу

16.1

Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу

16.2

17

Сот молекулярлық-генетикалық сараптама

Сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу

17.1

18

Адамның психофизиологиялық процесстерінің сот сараптамасы

Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу

18.1

Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу

18.2

Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу

18.3

19

Сот экологиялық сараптамасы

Сот-сараптамалық экологиялық зерттеу

19.1

20

Генетикалық өзгерген организмдердің сот сараптамасы

Генетикалық өзгерген организмдерді сот-сараптамалық зерттеу

20.1

21

Сот дінтанушылық сараптамасы

Сот-сараптамалық дінтанушылық зерттеу

21.1

22

Сот техногендік апаттар сараптамасы

Теміржол көлігін сот-сараптамалық зерттеу

22.1

23.

Мәйіттің сот-медициналық сараптамасы

Мәйітті жалпы сот-сараптамалық зерттеу

23.1

Мәйіт материалын сот-сараптамалық гистологиялық зерттеу

23.2

Мәйіт материалын сот-сараптамалық гистохимиялық зерттеу

23.3

Мәйіт материалын сот-сараптамалық химиялық-токсикологиялық зерттеу

23.4

Мәйіт материалын сот-сараптамалық криминалистикалық зерттеу

23.5

24.

Жәбірленушілердің, айыпталушылар мен басқа да адамдардың сот-медициналық сараптамасы

Жәбірленушілерді, айыпталушыларды және басқа да адамдарды жалпы сот-сараптамалық зерттеу

24.1

Тірі адамнан алынған биологиялық объектілерді сот-сараптамалық химиялық-токсикологиялық зерттеу

24.2

25.

Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасы

Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс материалдары бойынша жалпы сот-сараптамалық зерттеу

25.1

26.

Заттай айғақтардың сот-медициналық сараптамасы

Биологиялық объектілерді сот-сараптамалық серологиялық зерттеу

26.1

Шашты сот-сараптамалық медициналық зерттеу

26.2

Сот-сараптамалық цитологиялық зерттеу

26.3

Сот-сараптамалық медициналық-криминалистикалық зерттеу

26.4

Шығу тегі биологиялық емес объектілерді сот-сараптамалық химиялық–токсикологиялық зерттеу

26.5

27.

Биологиялық объектілердің сот-биохимиялық сараптамасы

Биологиялық объектілерді сот-сараптамалық биохимиялық зерттеу

27.1

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК