Толық нұсқауға көшу
-A A +A

АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ

Институт директоры: Бекжанов Жамбул Лесбекович

Директордың сот сараптамасы бойынша орынбасары: Сарсенбаева Галия Карибаевна

Директордың сот-медициналық сараптамасы бойынша орынбасары: Баймолдинов Ерик Сейтканович

Директордың жалпы мәселе бойынша орынбасары: Рабилов Даурен Тулембекович

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау:

Бекжанов Ж.Л.             Дүйсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

                                     Сәрсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

 

Сарсенбаева Г.К.         Сейсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

                                     Бейсенбі   9.00-ден 13.00-ге дейін

 

Баймолдинов Е.С.       Дүйсенбі - Жұма15.00-ден 18.00-ге дейін

 

 

Рабилов Д.Т.                 Сәрсенбі   9.00-ден 13.00-ге дейін

                

Институтта сот-сараптамалық зерттеулердің 44 түрі жүргізіледі:

  •   - 1.1 жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу
  •   - 1.2 құжаттарды сот-техникалық зерттеу

·          - 2.1 сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу

  •  - 3.1 Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық) зерттеу
  •  -3.2 Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауыс және дыбысталған сөздерді аудитивтік және лингвистикалық зерттеу

·          - 5.1 сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу

·          - 6.1 сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу

·          - 7.1 лактыбояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 7.2 мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 7.3 металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу

·          - 7.4 топырақты сот-сараптамалық зерттеу

·          - 7.5 талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

·          - 7.7 арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу

·          - 8.1 жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 8.2 сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу

·          - 8.3 көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

·         -8.4 ЖКО болған жердегі жолдың техникалық жай-күйін,  жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 9.1 шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 9.2 сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу

·          - 9.3 сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу

·          - 9.4 сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу

·          - 10.1 азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

·          - 10.3 сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі

·          - 10.4 сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі

·          - 10.5 аудиовизуалдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

·          - 11.1 ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу

·          - 11.2 ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу

·          - 13.1 өртжағдайларын сот-сараптамалықзерттеу

·          - 14.1 жарылыс жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 15.1 есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот-сараптамалық зерттеу

·          - 16.1 өсімдіктегі объектілерінің сот-сараптамалық биологиялық зерттеуі

·          - 16.2 малдан шығатын тегі объектілерінің сот-сараптамалық биологиялық зерттеуі

·          - 17.1 сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу

·          - 18.1 сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу

·          - 18.2 сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу

·          - 19.1 сот-сараптамалық экологиялық зерттеу

·          - 21.1 сот-сараптамалық дінтанушылық зерттеу

·          - 23.1 сот-жалпы сараптамалық зерттеу(мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылар мен басқа да тұлғалардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасы)

·          - 24.1 сот-гистологиялық зерттеу

·          - 25.1 сот-биологиялық зерттеу (медициналық)

·          - 26.1 сот медициналық-криминалистикалық зерттеу

·          - 27.1 сот химиялық-токсикологиялық зерттеу

·          - 28.1 сот-наркологиялық зерттеу

·          - 29.1 сот-психиатриялық зерттеу

 

Институттың штаттық қызметкерлердің санына: басшылық (директор – 1;

директордың орынбасарлары – 3) және сарапшылық құрам (сот-сарапшылары – 67, сот-медициналық сарапшылары – 53) кіреді.

 

Сот сараптамасы бойынша қысқаша тарихи мәлімет

КазССҒЗИ-ның Целиноград бөлімінің бірінші басшысы – Геннадий Федорович Шерстнев (автотехник сарапшы) 1970 жылдан бастап жұмыс істеген. Ұжымда 6 қызметкер болған:  Г.Ф.  Шерстнев, Е.П.  Бильдюг, И.Б. Карандеев, Г.А. Регер, К.К. Ислямова, К.Л. Ногай. Алғашқыда Зертхана Целиноград қаласы, Комсомол көшесіндегі прокуратураның аумағында орналасқан, кейіннен Кеңестік АІІБ-ның ғимаратына көшкен.

Астана қаласының аумақтық ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығын құру туралы» Қаулысымен ҚазССҒЗИ-дің Целиноград бөлімінің базасында құрылды. Сот сараптама орталығы болып қайта құрылғаннан кейін, зертхана басшысының міндетін атқарушысы болып Р.С. Жакупов тағайындалып, Дружба 29-б мекенжайында орналасқан ғимаратқа көшірілді. Зертхананыңбастапқықалыптасукезеңінде штат 25 қызметкердентұрды.

ҚазақстанРеспубликасыныңастанасынАқмолақаласынакөшіружәнедамытубағдарламасынасәйкес, мемлекеттікмекемелердікөшірукезінде  ҚР ӘМ ССО-ныңжұмысы Светлана Федоровна Бычкованыңбасшылығыменжаңаелордадаұйымдастырылды. Зертхананыңатауы «Астана қаласыныңаумақтық ССҒӨЗ» болыпөзгертіліп, оныңбасшысыміндетінатқарушыболыпВиктория Сергеевна Бурцева тағайындалды.

2003 жылы ҚР ӘМ ССО-ның аппараты мен астаналықаумақтықбөлімшесініңорналасуы мен техникалықжабдықталуынатүбегейліөзгерістеренгізілді. Кривогуза, 14-а мекенжайдағыбөлекорналасқан, іргелесинфрақұрылымы бар ғимаратберілді. Осы кезеңдезертхананыдиректордыңорынбасары Абай ҚариұлыТыныбеков, ҚР ӘМ СОО-ны Сәкен Жүсіпахметұлы Абдуллаев басқарды. 

2013 жылданбастап Астана қ. АССҒӨЗ-ныңатауы «Орталық Сот сараптамасы институты» (Астана қ.) болыпөзгертілдіжәне Астана қаласы, Ғ.Мұстафинкөшесі, 7- үймекенжайдаорналасты.

«Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыруымен және жаңа құрылым бекітуімен байланысты Орталық сот сараптамасы институты Астана қаласы бойынша Сот сараптамалары институты болып өзгертілді және Астана қаласы, Мұстафин көшесі, 7 орналасқан.

 

Медициналық сараптамасы бойынша тарихи мәлімет:

Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 23.07.1951 жылғы № 667 бұйрығына сәйкес Ақмола қаласында сот-медициналық сараптамасының республикалық бюросы құрылған болатын. Ақмола бюросының басшысы болып Касым Илазович Фахрутдинов тағайындалды және осы салада 1961 жылға дейін қызмет етті.

50-ші жылдары сот-медициналық сарапшылары: Пальчик (1951-52), профессор Мадиссон Л.Я. (1951-53, сарапшы-гистолог), Зенинг (1951-53 Ақмола қ.), Добровольская (1952-54 жж. Атбасар қ.), Вакенгут Г.Г. (1952), Лелин (1952), Бобирова С.М. (1954-55 сарапшы-гистолог), Савельев (1954), Троян (1957-58 жж. Ақмола қ.), Валишев М. М. (1958-61), Ипполитов (1957-59), Гольденбер (1958-59) еңбек етті.

1961 жылы 30 наурызда Ақмола қаласы атауы Целиноград болып ауыстырылды, осы уақытта Целиноград облыстық бюросында зертхананың барлық бөлімшелері ұйымдастырылды, бюрода өзінің сот-медициналық мәітханасы болады.

1962 жылы бюро жаңа ғимаратқа ие болады (Пушкин к-сі, 73/2 прокуратураның бұрынғы ғимараты, онда төрт бөлімше құрылып және орналастырылады: физикалық-химиялық, сот-химиялық, биологиялық, гистологиялық. Бюроға жаңа сарапшылар: Лазарев К. П., Гербановский, Федин С. В., Горячева, Бабенко Г. И., Попов А. А., Ченцовых, Кутузова, Пущин, Тепляков, Дерий С.В., Грек, Сидорчук. В. келеді, аудандық бөлімшелерде: Ревчук С. С, Филенко А. И. (Ерейментау), Трембицкий В. И., Кабушка И. А. (Державинка), Карзовский, Вахонин, Абуов К.А. (Қорғалжын), Кохан, Куценко Е. Ф. (Есіл) жұмыс жасайды.

Осы аралықта зертхана бөлімшелеріне апаратуралар, реактивтер, арнайы әдебиеттер алынады, сот-медициналық зерттеу нысан әдістері пысықталады. Зертхананың қалыптасуына үлкен үлес қосқандар: Цай В.И. –сот-биологиялық бөлімшесінің меңгерушісі, Балуба С. А. –сот-химиялық бөлімшесінің меңгерушісі.

Целиноградта медициналық институтының (1961 жыл 31 шілде) құрылуынан кейін және 1967 жылы сот-медициналық кафедрасының құрылуынан (меңгерушісі профессор С. В. Шершавкин) бюроға дәрігер ағымы артты, оның ішінен Целиноград облысының және Солтүстік-Қазақстан облысы бюросы үшін сот-медициналық сарапшыларын дайындады.

70-ші жылдары (1970-1978 жж.) облыстық бюро басшысы болып медицна ғылымының кандидаты Попов Анатолий Александрович тағайындалды. Оның басшылығымен зертхананың дамуы, мәйітхананың маңыздылығы жалғасын табады.1970 жылы алғашқы газды хроматографиясы (ХЛ-69) пайда болады және содан бері этонол анықтауы тек қана газды хроматографиясы әдісімен жүргізіледі.

Сот-медициналық кафедрасының меңгерушісі Зайцева Елена Ивановна (1969-1980 жж.) бюромен бірге жұмыс істеу арқылы үлкен үлесін қосты, ол ұжымның қалыптасуына, жас мамандарды оқытуға барынша көмектесті.

1980 жылы сот-медицинасы кафедрасының меңгерушісі Зайцева Е.И. ауыстырылып орнына Юрий Сергеевич Исаев келді. Оның сарқылмас күш-қуаты, қызметкерге деген талабының жоғары болуы облыстың сот-медицинасы ғылыми қоғамын серпілтіп тастады. Практикалық сарапшыларда ғылыми жұмыстарға деген қызығушылытары пайда болды, көптеген статялар басылып шықты, ғылыми бағыттар анықталды, өнертабыстар пайда болды. Сот-медицинасы кафедрасының меңгерушілері Жакенов А.С., одан кейін Галицкий Ф.А. өздерінің наңыз мирасқорлықтарын көрсетіп және осы дәстүрді әлі де жалғастыруда.

1978 жылы облыстық бюроның басшысы болып Л.А. Куропятник (ЦММИ 1973 ж. түлегі) болып тағайындалды. 1984-88 жж. сарапшылар, зертханашылар, санитарлар және т.б. көмекшілер оздеріне 2 қабатты 700 м2 болатын ғимарат соғып алды, 1988 жылы осы ғимаратқа көшірілді.

1988 ж.-2017 ж. аралығында филиалды Жакенов А.С., Садвакасов Т.Д., Жакупов Т.Т., Иксымбаева Д.С., Усипханов Р.Ж. басқарды.

2015 жылдан бастап Астана филиалалының сот-медициналық қызметін Е.С. Баймолдинов басқарды.

«Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы» РМҚК болып қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыру және жаңа құрылым бекітуге байланысты Астана филиалының сот-медициналық сараптамасы, Астана қаласы бойынша Сот сараптамалары институты болып өзгертілді, және Астана қаласы  Ғ. Мұстафин 7 және Желтоқсан 44 мекен жайында орналасқан.

Институт мекен жайы: 010000, Астана қ.

Сот-сараптамалары түрлерін зерттеу бойынша ғимараты Г.Мұстафин к-сі, 7 орналасқан

Кеңсе тел: (7172) 29-10-75 сот сараптамасы

                    (7172) 29-10-76 сот-медициналық сараптамасы

Факс: (7172) 29-10-74

Электронды мекен жайы: cse_astana@nur.kz (email жіберу үшін сілтеме)

Сот-медициналық түрлерін зерттеу бойынша ғимарат Желтоқсан к-сі, 44 орналасқан 

Тіркеу орны тел: (7172) 28-01-78

Факс: (7172) 28-02-15

Электронды мекен жайы: asf_csm@mail.ru

 

Институттың орналасқан жеріне келесі қоғамдық көліктерімен жетуге болады: Автобус маршруттары: №5, №8, №51, №23, №44, №37, №41, №50, №9

Жақын жердегі автобус аялдамалары: 9 мөлтек ауданы, 7 емхана.

Институттың Желтоқсан, 44 к-сі ғимаратына өту жолының схемасы.