-A A +A

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАСЫ ИНСТИТУТЫ (ҚАРАҒАНДЫ Қ.)

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАСЫ ИНСТИТУТЫ (ҚАРАҒАНДЫ Қ.)

Институт директоры – Бекмаганбетов Арман Куандыкович.

Директордың сот сараптамалары мәселелері бойынша орынбасары – Дубербаев Даурен Муратович.

Директордың сот- медициналық сараптамалары мәселелері бойынша орынбасарының м.а. – Айтказин Бекзат Капасович. 

Директордың жалпы мәселелері бойынша орынбасары – Рахимбеков Асет Кабытаевич.

 

Азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау:

Бекмаганбетов А.К.    Дүйсенбі - Жұма  9.00-дан 18.30-ға дейін

                                      Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін

                                      Сенбі, жексенбі – демалыс күндері.

                                      (Охотская көшесі, 23/2).

 

Дубербаев Д.М.          Дүйсенбі - Жұма  9.00-дан 18.30-ға дейін

                                      Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін

                                      Сенбі, жексенбі – демалыс күндері.

                                      (Муканова көшесі, 7).

 

Айтказин Б.К.              Дүйсенбі - Жұма  9.00-дан 18.30-ға дейін

                                      Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін

                                      Сенбі, жексенбі – демалыс күндері.

                                      (Охотская көшесі, 23/2).

 

Рахимбеков А.К.         Дүйсенбі - Жұма  9.00-дан 18.30-ға дейін

                                      Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін

                                      Сенбі, жексенбі – демалыс күндері.

                                      (Муканова көшесі, 7).

Институтта сот-сараптамалық зерттеудің 35 түрі өткізіледі:

·       -1.1 Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу;

·       -1.2 Құжаттарды сот-техникалық зерттеу;

  • -3.1 Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық) зерттеу

·       -3.2 Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауыс және дыбысталған сөздерді аудитивтік және лингвистикалық зерттеу

·       - 5.1 Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу;

·       - 6.1 Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу;

·       - 7.1 Лакты-бояу материалдарын, жабындар және полимерлік материалдарды сот-сараптамалық зерттеу;

·       - 7.2 Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу;

·       - 7.3 Металдар мен қорытпаларды  сот-сараптамалық зерттеу;

·       - 7.4 Топырақтарды сот-сараптамалық зерттеу;

·       - 7.5 Талшықты материалдар және одан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу;

·       - 7.6 Спиртқұрамды сұйықтарды сот-сараптамалық зерттеу;

·       - 7.7 Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу;

·       - 8.1 Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу;

·       - 8.2 Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу;

·       - 8.3 Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу;

·       - 9.1 Шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу;

·       - 9.2 Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу;

·       - 9.3 Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу;

·       - 9.4 Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу;

·       - 10.1 Азық-түлік емес туарлардың сот-сараптамалық тауартану зерттеуі;

·       - 10.3 Сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі;

·       - 10.4 Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі;

·       - 11.1 Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу;

·       - 11.2 Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу;

·       - 12.2 Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу;

·       - 15.1 Есірткі құралдарын, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу;

·       - 17.1 Сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу;

·       - 23.1 Сот-жалпы сараптамалық зерттеу(мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылар мен басқа да тұлғалардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасы);

·        - 24.1 Сот-гистологиялық зерттеу;

·        - 25.1 Сот-биологиялық зерттеу (медициналық);

·        - 26.1 Сот медициналық-криминалистикалық зерттеу;

·        - 27.1 Сот химиялық-токсикологиялық зерттеу;

·        - 28.1 Сот-наркологиялық зерттеу;

·        - 29.1 Сот-психиатриялық зерттеу.

 

Институттың штаттық қызметкерлердің санына: басшылық (директор – 1; директордың орынбасарлары – 3) және сарапшылық құрам (сот-сарапшылары – 43, сот-медициналық сарапшылары – 44) кіреді.

 

Сот сараптамасы бойынша қысқаша тарихи мәлімет:

1975 жылдың мамыр айында ҚазССҒЗИ директорының бұйрығымен Қарағанды бөлімі ұйымдастырылды.

1998 жылдың 1 қаңтарындағы «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сараптама жүргізетін жалғыз орган ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы және оның аумақтық бөлімшелері болып табылады.

Осы реформа нәтижесінде 1997 жылы «ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы» құрылып, Қарағанды облысында оның аумақтық бөлімшесі – «Қарағанды аймақтық ғылыми-өңдірістік зертханасы» ашылды.

2012 жылдың шілдесінде зертхана Қарағанды облысы бойынша Сот сараптамасы институты болып қайта құрылды.

Құрылымы жағынан Қарағанды облысы бойынша Сот сараптамасы институты Қарағанды қаласындағы ССИ және Абай, Балхаш, Саран, Шахтинск, Теміртау қалаларында орналасқан 5 аудандардан тұрады.

«Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыру және жаңа құрылым бекітуге байланысты Қарағанды филиалының сот-медициналық сараптамасы, Қарағанды облысы бойынша Сот сараптамалары институты болып өзгертілді, және Қарағанды қаласы  Охотская 23/2 көшесінде және Мұқанова 7 мекен жайында орналасқан.

 

Медициналық сараптамасы бойынша тарихи мәлімет:

Қарағанды сот-медициналық сараптамасының облыстық бюросы 1951 жылы құрылды. Бюроның алғашқы басшысы Струтинская Маргарита Вячеславовна, ал 1953 жылдан 1986 жылға дейін Куриннов Владимир Иванович басшы болды. Сол жылдары (1966 жылға дейін) бюро жедел медициналық көмек Ауруханасының аумағындағы Крылов көшесіндегі типті мәйітхана ғимаратында орналасты.

Қарағанды медициналық институтында сот медицина кафедрасының (меңгерушісі доцент Д.Б.Лейкин) ұйымдастырылуынан кейін (01 қыркүйек 1953 жыл) бюроға дәрігер сот-медициналық сарапшылардың келуі артты. Кафедрадан шыққандар: Куриннов В.И., Китаев Ю.М., Меркин Б.В., Богославский В.Л., Браун А.В., Кирнос А.Е., Трофимова В.П., Глухов С.А., Аушев Р.А., Золотарев В.А., Мырзагулов Н.М.,Мулдашева Б.С., Акашев Г.В. және т.б. 1969 жылдан 1998 жылға дейін кафедраны профессор Самойличенко А.Н. басқарды. 1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін патологиялық анатомия және сот медицинасын медицина ғылымының докторы, профессор Тусупбекова М.М. басқарып келеді. Кафедра қызметкерлері сараптама бюросымен бірге жұмыс істеу арқылы ол ұжымның қалыптасуына үлкен үлесін қосты, жас мамандарды оқытуға барынша көмектесті.

1966 жылдан облыстық бюро зертханасы облыстық денсаулық сақтау басқармасы ғимаратына көшірілді, онда төрт бөлімше сот-биологиялық, сот-гистологиялық, сот-химиялық және физико-техникалық  орналастырылды. Сол уақыттарда бюрода сот-медициналық сарапшылар Курнев Г.В., Ченцов В.М., Богославский В.Л; биолог сарапшылар: Ченцова Т.Ф., Абрамова В.И; физик-техник сарапшылар Поповкин Г.В; химик сарапшылар: Богуславская М.И., Мишина В.И.,Витущенко Н.В., Данилова Л.Г; гистолог сарапшылар: Ковтун Э., Киселев С.В., жұмыс істеді.

1986 жылдан 1996 жылға дейін Кирнос Александр Ефимович бюро басшысының міндетін

атқарды. Бюроға жаңа сарапшылар: В.А.Рахманкулов, С.Ю.Тетрадов, Г.Л.Гнейдин, О.И.Сакович, О.А.Крюкова, А.Э.Шкутин, М.Т.Айткулов, Тютерев С., Горбач Т. келеді, аудандық бөлімшелерде Дериглазов Е., Шалина С.А. жұмыс жасайды.

1996 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта Қарағанды филиалының директоры.Золотарев В.А болды.

1998 жылы Қарағанды бюросының барлық бөлімшелері мәйітханамен бірге Охотская 23 көшесіндегі (бұрынғы облыстық тері-венерологиялық диспансерінің ғимаратына) 4 қабатты ғимаратқа көшірілді.

2011 жылы Қарағанды филиалының директоры болып Бекмаганбетов Арман Куандыкович тағайындалып, филиалдың және оның зертханасының  дамуы жалғасты, жаңа құрылғылар сатып алынып, филиалға күрделі жөндеу жүргізілді.

2015 жылдың 01 шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасы әділет Министрлігі Сот медицинасы орталығы»РМҚК құзырлығына сот-наркологиялық сараптамасы, ал 2016 жылдың 01 шілдесінен бастап сот-психиатриялық сараптамасы берілді.

«Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы» РМҚК болып қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыру және жаңа құрылым бекітуге байланысты Қарағанды филиалының сот-медициналық сараптамасы, Қарағанды облысы бойынша Сот сараптамалары институты болып өзгертілді, және Қарағанды қаласы  Охотская 23/2 көшесінде және Мұқанова 7 мекен жайында орналасқан.

 

Институт мекен-жайы: 100000 Карағанды қаласы.

Сот-сараптамалары түрлерін зерттеу бойынша ғимараты Мұқанова көшесі, 7 орналасқан.

Кеңсе тел.: 8 (7212) 77-27-11.

Факс: 8 (7212) 77-27-11.

Электронды мекен-жайыcse_karaganda@nur.kz (ссылка для отправки email).

Сот-медициналық түрлерін зерттеу бойынша ғимарат Охотская көшесі, 23/2 7 орналасқан.

Тіркеу орны тел.: 8 (7212) 41-52-21

                                   8 (7212) 79-29-59

                                   8 (7212) 79-07-11.

Факс: 8 (7212) 41-52-43.

Электронды мекен-жайы: sudmedeks@mail.ru.

Институттың Мұқанов, 7 к-сі ғимаратына өту жолының схемасы:

Институттың Мұқанов, 7 к-сі орналасқан жеріне келесі қоғамдық көліктерімен жетуге болады: Автобус маршруттары: №№ 145, 70, 53, 49.

Жақын жердегі автобус аялдамалары: «Южный дүкені», «Облыстық медициналық орталық».

 

 

Институттың Охотская, 23/2 к-сі ғимаратына өту жолының схемасы: