-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамасы институты

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША

СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ (ШЫМКЕНТ Қ.) 

 

Институт директоры: - Жанибеков Батыржан Нурмаханович

Директордың сот сараптамалары бойынша орынбасары: Орманов Дастан Сарсебайұлы

Директордың сот медициналық сараптамалары бойынша орынбасары: Кульмаханов Қайрат Ахметұлы

Директордың жалпы мәселелері бойынша орынбасары: Тасыбаев Шоқан Батырбекұлы

 

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау күні мен уақыты:

 

Жанибеков Б.Н.            Сейсенбі 11.00-ден 13.00-ге дейін

 

Орманов Д.С.                Сарсенбі 11.00-ден 13.00-ге дейін

                                         

                                         Бейсенбі 11.00-ден 13.00-ге дейін

 

Кульмаханов К.А.       Сарсенбі 11.00-ден 13.00-ге дейін

                                         

                                         Бейсенбі 11.00-ден 13.00-ге дейін

 

 

Тасыбаев Ш.Б.             Сарсенбі 11.00-ден 13.00-ге дейін

                                         

                                         Жұма 11.00-ден 13.00-ге дейін

 

ОҚО бойынша ССИ-да сараптамалардың 44 түрі жүргізіледі.

Сот сараптамалары органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесі

1.1 Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу

1.2 Құжаттарды сот-техникалық зерттеу

2.1 Сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу

3.1 "Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық) зерттеу"

3.2 "Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауыс және дыбысталған сөздерді аудитивтік және лингвистикалық зерттеу"

5.1 Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу

6.1 Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу

7.1 Лакты бояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

7.2 Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

7.4 Топырақты сот-сараптамалық зерттеу

7.5 Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

7.6 Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу

7.7 Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу

8.1 Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

8.2 Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу

8.3 Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

9.1 Шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу

9.2 Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу

9.3 Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу

9.4 Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу

10.1 Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

10.2 Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

10.3 Сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі

10.4 Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі

10.5 Дыбыстау-бейнелеу және бағдарламалық өнімдерін сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

11.1 Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу

11.2 Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу

12.2 Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

13.1 Өрт жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

14.1 Жарылыс жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

15.1 Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу

16.2 Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу

17.1 Сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу

18.1 Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу

18.2 Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу

19.1 Сот-сараптамалық экологиялық зерттеу

20.1 Гендік түрлендірілген организмдерді сот-сараптамалық зерттеу

21.1 Сот-сараптамалық дінтанушылық зерттеу

23.1 Сот-жалпысараптамалық зерттеу

24.1 Сот-гистологиялық зерттеу

25.1 Сот-биологиялық (медициналық) зерттеу

26.1 Сот медициналық-криминалистикалық зерттеу

27.1 Сот химия-токсикологиялық зерттеу

28.1 Сот-наркологиялық зерттеу

29.1 Сот-психиатриялық зерттеу

 

Институттың штаттық қызметкерлердің саны: басшылық (директор – 1; директордың орынбасарлары – 3) және сарапшылық құрам (сот-сарапшылары – 42, сот-медициналық сарапшылары – 56) кіреді.

 

Тарихы

         Қазақ сот сараптама ғылыми-зерттеу институтының Чимкент облыстық бөлімі 1977 жылы құрылған. Бөлімге жол-көлік оқиғалары туралы істер бойынша, материалдер мен заттар және олардан жасалған бұйымдардың криминалистикалық зерттеуі, есірткі құралдары және басқа да криминалистикалық сараптамалар өндірісі жүктелген болатын.

        1997 жылы Қазақ сот сараптама ғылыми-зерттеу институтының Чимкент облыстық бөлімі Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптама орталығы, сәйкесінше ҚазССҒЗИ-ның Чимкент бөлімі Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Оңтүстік Қазақстан аймақтық ғылыми-өндірістік сот сараптама зертханасы болып қайта құрылды.

            2012 жылы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптама орталығы» ММ қайта құру туралы №229 санды бұйрығы шықты. Бұл бұйрықтың негізінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптама орталығы» ММ-нің филиалдары құрылды – ҚР ӘМ Оңтүстік Қазақстан аймақтық ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасы ҚР ӘМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сот сараптамасы институты болып ауыстырылды.

            «Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы» РМҚК болып қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыру және жаңа құрылым бекітуге байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сот сараптамасы институты, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамалары институты болып өзгертілді және Шымкент қаласы, Түркістан көшесі, 65 мекен жайында орналасқан.

Медициналық сараптамасы бойынша тарихи мәлімет:

Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 23.07.1951 жылғы № 667 бұйрығына сәйкес Сот-медициналық сараптамасының республикалық бюросы құрылған болатын, сонымен қатар облыстық денсаулық бөлімшелерінің жанында Облыстық сот-медициналық бюролары құрылды. Солардың біреуі болып 1952 жылы Облыстық денсаулық бөлімшесінің жанында Оңтүстік Қазақстан  облыстық сот-медициналық бюросы құрылды.

Сот-медициналық сараптамасының Чимкент облысында құрылғаннан бері бірнеше жыл ішінде СМС бюросының сот-медициналық зертханасының ашылуына қажеттілік туындады. Денсаулық сақтау министрінің 06.04.1957 жылғы № 83 бұйрығына сәйкес, Чимкент облыстық денсаулық сақтау бөлімшесінің жанында ауданаралық сот-медициналық зертханасы құрылды. Оның даму тарихынан Оңтүстік Қазақстан облысының сот-химиялық қызметінің даму тарихын байқауға болады. Оңтүстік Қазақстан облысының сот-химиялық қызметінің негізін қалаушы және оның бірінші қызметкері болып 1957 жылы жолдама арқылы келген АММИ фармацевтика факультетінің түлегі И.Л.Бринь болған.

Зертхананың құрылуы мен жұмыс етуі алғашқыда қиын кезендерді басынан өткерді, алайда қызметтік қажеттілік оларды жеңуге көмектесті. Зертхана үшін  Екінші қалалық милиция бөлімшесінің жабдықталмаған арнайы бөлмесі бөлінген. Зертхананың қалыптасуына үлкен үлес қосқан М.И.Калинин атындағы қорғасын зауытының басшылығы болды, 3 айдан соң зертхананың жұмысы толық іске кірісті.

Зертхананың қызмет көрсету шеңберіне сот-медициналық бюросы, ЕПМ, тергеу органдары, прокуратура және Чимкент, Джамбул, Кызыл-Орда облыстары кірген.

1987 жылы сот-медициналық зертханасы Облыстық сот медициналық бюросының жаңа ғимаратынан бөлінген 9 арнайы жабдықталған бөлмелерге көшті. Зертхана үлкен қуатты сорып шығатын шкафтар, модульді жүйенің импортты жабдықтары, сарапшы-химиктер үшін арналған заманауи химиялық құрылғылармен қамтамасыз етілді.

Республика көлемінде алғашқылардың бірі болып зертхана этилды алкоголь мен оның суррогаттарын газохроматографикалық әдіспен анықтауды қолға алды. Сот-химиялық зертхана облыс көлемінде қан құрамында, шаш, тырнақ пен адам сұйықтықтарында мышьяк қалдықтарын анықтайтын жалғыз зертхана болып табылады. Бөлімше қызметкерлері денсаулық сақтау органдарына умен, карбоксигемоглобинмен, т.б.-мен улану жағдайларында және ішкі істер органдары, прокуратура, кедендік бақылау қызметкерлеріне есірткі заттарын және спирттік өнімдерге жататын жасырын тауарларын анықтау жағдайларында тұрақты түрде үлкен тәжірибелік көмек көрсетіп отырады.

Зертхана негізінде Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық академиясының студенттері жыл сайын өңдірістік тәжірибеден өтеді.

2010 жылы ҚР ДМ «Сот медицина орталығы» Оңтүстік Қазақстан филиалы, ҚР ДМ «Сот медицина орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды (ҚР ДМ «ССО» ОҚФ РМҚК).

Сот-химиялық бөлімінің қызметкерлері республикалық ЖОО-да және шет елдерінде  мамандандырылу мен кәсіби білімдерін жетілдіреді.

«Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы» РМҚК болып қайта құрылды.

Қазіргі таңда химиялық  бөлімде үлкен тәжірибелі жоғары мамандандырылған сарапшы-химиктер жұмыс атқарады. Сот-химиялық бөлімінің қызметінінің негізгі бағыттары болып келесілер болып табылады: ғылыми-зерттеу бағыты (сот химияның теориялық методологиялық мәселелері бойынша); ғылыми-методологиялық (сарапшылық кадрларды даярлау мен кәсібін жетілдіру мәселелері бойынша); ғылыми-практикалық (сот өңдірістерінің мақсатты қажеттіліктеріне арналған зерттеулерді жүргізу мәселелері бойынша).

Қайта ұйымдастыру және жаңа құрылым бекітуге байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сот сараптамасы институты, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамалары институты болып өзгертілді және Шымкент қаласы, Мауели көшесі, 9 мекен жайында орналасқан.

Институт мекен жайы: 160000, Шымкент қ.

Сот-сараптамалары түрлерін зерттеу бойынша ғимараты Түркістан к-сі, 65 орналасқан

Кеңсе тел: 8 (7252) 53-01-87

Факс: 8 (7252) 55-07-15

Электронды мекен жайы: cse_shymkent@nur.kz

Сот-медициналық түрлерін зерттеу бойынша ғимарат Мауели к-сі, 9 орналасқан 

Кеңсе тел: (7252) 32-13-14

Факс: (7252) 32-28-07

Электронды мекен жайы: sud-med-shm@mail.ru

 

Институттың Мауели көш., 9 ғимаратына өту жолының схемасы

 

Институттың орналасқан жеріне дейін қоғамдық көліктің келесі бағыттары бойынша жетуге болады: «Восход» аялдамасы - №43,76,111,116 автобустары; 21,38,68,109,145 - маршрутты таксилері. «Орталық саябақ» - № 112,17б, 60а автобустары; 77, 96 - маршрутты таксилері.