-A A +A

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАР ИНСТИТУТЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАР ИНСТИТУТЫ 

Институт директоры: Жуманбаева Бахытгуль Айтмухамбетовна

Сот сараптама бойынша директордың орынбасары: Иембергенов Бакытжан Нуриденович

Сот-медициналық сараптама бойынша директордың орынбасары: Байбулатов ТимурДалелович

Директордың  жалпы мәселелер бойынша орынбасары: Ибраимов Оспан Нуртазаевич

 

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау

Жуманбаева Б.А.Дүйсенбі  9.00 - ден 13.00 – ге дейін

Сәрсенбі 9.00 - ден 13.00 – ге дейін

Иембергенов Б.Н.               Сейсенбі 9.00 - ден 13.00 – ге дейін

Бейсенбі 9.00 - ден 13.00 – ге дейін

Байбулатов Т.                     Дүйсенбі – Жұма  15.00 - ден 18.00 – ге дейін

 

Ибраимов О.Н.                   Сәрсенбі 9.00 - ден 13.00 – ге дейін

Жұма 9.00 - ден 13.00 – ге дейін

 

Институтта сот-сараптамалық зерттеудің 26 түрі өткізіледі:

1. Құжаттардың сот сараптамасы:

Қол жазу және қол қою сараптамасы:

Құжаттарды сот-техникалық зерттеу;

2. Соттық бейнефонографиялық  экспертиза:  соттық-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу.

3. Соттық-трассологиялық зерттеу:  Соттық-сараптамалық трассологиялық зерттеу

4. Соттық-баллистикалық зерттеу:   Соттық-сараптамалық баллистикалық зерттеу.

5. Заттар мен материалдардың соттық сараптамасы:

    Лактық-сырлы материалды, жабын мен полимер материалдарды соттық-сараптамалық зерттеу;

Мұнай өнімдері мен жанар жағар майды соттық-сараптамалық зерттеу;

Металл мен құйындыларды соттық-сараптамалық зерттеу;

Жер қыртысын соттық-сараптамалық зерттеу;

Талшықты материалдар мен одан жасаған өнімдерді соттық-сараптамалық зерттеу;

Құрамында спирт бар сұйықтарды соттық-сараптамалық зерттеу;

Арнайы химиялық заттарды соттық-сараптамалық зерттеу;

6. Жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдарының сот сараптамасы:

Жол-көлік оқиғаларының мән-жайын соттық-сараптамалық зерттеу;

Көліктік-трасологиялық соттық-сараптамалық зерттеу;

Көлік құралдарын соттық-сараптамалық зерттеу.

7. Соттық-экономикалық сараптама:

Шаруашылық операцияларды соттық-сараптамалық зерттеу;

Есепшілік соттық-сараптамалық зерттеу;

Қаржы-несиелік соттық-сараптамалық зерттеу;

Қаржы бюджеттік соттық-сараптамалық зерттеу;

8. Соттық тауартанушылық сараптама:

Азық-түлікке жатпайтын тауарды соттық-сараптамалық тауартанушылық зерттеу;

Азық-түлік тауарларын соттық-сараптамалық тауартанушылық зерттеу;

Соттық-сараптамалық көлік тауартанушылық зерттеу;

Соттық-сараптамалық құрылыс тауартанушылық зерттеу;

9. Соттық құрылыстық сараптама

Ғимараттар мен құрылысты соттық-сараптамалық  құрылыс-экономикалық зерттеу;

Ғимараттар мен құрылысты соттық-сараптамалық  құрылыс-техникалық зерттеу:

10. Соттық-технологиялық сараптама:

Компьютерлік технология құралдарын соттық-сараптамалық зерттеу.

11. Соттық өрт-техникалық сараптама: Өрттің мән-жайын соттық-сараптамалық зерттеу.

Соттық-электротехникалық зерттеу.

12. Соттық жарылыс-техникалық сараптама : Жарылыстың мән жайын соттық-сараптамалық зерттеу.

13. Есірткі заттар мен психотроптық заттарды, прекурсорларды сот сараптамасы:

Есірткі заттар мен психотроптық заттарды, прекурсорларды сот сараптамалық зерттеу.

14. Соттық-биологиялық сараптама: Соттық-сараптамалық биологиялық зерттеу.

15. Соттық молекулярлық-генетикалық сараптама: Соттық-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу.

16. Соттық –сараптамалық психологтық-криминалистік зерттеу.

17. Соттық –сараптамалық психологтық-филологиялық зерттеу.

18. Соттық –сараптамалық дінтанушылық зерттеу.

19. Соттық –сараптамалық экологиялық зерттеу.

20.Соттық жалпысараптамалық зерттеу (қылмыстық істер, азаматтық және әкімшілік істер материалдары бойынша, мәйітті, жәбірленушіні, күдіктіні тағы да басқа тұлғаларды соттық-медициналық зерттеу).

21.Соттық –сараптамалық гистологиялық зерттеу.

22. Соттық-биологиялық зерттеу (медициналық)

23. Соттық медициналық-криминалистік зерттеу.

24. Соттық химиялық-токсикологиялық зерттеу.

25. Соттық наркологиялық зерттеу.

26. Соттық психиатриялық зерттеу.

Институттың штаттық тізіміне келесі қызметкерлер енді: басшы (директор – 1, директордың орынбасары – 3), сараптамалық құрам (сот сарапшылар – 38, сот-медициналық сарапшылар – 41).

Соттық сараптама бойынша қысқаша тарихи анықтама:

1975 жылы Өскемен қаласында Қазақ сот сараптама ғылыми зерттеу институтының филиалы ашылды. Брусенцев Валерий Петрович филиалдың алғашқы басшысы болды. Ұжым 6 адамнан тұрды: Бресенцев В.П. (басшы), Чуманов А.В. (ТЭД), Землянская Г.А.(КЭМВИ), Буранова Н.А. (қол жазу танушы), Шалагин А.П. (трассолог), Семенова Л.И.-хатшы. Қазақ сот сараптама ғылыми зерттеу институтының филиалы Ленин көшесі, 4(А( ғимаратта орналасқан болатын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сот-сараптамалық орталығын ашу туралы» Қаулысымен Қазақ сот сараптама ғылыми зерттеу институты базасында сот-сараптамалық орталық құрылды. Өскемендегі Қазақ сот сараптама ғылыми зерттеу институтының филиалы  Шығыс Қазақстан аймақтық ғылыми-өндірістік сот-сараптамалық  зертхана болып қайта құрылды.  Зертхана құрылған сәтте штатта 38 қызметкер болды, зертханаға Чуманов А.В. басшылық етті.

1999 жылы зертхана жетекшісі болып Кузнецов Владимир Константинович тағайындалды. 2001 жылы Вокзальная көшесінде жеке тұрған екі қабатты №39 үй оған тиесілі инфраструктурасымен берілді. Қазіргі таңда сол ғимаратта ШҚО бойынша ССИ орналасқан.

2010 жылы  ШҚ АҒӨССЗ басшысы болып Чайка Владимир Викторович тағайындалды.

2012 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сот-сараптамалық орталығы таратылғанда, Шығыс Қазақстан аймақтық ғылыми-өндірістік сот-сараптамалық  зертханасы Шығыс Қазақстан бойынша сот-сараптамалық Институты болып қайта құрылды да, институт директоры болып Мукаев Нурлан Кокенаевич тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің2017 жылғы 3 ақпандағы №34 «Сот сараптаманың кейбір мәселелері» Қаулысымен ҚР ӘМ «Сот сараптама орталығы» ММ жойылып, «сот-медициналық сараптама орталығы» АМКМ-мен біріктіріліп, кейіннен «Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің сот-сараптамалық орталығы» АМКМ болып қайта құрылды.

Қайта құрылып, жаңа құрылымның  бекітілуіне байланысты ШҚО бойынша сот-сараптамалық Институты ШҚО бойынша сот-сараптамалар институты деп аталды. Ол Өскемен қаласы, Вокзальная көшесінде, №39 үйде орналасқан (Тәуелсіздік даңғылы, 112 «А»)

 

Медициналық сараптама бойынша тарихи анықтама:

Шығыс Қазақстанның сот-медициналық сараптамасының өз тарихы бар. Алғашқы сот-медициналық сараптаманы  Өскемен қаласына 1918 жылы келген дәрігер Павлюц Л.В. 1919 жылы жүргізе бастады. Ол тірі адамдарды куәландырып, мәіттерді зерттеген. Мәйіттерді зерттейтін арнайы мәйітхана болмаған. Өлімге әкелген жарақаттары бар мәйіттер  үйде, немесе қосалқы бөлмелерде, тіпті пәтерде де сойылып, зерттелген. Сот-медициналық зерттеу жүргізуге Л.В.Павлюцке сол кезде қалада жұмыс істеген (1930-дан 1937-ге дейін) дәрігер Т.М.Алдияров көмектескен. 1937 жылы емхана жанынан сот-медициналық зерттеу жүргізуге кішкене үй берілген. Қалада тіпті «емханаға жібітуге әкетті» деген мәтел де пайда болған. Л.В.Павлюц сот-тергеу ұйымдарының өтініші бойынша облыс аудандарына шығатын болған, ал жақын маңайдан мәіттер қалаға жеткізілетін болған. Ол негізінен механикалық жарақат алғандарды зерттеген. 1943 жылдың мамырынан қалалық сот-медициналық сарапшының міндетін уақытша Алматы медицина институтында соттық медицина бойынша бір жарым айлық дайындық курсынан өткен Алматы медицина институтының түлегі Е.М.Измайлова орындаған.  Мәйіттерді сою бейімделмеген ғимаратта, сарайда жүргізілген. Әсіресе қыс мезгілінде қиын болған.  Е.М.Измайлова Қызыл Армия қатарына шақырылғаннан кейін сот-медициналық істі Л.В.Павлюц қайтадан өз қолына алды. Соғыстан кейінгі жылдары мәйіттерді собға облыстық аурухана жанынан жылытылатын арнайы бөлме берілген болатын. Ал 1950-1951 жылдары арнайы мәйітхана салынды. Осы мәйітханада медицина қызметкерлері патологоанатомдармен бірлесіп жұмыс істеді. мәйітхана арнайы жоба бойынша салынбаған, сондықтан талапқа сай болмаған. Жұмыс бөлмесінде дәрігерлер мен гистологиялық зертхана бірге болған. 1952 жылдың 20 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бөлімінің №7 бұйрығымен облыстық сот-медициналық бюросы құрылды. 1952 жыдың 20 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық еңбекшілер кеңесінің отырысында облыстық сот-медициналық бюросының штаты 15,5 бірлікте бекітті. Бюро басшысы болып В.А.Бабайцев тағайындалып, оны 1962 жылға дейін басқарды.

Сол кезден бастап, сот-медициналық қызмет облыстың денсаулық сақтау  бөлімінің реттелген бір бөлімшесі ретінде құрылды. Ол нығайып, биологиялық, фотозертхана құрылды, зерттеудің гистологиялық әдісі енгізіле бастады. Облыстың ірі қалаларына сот-медицина қазметкерлерін даярлау ісі жүргізіле бастады, олар Өскемен қаласындағы облыстық бюрода дайындықтан өтті.

1962 жылдан бюро басшысы болып В.Т.Смольков тағайындалды. Онда біртіндеп, жұмыстың көбеюіне байланысты Бюро қызметкерлерінің штаты да ұлғайды. Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарында ауданаралық бюролар ашыла бастады.

Барлық штаттқң сот-медициналық сарапшылар сот медицинасы бойынша  дәрігерлердің орталық біліктілікті арттыру институттарында (Мәскеу, Киев, Ленинград, Харьков, Алматы) қайта даярлаудан өтті.

1984 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында сот-медициналық қызметтің дамуына көп үлес қосқан  А.К. Меирбаев басшы болып тағайындалды.

А.К.Меирбаев басшылық еткен кезде Өскемен қаласындағы ШҚ филиалының бас корпусына күрделі жөндеу жүргізілді, 2-қабатына қосымша қондырма салынып, күрделі жөндеу жүргізілді, қызметтік көліктерге арналған гараж салынды.ШҚ филиалын компьютерлендіру жұмысы қолға алынып, оның материалдық-техникалық қоры нығайтыла бастады. Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен ірі қалаларын кадрлармен қамту мәселесі реттелді. Барлық аудандық бөлімшелер сот-медициналық сарапшылармен қамтамасыз етілді. Қазіргі кезде А.К.Мерибаев ШҚ филиалының ұжымында беделге ие, өнімді ебек етіп, көп жылдық тәжірибесін жас мамандарға үйретуде.

2009 жылдан 2017 жыл аралығында «ҚР ӘМ СМО» АМКМ ШҚ филиалының басшысы болып аймақта сот-медициналық сарптаманың дамуына үлкен үлес қосқан  Т.Д.Байбулатов қызмет етті. Оның басшылығы кезінде ШҚ филиалын компьютерлендіру аяқталып, материалдық-техникалық қорын дамыту жұмысы жалғастырылды. Сонымен қатар әртүрлі құрылымдық бөлімдерге жас мамандар тартылды. Ғылыми-зерттеу жұмысы да белсенді жүргізілді. 2005 жылы Т.Д.Байбулатов Барнаул қаласында медицина ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғады. Сондай ақ ШҚ филиалы қызметкерлері медицина ғылымдарының кандидаттығының 2 диссертациясын сәтті қорғады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың  3 ақпанындағы №34 «Сот сараптамасының кейбір мәселелері» Қаулысымен ҚР ӘМ «Сот сараптама орталығы» ММ жойылып, «сот-медициналық сараптама орталығы» АМКМ-мен біріктіріліп, кейіннен «Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің сот-сараптамалық орталығы» АМКМ болып қайта құрылды.

Қайта құрылып, жаңа құрылымның  бекітілуіне байланысты ШҚО бойынша сот-сараптамалық Институты ШҚО бойынша сот-сараптамалар институты деп аталды. Ол Өскемен қаласы, Ворошилова көшесінде, №149/4 үйде орналасқан .

 

 Институттың мекенжайы: 070000 Өскемен қаласы

Сот-сараптамалық зерттеулер бойынша ғимарат Вокзальная көшесінде, 39 үйде орналасқан. (Тәуелсіздік даңғылы, 112 «А»)

Канцелярия тел.: 8-(7232)52-30-94

Факс:  8-(7232)52-30-94

Электронды мекенжай: cse_oskemen@nur.kz

 

Медициналық зерттеулер бойынша ғимарат Ворошилов көшесі, 149/4 үйде орналасқан.

Регистратура тел: (7232) 78-42-17

Факс: (7232) 77-23-00

Электронды мекенжай:vostok-csm@mail.ru

Вокзальная, 39 көшесі бойынша Институт ғимаратына өту жолының схемасы (Тәуелсіздіқ данғылы, 112 «А»):

 

Институттың орналасқан ғимаратына келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады: №1, №7, №12, №19, № 39, №43, №228, № 262, №351 автобус маршруттары «Адем»  сауда үйі аялдамасы.

Трамвай мен №3 «Училище» аялдамасы.

 

Ворошилова 149/4 көшесі бойынша Институт ғимаратына өту жолының схемасы