-A A +A

АҚТОБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ

 

АҚТОБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ

 

Институт директоры: Шарипова Наталья Ивановна

Директордың сот сараптамасы бойынша орынбасары: Дюсенбаев Олжас Уразбаевич

Директордың сот-медициналық сараптамасы бойынша орынбасары:----

Директордың жалпы мәселе бойынша орынбасары: Габдульмулинов Дәурен Серікұлы

 

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау:

Ескулов А.Х.                       Дүсенбі – Жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін

 

Дюсенбаев О.У.                  Сейсенбі 9.00-ден 18.00-ге дейін

                                              Бейсенбі 9.00-ден 18.00-ге дейін

 

Габдульмулинов Д.С.        Дүсенбі – Жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін

Институтта сот-сараптамалық зерттеулердің 35 түрі жүргізіледі:

  • 1.1 жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу
  • 1.2 құжаттарды сот-техникалық зерттеу
  • 3.1 сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспатық) зерттеу
  • 5.1 сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу
  • 6.1 сот-сараптамалық балистикалық зерттеу
  • 7.1 лактыбояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу
  • 7.2 мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу
  • 7.3 металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу
  • 7.4 топырақты сот-сараптамалық зерттеу
  • 7.5 талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу
  • 7.6 спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу
  • 7.7 арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу
  • 8.1 жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу
  • 8.2 сот-сараптамалықкөлік-трасологоиялық зерттеу
  • 8.3 көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу
  • 9.1 шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу
  • 9.2 сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу
  • 9.3 сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу
  • 9.4 сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу
  • 10.1 азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі
  • 10.2 азық-түлік тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі
  • 10.3 сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі
  • 10.4 сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі
  • 10.5 аудиовизуалдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі
  • 11.1 ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу
  • 11.2 ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу
  • 12.2 Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зеттеу
  • 13.1 өртжағдайларын сот-сараптамалық зерттеу
  • 14.1 жарылыс жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу
  • 15.1 есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот-сараптамалық зерттеу
  • 18.1 сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу
  • 18.2 сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу
  • 19.1 сот-сараптамалық экологиялық зерттеу
  • 21.1 сот-сараптамалық дінтанушылық зерттеу
  • 22.1 сот-сараптамалық теміржол көліктерін зерттеу

 

Иснтитуттың штаттық қызметкерлерінің санына: басшылық (директор – 1; директордың орынбасарлары – 3) және сарапшылық құрам (сот-сарапшылары – 24, сот-медициналық сарапшылары – 34) кіреді.

 

Сот сараптамасы бойынша қысқаша тарихи мәлімет

1975 жылы Қазақ сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институтымен Ақтөбе қаласында Есет батыр көшесі (бұрынғы Киров көшесі) 89, 1-корпус 1-пәтер мекенжайы бойынша көп пәтерлі үйдің 1-қабатында орналасқан тиісті бөлім ашылды.  1975 - 1997 жылдары Қазақ сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институты тарапынан сараптамалардың бірнеше түрлері жүзеге асырылып отырды

Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау бойынша шаралар туралы» 1997 жылғы 22 сәуірдегі Қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы Орталығын құру жөніндегі» 1997 жылдың 11 тамызындағы №1245 Қаулысымен Қазақ сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институтының базасында сот сараптамалары Орталығы құрылды. 1997 жылы оның «Ақтөбе өңірлік сот сараптамасы ғылыми-өндірістік зертханасы» аумақтық бөлімшесінің құрылуы осы реформалаудың нәтижесі болды.

Ақтөбе өңірлік сот сараптамасы ғылыми-өндірістік зертханасының сот-сарапшылық қызметі баспа мәшеңкесінен, ескі құрал-жабдықтан және бір көнелеу телетайптан басталды. Ақтөбе өңірлік сот сараптамасы ғылыми-өндірістік зертханасының құрылымы Ақтөбе қаласындағы негізгі зертханадан және Шалқар, Хромтау қалаларында орналасқан 2 (екі) желілік бөлімнен тұрды. Есдәулетова Ғалия Кеңесбекқызы Ақтөбе өңірлік сот сараптамасы ғылыми-өндірістік зертханасының бірінші басшысы болып тағайындалды. Құжаттарды техникалық зерттеу, баллистикалық және трассологиялық зерттеу бойынша СЭМВ бөлімінің сарапшылары біліктілік емтихандарын тапсырған алғашқы сарапшылар болды.

Биылғы жылы сырлау жабындыларын, металдарды, экономикалық, тауартанушылық зерттеу, құрылыстық және автотехникалық зерттеу, қолтаңбаны зерттеу мен өрт-техникалық зерттеулер жүргізіле бастады. 1999 - 2010 ж.ж. Ақтөбе өңірлік сот сараптамасы ғылыми-өндірістік зертханасы 11 ықшам ауданы, Дальний 2 тұйық көшесі мекенжайында орналасты. Барлығы штатқа 20 маман мен қызметкер қабылданып, олардың көбісі зертхананың және тұтастай алғанда республикадағы сот сараптамасы жүйесінің қалыптасуына елеулі үлес қосты. Институттың сараптамалық қызметі баспа мәшеңкеден, ескірген құрал-жабдықтан және бір ескілеу компьютерден басталды. Ал қазір 19 жыл өткеннен кейін зертхана заманауи құрал-жабдықпен, жиһазбен, оргтехникамен, өндірістік қызмет үшін арнайы сарапшылық аспаптармен жарақталды, яғни нәтижелі сарапшылық жұмыс үшін барлық мүмкіндіктер жасалды.

2010 жылдың желтоқсанында ҚР Әділет министрлігі өңірлік зертхана үшін 12 шағын ауданы 30 «а» мекенжайы бойынша ғимаратты сатып алды және бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамасы институты сонда орналасқан.

«Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулымына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта құрылды.

Қайта ұйымдастырумен және жаңа құрылым бекітуімен байланысты Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамасы институты Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамалары институты болып өзгертілді.

 

Медициналық сараптамасы бойынша тарихи мәлімет:

1951 жылы Кеңес одағаның барлық аймақтарныда мемлекеттік сот –медициналық қызметті ұйымдастыру жөнінде шешім шықты. Сол бұйрыққа сәйкес облыстық денсаулық сақтау бөлімдерінен сот – медициналық сараптамасының облыстыық бюролары және Республикалық бюролар ұйымдастырылды.

1951 жылдан бастап Ақтөбе облысында тек қалалық сараптама бөлімі ғана жұмыс істеді. Ол уақытта дәрігер И.И. Бершатский және сәл кейінірек Одесса медициналық институтының бітірушісі И.И.Слизовский қызмет атқарды.

1952 жылы облыстық сот –медициналық сарапшы қызметі бөлініп шықты, ол қызметке К.Н.Карнеяш тағайындалды. Сонымен қатар жеке ғимарат бөлінді ( қазіргі облыстық аурухана ғимараты) К.Н.Карнеяш соң бұл қызметті Н.Шаяхметов атқарды, содан кейін медицина ғылымының кандидаты И.С. Зимник 1962 жылға дейін басқарды.

1956 жылы сот –медицина бюросында сот- химиялық зертхана ашылды. Оны Е.В.Патрин басқарды.

1962 жылдан бастап облыстық сот- медициналық сараптама бюросын И.И.Слизовский басқарды. Ол басқарып   отырған уақытта, яғни 1967 жылы сот-биологиялық зертхананың меңгерушісі сонымен қатар О.Е.Шпан (1989-2006 ж.ж.) Ж.Ж. Итбаев қазіргі уақытта ҚР ДСМ РМҚК «СМО» -ң сот –биологиялық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1969 жылы З.А. Булавкиннің жетекшілігімен сот- гистологиялық зертхана ашылды. Сол кезеңде сарапшы болып жұмысқа: М.С.Ким, К.А.Искиндиров. 2001 жылдан бастап гистологиялық зертхананы сарапшы- гистолог А.К.искиндирова меңгерді.

1977 жылдан 1982 жылдар аралығында сот- медициналық бюроны К.Д. Карагубенов Республикалық сот- медициналық бюроны басқарды.

1978 жылы сот- медицина бюросына физико- техникалық бөлімше ашылды.

Оныңмеңгерушісі болып Ж.Ж.Итбаев тағайындалды және бөлімшеде қосымша физико- техникалық зерттеулер жүргізіле бастады. Сол жылдары жұмысқа жас сарапшылар келді. Олар: В.М.Корнев,П.Т.Калтаев, К.Б.Бақыткалиев, Н.Мантуров, А.Н.Казанцев, А.Н.Ли, С.и.Кубенов, В.В.Стрелков, Тиричев, А.Х.Ескулов сонымен қатар, кейінгі жылдары «СМО» Ақтөбе филиалы жас сарапшылармен толықты. Олар: Ч.А.Каленов, А.М. Поляков, З.Ш.Айжанова, А.Р.Махамбетов, К.О.Байбосынов, Р.К.Сулейменов, А.С.Нургулушев.

1982-1987 жылдар аралығында сот медициналық бюроны  Искиндиров К.А. басқарды. Сол уақытта СМС бюросының материалды- техникалық базасы жақсара бастады.

1988-1997 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық бюросын В.М. Корнев басқарды. Бұл кезеңде 3 ауданаралық бөлімшелер ашылды: Шалқар (Ешниязова Б.), Қандыағаш (Кайрбаев К.), Хромтау (Р.К.Сулейменов кейін А.Р.Махамбетов ) тұрғындарына уақытылы қызмет көрсету үшін.

1997-2001  жылдар аралығында Ақтөбе облыстық бюросына В.М.Корнев басқарды.

2010 жылы Байғанин, 2011 жылы Мәртөк бөлімшелері ашылды.

2006-2009 жж. аралығында сот- медициналық орталығы Ақтөбе филиалын Р.К.Сатывалдеев басқарды. Қазіргі таңда ол ҚР ДСМ СМО-ң директорының орынбасары болып қызмет атқарады.

Ақтөбе филиалының директоры қызметін 2009-2010 жж. аралығында К.О. Байбосынов, 2010-2017 жж. Е.Б.Бузаев қызмет атқарған.

«Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулымына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта құрылды.

Қайта ұйымдастырумен және жаңа құрылым бекітуімен байланысты Ақтөбе филиалының сот-медициналық сараптамасы, Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамалары институты болып өзгертілді.

 

Институт мекенжайы:030000, Ақтөбе қ.,

Сот-сараптамалары түрлерін зерттеу бойынша ғимараты: 12 шағын ауданы, 30 «а»

Кеңсе тел.: /7132/ 23 42 90

Факс: /7132/ 23 36 40

Эдектронды мекенжайы: cse_aktobe@nur.kz

Сот-медициналық түрлерін зерттеу бойынша ғимараты: Жаңа қоныс ауылы, 158

Тіркеу орны тел.: /7132/ 24 07 83

Электронды мекенжайы: morg_aktobe_csm@mail.ru

Иснтитуттың 12 шағын ауданы, 30 «а» ғимаратына өту жолының схемасы

 

Институттың орналасқан жеріне келесі қоғамдық көліктерімен жетуге болады: №№7, 15, 22, 24, 25, 27.

Жақын жердегі автобус аялдамалары: 12 шағын аудан, 25 үй.

 

Иснтитуттың қоныс ауылы, 158 ғимаратына өту жолының схемасы

Институттың орналасқан жеріне келесі қоғамдық көліктерімен жетуге болады: №№21, 37

Жақын жердегі автобус аялдамалары: Онкологиялық аурухана.