-A A +A

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ

Институт директоры: Ертаева Гульнар Жолаушиновна

Директордың сот сараптамасы бойынша орынбасары: Байгарин Шокан Койбагарович

Директордың сот-медициналық сараптамасы бойынша орынбасары: Жилкибаков Нурлан Берлибекович

Директордың жалпы мәселе бойынша орынбасары Қалмұханбет Ерболат Сейтханұлы

 

 

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау:

 

Ертаева Г.Ж.                                                    Дүйсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

                                                                          Сәрсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

 

Байгарин Ш.К.                                                 Сейсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

                                                                           Бейсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

 

Жилкибаков Н.Б.                                              Дүйсенбі - Жұма

                                                                           15.00-ден 18.00-ге дейін

 

Қалмұханбет Е.С.                                              Сәрсенбі 9.00-ден 13.00-ге дейін

                                                                            Жұма      9.00-ден 13.00-ге дейін

Институтта сот-сараптамалық зерттеулердің 25 түрі жүргізіледі:

-1.1.«Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу»;

-1.2.«Құжаттарды сот-техникалық зерттеу»;

-3.1.«Сот-сарапатамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауыс және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық) зерттеу»;

-3.2.«Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауыс және дыбысталған сөздерді аудитивтік және лингвистикалық зерттеу»;

-5.1.«Сот сараптамалық трасологиялық зерттеу»;

-6.1.«Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу»;

-7.5.«Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу»;

-7.7.«Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу»;

-8.1.«Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу»;

-8.2.«Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу»;

-8.3.«Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу»;

-9.1.«Шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу»;

-9.2.«Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу»;

-9.3.«Сот-сараптамалық қаржы несиелік зерттеу»;

-9.4.«Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу»;

-10.1.«Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі»;

-10.3.«Сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі»;

-15.1.«Есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот-сараптамалық зерттеу».

-23.1 «Сот-жалпы сараптамалық зерттеу(мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылар мен басқа да тұлғалардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасы)».

-24.1 «Сот-гистологиялық зерттеу».

-25.1 «Сот-биологиялық зерттеу (медициналық)».

-26.1 «Сот медициналық-криминалистикалық зерттеу».

-27.1 «Сот химиялық-токсикологиялық зерттеу».

-28.1 «Сот-наркологиялық зерттеу».

-29.1 «Сот-психиатриялық зерттеу».

Институттың штаттық қызметкерлердің санына: басшылық (директор – 1, директордың орынбасарлары – 3) және сарапшылық құрам (сот сарапшылары – 15, сот-медициналық сарапшылары – 35) кіреді.

 

Сот сараптамасы бойынша қысқаша тарихи мәлімет

ҚР ӘМ ССО директоры С.Ф.Бычкованың 1998 жылғы 05 қаңтардағы бұйрығымен ҚР ӘМ Солтүстік-Қазақстан облыстық сот сараптамасының ғылыми-өндірістік зертханасынан сарапшылық топ құрылды. Сарапшылық топ Ақан-сері к., 112 орналасқан Көкшетау қалалық ішкі істер бөлімінің ғимаратындағы екі кабинетте жайғасты.

 

Көкшетау қалалық ішкі істер бөлімі, Ақан Сері к. (Пролетарская), 112

 Ертеде бұл ғимараттың екі кабинетінде ҚР ӘМ ССО Солтүстік-Қазақстан облысының СС ҒӨЗ сарапшылық тобы орналасқан

 

Солтүстік-Қазақстан облысының сот сараптамасы ҒӨЗ сарапшылық тобын Ақмола облыстық СС ҒӨЗ қайта құру туралы ҚР ӘМ ССО директорының 19.04.99 ж. №16 Бұйрығы

 

 

Сол кездегі сарапшылық топқа:

- 2 қылмыстық-сарапшы;

- 1 химиялық-сарапшы;

- 1 экономист-сарапшы кірген.

1999 жылғы 01 шілдеден, Көкшетау қаласына облыстық орталық статусын беруіне байланысты, сарапшылық топ ҚР ӘМ Ақмола облыстық СС ҒӨЗ өзгертілді. ҚР ӘМ министрі И.Рогованың 2000 жылғы 21 желтоқсандағы №579-к  Бұйрығымен зертхана басшысы болып Ертаева Гульнара Жолаушиновна тағайындалған. Зертхана Әуелбеков к., 29 жеке орналасқан ғимаратты сатып алғанша, 2006 жылғы 13 желтоқсанға дейін облыстық сот ғимаратының бірінші қабаты сол жақ қанатында орналасқан. 2012 жылғы 15 маусымда, ҚР ӘМ ССО жаңа жүйесін орнатуға байланысты, Ақмола облыстық СС ҒӨЗ Ақмола облысы бойынша  сот сараптамалары Институтына өзгертілді. Директор Б.М.Бишмановтың 2012 жылғы 18 маусымдағы №212-жк Бұйрығымен ССИ директоры болып Ертаева Гульнара Жолаушиновна тағайындалды.

 

 

 

 

Көкшетау қ. ішкі істер Басқармасы, Сәтпаев к., (Ленина), 1. Ертеде бұл ғимараттың екі кабинетінде ҚР ӘМ ССО Солтүстік-Қазақстан облысының сот сараптамасының ҒӨЗ сарапшылық тобы орын алған

 

Ақмола облыстық сотының ғимараты. ҚР ӘМ ССО Ақмола облыстықсот сараптамасының ҒӨЗ  ертеде бірінші қабаттың сол жақ қанатынан орын алған

 

 

 

ҚР ӘМ ССО Ақмола облысы бойынша сот сараптамасының ҒӨЗ  сатып алған ғимараты (Әуелбеков көшесі, 29),

жаңартудан кейін бұл жерде ҚР ӘМ ССО Ақмола облысы бойынша сот сараптамалары Институты орналасқан

 

Сот-медициналық сараптамасы бойынша тарихи мәлімет

            Кокчетав облыстық сот-медициналық сараптама бюросы 1955 жылы, жанама құжаттармен расталған, облыстық денсаулық сақтау Басқармасының жанынан құрылған.            1993 жылдың 07 қазанында Кокчетав облыстық сот-медициналық сараптама бюросы ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің Көкшетау облыстық сот-медициналық сараптама бюросы болып өзгертілді.

            1997 жылдың 03 мамырынан бастап 2001 жылдың 11 шілдесіне дейін бюро ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің сот медицина орталығы «Көкшетау сот-медициналық сараптама бюросы» Мемлекеттік мекемесіне ауыстырылды.

            2001 жылдың 11 шілдесінен бастап 2010 жылдың 13 қаңтарына дейін бюро ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің «Сот медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі Көкшетау филиалы болып ауыстырылды.

            2010 жылдың 13 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 13 қаңтарына дейін ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің «Сот медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі Көкшетау филиалы ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны деп аталған.  

            2015 жылдың 13 қаңтарынан бастап ҚР ДМ «Сот-медициналық орталығы» РМҚК ҚР әділет Министрлігінің қарамағына берілді.

            Көкшетау қаласының және облыстық сот-медициналық қызметінің жұмыс атқарған кезінде: 70-ші жылдары  Бекенов Баян Макатович, 80-ші жылдары Яковенко Юрий Александрович басшылық еткен. Бұл жылдары олардың бастамасымен: Иванков Валерий Тихонович, Иванов Николай Иванович, Иванова Нина Николаевна, Лопатина Дия Сергеевна, Иванов Валентин Николаевич, Карелин Николай Алексеевич, Егоров Владимир Павлович, Биданов Еркебай Шаменович (бүгінгі күні Бурабай ауданаралық бөлімінің басшысы), Ибраева Жупар Бейсековна (бүгінгі күні филиалдың сраптама-бақылау бөлімінің басшысы) өз ісінің білгірлері, керемет сот-медициналық сарапшылары қызмет атқарған.

1986 жылдан бастап 2012 жылға дейін сот-медициналық сараптама бюросының бастығы, соңынан филиал директоры Ибраева Жұпар Бейсековна болған. Жұпар Бейсековнаның бастамасымен мәйітхана ғимараты қайта құрылды, 1997 жылы Көкшетау қ., Уәлиханов к., 200 бойынша сот-медициналық сараптамасына жеке ғимараты сатып алынды. Басшылық атқару кезінде Ж.Бейсековна әр кез сот-медициналық сарапшылардың кәсіби деңгейлерінің өсуіне, ұжымның қалыптасуына себепші болды. Бүгінгі таңда филиалдың сараптама-бақылау бөлімінің басшысы, кадр таңдау және тәрбиелеу бойынша өзіне дейінгілердің дәстүрін жалғастыруда. Бүгінгі күні бөлімше басшылары болып отырған:  Жилкибаков Нурлан Берлибекович – сот-медициналық сұрақтары бойынша филиал директорының орынбасары, Стручинский Дмитрий Владимирович – филиалдың химиялық-токсикологиялық бөлімінің басшысы, Турсунбаев Жаскайрат Кенесович – филиалдың күрделі сараптамалар бөлімінің басшысы сияқты жас мамандардың қалыптасуына ықпал етті.

Уәлиханов к., 200 бойынша                                  Сәтпаев к., 85 бойынша

            ғимараты                                                     мәйітхана ғимараты

 

2012 жылдың 09 желтоқсанынан бастап 2017 жылға дейін «ҚР ӘМ Сот медициналық орталығы» РМҚК Көкшетау филиалының директоры Шалкарбаев Мейрам Кабдилкаримович болған.

            2017 жылы қайта ұйымдастыру болды және 2017 жылдың 05 сәуірінен бастап «ҚР ӘМ сот сараптама орталығы» ММ мен «ҚР ӘМ Сот медициналық орталығы» РМҚК біріктіру жолымен жаңадан «ҚР ӘМ Сот сараптамалар орталығы» РМҚК ұйымы құрылды, оның филиалы болып Ақмола облысы бойынша сот сараптамалар Институты табылады.          «ҚР ӘМ сот сраптамалар орталығы» РМҚК филиалы Ақмола облысы бойынша сот сараптамалар Институтының басшысы болып  Ертаева Гульнар Жолаушиновна тағайындалды.

Институт мекен жайы:

020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 29

тел./факс: 8 (7162) 26-48-90

Кеңсе: тел./факс: 8 (7162) 26-48-91

Электронды мекен жайы: cse_akmola@nur.kz

 

Сот-медициналық түрлерін зерттеу бойынша ғимарат Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Уәлиханов көшесі, 200 орналасқан.

 

телефон 8 (7162) 773045 – приемная,

770940 – Кеңсе: тел.

771024  - бухгалтерия

 

Кокшетау қ., Сатпаев көшесі 85, телефон 8 (7162) 780632

факс  8 (7162) 773045 8

Электронды мекен жайы:  kokshesudmed@mail.ru

 

 

 

Институттың ғимаратына өту жолының схемасы:

http://akmolexpert.ucoz.kz/images/akmola_karta.jpg

Институттың орналасқан жеріне келесі қоғамдық көліктерімен жетуге болады: №1, 8, 14, 113.

Жақын жердегі автобус аялдамалары: "Военкомат" / "Қанай би"

 

Институттың орналасқан жеріне келесі қоғамдық көліктерімен жетуге болады: №6, 7, 9, 14, 25.

Жақын жердегі автобус аялдамасы:  "Гастелло"