-A A +A

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ

 

 

  АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ 

 

IMG_2250

 

 

Фасад Здания ИСЭ Атырау 002

Институт директоры: Кульчиков Калыбек Сеийшович

Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау күндері: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сағ 15.00-16.00

Директордың сот сараптамасы бойынша орынбасары: Рыскалиев Бауыржан Рыскалиевич

Директорың сот-медициналық сараптама бойынша орынбасары: Капин Нурлан Бекеевич

Директордың жалпы мәселе бойынша орынбасары: Тлеугалиев Али Бисеналиевич

Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі сағ 11.00-12.00

 

Институтта сот-сарапшылық зерттеудің 33 түрі жүргізіледі:

-Сот биологиялық сараптама

-Сот гистологиялық сараптама

- Химико-токсикологиялық сараптама

- Медицина криминалистикалық сараптама

- Сот наркологиялық сараптама

-Сот психиатриялық сараптама

- Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу

- Құжаттарды сот-техникалық зерттеу

- Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық) зерттеу
- Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу.Дауыс және дыбысталған сөздерді аудитивтік және лингвистикалық зерттеу

- Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу

- Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу

- Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

- Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу

- Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу

- Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

- Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу

- Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

- Шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу

- Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу

- Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу

- Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу

- Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

- Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

- Сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі

- Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі

- Аудиовизуальдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

- Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу

- Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу

- Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және рекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу

- Өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу

- Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу

-Сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу

 

Қазіргі уақытта Институттың штат саны 45 қызметкерлерді құрайды

1. ССИ директоры -1

2.Директордың орынбасары-3

3. сарапшылық құрам (сот-сарапшылары-21, медициналық сарапшылары-20 )

 

Қысқаша тарихи анықтамалар:

 

Атырау облыстық ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасы ҚР Үкіметінің 11.08.97ж. №1245 «ҚР ӘМ «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін» құру туралы қаулысының негізінде Сот сараптамасы орталығы директорының бұйрығымен 1997 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды. 

            1998 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Атырау территориялық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 1966 жылы салынған, жалпы көлемі 630 шаршы метр болатын екі қабатты, Құлманов көшесі 156 «А» орналасқан бұрынғы малдәрігерлік-ветеринарлық зертханасы ғимаратын Сот сараптамасы орталығының ММ-нің балансына беру туралы қаулы шығарған болатын.

            Сараптама Атырауда ашылған кезде 8 сот сараптама  түрі ,13 сарапшылық мамандық бойынша жүргізілді. Қазіргі таңда  Институтта 11 сот сараптама  түрі ,27 сарапшылық мамандық бойынша жүргізілді.

2004 жылдың аяғында толығымен жабдықталған Батыс аймағындағы екінші бейнефонографиялық, 2006 жылы заманауи, кешенді арнайы құрал –жабдықтармен жабдықталған, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының құқыққорғау органдары мен соттарының қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын  молекулярлы- генетикалық сараптама ашылды. Қазір ғимараттың 4/1 бөлігін  молекулярлы-генетикалық зертхана алып отыр. 2008 жылы қазіргі заманға керек сараптамалардың бірі жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы ашылды.

Зертханаға есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сот- сарапшылық зерттеуді жоғары кәсіби деңгейде жүргізуге қол жеткізетін ИК-спектрофотометр мен Газдық хроматограф алынып, орнатылды, барлық сарапшылар дерлік дербес компьютермен қамтамасыз етіліп, жаңадан жиаздармен жабдықталып, әдістемелік әдебиеттермен  қамтылды.

2012 жылдың маусым айынан баcтап Атырау облыстық ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасы Атырау облысы (Атырау қаласы) бойынша сот сараптамасы институты болып қайта құрылды. Институтта әр түрлі санаттағы 21 сарапшы еңбек етеді..

Институт 2014 жылы ISО 9001 СМК Халықаралық стандарттқа ойдағыдой өтті.

Атырау облысы (Атырау қаласы) бойынша сот сараптамасы институтында 1997 жылдан бері басшылардың тізімі:

            1997-1998 жылдары Лапин Евгений Владимрович

             1998-2000 жылдары Исеев Болат Жарылғасұлы

            2000-2001 жылдары Горенштейн Роза Григорьевна

2001-2005 жылдары Сүлейменов Ғибрат Еркінұлы  

              2005 жылдан Шайхин Бауржан Нұрбайұлы

              2017 ж. Кульчиков Калыбек Сеийшович

 

Медициналық сараптамасы бойынша тарихи мәлімет:

Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес 1953 жылы Атырау облыстық сот-медициналық сараптамасының бюросы құрылған болатын. Бюро басшысы болып Евгения Ивановна Колотовская тағайындалды. Сот-медицинасында қызметте Ленин Орденінің кавалері Станислав Леонардович Мильчинский, Дмитрий Иванович Вертепо болған. Жалпы сол уақытта 3 дәрігер, 1 медбике, 2 санитар қызмет атқарған.

50-ші жылдары адамдарды қабылдау қалалық емхананың бір бөлмесінде жүргізілген болатын. Мәйітхана «Казахстаннефть» медсанбөлімінің ішінде орналасып, бір кабинетте сот-медициналық зертханасы (гистология), екіншісі дәрігер-сарапшылардың қолдануында болған.Іс-сапарға шығатын немесе оқиға орын алған жерге жету үшін сарапшыларда көлік болмаған.

1955 жылы бюро басшысы болып МильчинскийС.Л. тағайындалған. Осы кезеңде ГазеСемен Маркович, Шутенов Галий Валиевич сияқты мамандар жұмыс жасайды.

1956 жылдың екінші ортасында зертхана бөлімшесіне қажетті аппаратуралар, реактивтер, арнайы әдебиеттер алынады. Гистология маманы ретінде алғашқы зерттеулер жүргізген Мильчинский С.Л. болатын.

1957ж.-1961ж. аралығында Банковский, МешковВ.В., КушембаевР.К., Сарталиев Р.С., Кубенов, Джандаулов сияқты сарапшылар жұмыс жасаған.

1963 жылы бюрода алғашқы фотозертхана ашылған. Осы жылы Игначков, Камбаров сияқты сарапшылар жұмыс жасаған.

1964 жылы бюро басшысы болып Сарталиев Р.С. тағайындалған.

1987 жылы медицина ғылымының кандидаты Нуфтиев И.Н. бюроны басқарды.

1999 жылы Денсаулық сақтау министрлігі Сот медицинасы орталығының Атырау қ. филиалын Мутиева А.К. басқарды.

2009 жылы Денсаулық сақтау министрлігі «Сот медицинасы орталығы» РМҚК Атырау қ. филиалына Капин Н.Б. тағайындалған болатын.

«Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2017 жылғы 3 ақпанындағы №34 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» РМҚК оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК болып қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыру және жаңа құрылым бекітуге байланысты Атырау облысы бойынша сот-сараптама институты мен Атырау филиалының медициналық сараптамасы, Атырау облысы бойынша сот сараптамалары институты болып қайта құрылды.

Институттың мекен-жайы:

Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 156 А үй

Кеңсе тел.: 8 (7122) 20-15-53. 21-61-56

Тел./факс: 8 (7122) 21-09-75

Электронды мекен-жайы: cse_atirau@nur.kz

Институттқа жету схемасы (суретте):

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Институттың орналасқан жеріне келесі бағытта қоғамдық көліктермен жетуге болады: Сатпаев даңғылы  «Академия» аялдамасы, автобустар №№ 12; 14; 21; 30; 30А (Институт ғимараты Сатпаев даңғылындағы Халыққа қызмет көрсету орталағының № 23 үйдің артында).