-A A +A

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ

 

 

DSC03705.JPG

 

Институт директоры: Картов Мирболат Амимович

Директордың сот сараптамасы бойынша орынбасары:

Никитина Людмила Николаевна

Директордың сот-медициналық сараптамасы бойынша орынбасары:

Директордың жалпы мәселе бойынша орынбасары:

 

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау:

Картов М.А.                 Дүйсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

                                      Сәрсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

 

Никитина Л.Н.            Сейсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

                                      Бейсенбі   9.00-ден 13.00-ге дейін

Институтта сот-сараптамалық зерттеулердің 30 түрі жүргізіледі:

  •   - 1.1 жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу
  •   - 1.2 құжаттарды сот-техникалық зерттеу

·         - 2.1 сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу

  • - 3.1 Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық) зерттеу

·         - 5.1 сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу

·         - 6.1 сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу

·         - 7.7 арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу

·         - 8.1 жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 8.2 сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу

·          - 8.3 көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

·         - 9.1 шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 9.2 сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу - 9.4 судебно-экспертное финансово-бюджетное исследование

·         - 9.4 сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу

·         - 10.3 сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі

·          - 10.4 сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі

·          - 10.5 аудиовизуалдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

·         - 11.1 ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу

·          - 11.2 ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу

·         - 13.1 өртжағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

·         - 15.1 есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот-сараптамалық зерттеу

·         - 17.1 сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу

·          - 18.1 сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу

·          - 18.2 сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу

·         - 23.1 сот-жалпы сараптамалық зерттеу(мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылар мен басқа да тұлғалардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасы)

·          - 24.1 сот-гистологиялық зерттеу

·          - 25.1 сот-биологиялық зерттеу (медициналық)

·         - 26.1 сот медициналық-криминалистикалық зерттеу

·          - 27.1 сот химиялық-токсикологиялық зерттеу

·          - 28.1 сот-наркологиялық зерттеу

·          - 29.1 сот-психиатриялық зерттеу

 

 

Институттың штаттық қызметкерлердің санына: басшылық (директор – 1;

директордың орынбасарлары – 3)  және сарапшылық құрам (сот-сарапшылары – 15, сот-медициналық сарапшылары – 33) кіреді.

 

Сот сараптамасы бойынша қысқаша тарихи мәлімет:

 

1975 жылдан бастап Қазақ сот сараптамасы ғылыми зерттеу институтында сараптамалық алдын-алу жұмысы бағыты даму үстінде болды, оның құрылымы өзгерді. 1975 жылдан бастап 1978 жылға дейін Алма-ата қ. орналасқан, 6 бөлімді қамтитын, орталық аппаратынан басқа 10 облыстық бөлімше құрылды, оның бірі 1975 жылы ашылған Петропавл қ. «ҚазССҒЗИ  сот-бухгалтерлік сараптама бюросы» болып табылады. Осы жерден сарапшы ретінде Солтүстік Қазақстан облысының сот сараптама органының ең тәжірибелі қызметкері Е.Ф.Федорова өзінің еңбек жолын бастап, сарапшы болып 2004 жылға дейін қызметін атқарды.

1997 жылғы 22 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары жүйесін әрі қарай реформалау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1997 жылғы 11 тамыздағы №1245 Үкімет қаулысын орындау мақсатында Қазақ Сот сарптама ҒЗИ Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптамасы орталығы  болып өзгертілді. Осы жылы «Қазақстан Республикасы  Әділет Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық ғылыми-өндірістік сот сараптама лабораториясы» құрылды. ҚР ӘМ Солтүстік Қазақстан ғылыми-өндірістік сот сараптама лабораториясын құру Геннадий Иванович Васильевке жүктелді. Г.И.Васильев құқық қорғау органдарында мемлекет үшін аянбай қызмет етті, милиция полковнигі, отставкаға шыққан. Аталған лабораторияны құру кезінде не өз ғимаратымыз, не даярланған кадрлар, не техника, не құрал-жабдық болған жоқ. Бірінші басшымен  кадрларды даярлау және қабылдау, сараптаманы жүргізу үшін ғимаратты жабдықтау бойынша көлемді жұмыстар атқарылды. 1997 жылдан бастап           2007 жылға дейін Лаборатория СҚО Әділет бөлімінің ғимаратында орналасты. 2007 жылы Совет көшесі, 58 үй мекен-жайы бойынша орналасқан жеке тұратын ғимарат сатып алынды. 

2012 жылы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің 2012 жылғы          15 маусымындағы №229 бұйрығына сәйкес Сот сараптама орталығын қайта құруына және жаңа құрылым бекітуіне байланысты Солтүстік Қазақстан  ғылыми-өндірістік сот сараптама лабораториясы базасында «Солтүстік Қазақстан облысы (Петропавл қ.) бойынша сот сараптама орталығы» құрылды. 

2016 жылы Институт бірінші басшысы Д.Б.Аймақов күшімен жаңа ғимарат сатып алынды. Институт қызметкерлерін түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін кең және ыңғайлы жұмыс орындарымен қамтамасыз етті.  Институттың Совет  көшесі, 58 үй мекен-жайы бойынша орналасқан екінші ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізіліп,                  2 лаборатория ашылды: есірткі заттарын, психотроптық және прекурсорларды зерттеу бойынша химиялық лаборатория және  сот молекулярлық-генетикалық  сараптама лабораториясы.

«Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің       2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы» РМҚК болып қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыру және жаңа құрылым бекітілуіне байланысты «Солтүстік Қазақстан облысы (Петропавл қ.) бойынша сот сараптама орталығы» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалар орталығы болып өзгертілді, және Петропавл қаласы  Тауфик Мұхамед-Рахимов көшесі, 27 үй  мекен-жайында орналасқан.

Медициналық сараптамасы бойынша тарихи мәлімет:

Солтүстік Қазақстан облысы өзінің экономикалық дамуы жағынан аграрлық болып табылған. Осы жағдай облыс денсаулық сақтау дамуының кезеңдері мен қарқынына, сот медициналық қызметіне қоса, әсерін тигізді

         1949 жылы барлық облысқа тек қана бір қалалық сот медициналық сарапшы штаттық лауазымы болған. Ұзақ жылдар бойы аталған лауазымда төңкеріске дейін 1917 жылы жоғары медициналық білім алған И.А.Псарев жұмыс істеген.

          1952 жылы облыстық сот медициналық сараптама бюросы ашылғаннан кейін қалалық  сот- медициналық сарапшы лауазымына ҰОС қатысушы С.П.Анпилогов тағайындалды. 1961 жылдан бастап 1976 жылға дейін ол Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық бөлімінің сот-медициналық сараптама  бюросын басқарды.

Материалдық-техникалық база 1967 жылға дейін нашар жағдайда болды: бес қабырғалы ағаш шегеннің жартысы, су құбырысыз және кәрізі жоқ.

Бюро қызметкерлері аталған жағдайда орналасты, күәландырушы тұлғаларды қабылдау жүргізілді. Жұмыс жасаудың ұқсас жағдайлары жеке ғимараты – мәйітханасында да болды, салқындату камерасының қызметін мұзбен толтырылған жерқойма, ал көтергіш құралының қызметін - жіп орындады. Штатта 2 сот медицина сарапшысы, 1 мейірбике, 2 санитар болды.

1976 жылдан бастап жағдай жақсара бастады: сот медициналық сараптама бюросы жаңадан салынған облыстық туберкулезге қарсы диспансер патологиялық анатомия ғимаратына көшті.

         1981 жылы арнайы кеңестік жоба бойынша қалалық аурухана аймағында клиникалық ауруханалар үшін, ішкі көлемі 1104ш.м., патология-анатомиялық корпус салынып, пайдалануға беріліді. Аталған ғимаратта сот медициналық қызметіне 13 кабинет бөлініп берілді. Одан басқа облыстық сот медициналық сараптама бюросының балансына патология-анатомиялық корпусына қосалқы ғимарат тапсырылды. Бұл құрылымдық бөлімшелердің әрекетін қайта ұйымдастырып, кеңейтуге мүмкіндік берді.   

         1990 жылдан бастап «ҚР ӘМ СМО» РМҚК Солтүстік Қазақстан  филиалының материалдық-техникалық базасын жоспарлы түрде қайта құру жұмысы басталып, жалғасуда.  Нәтижесінде лабораториялық, жалпы сараптамалық бөлімдер базасы кеңейтілді.

Қазіргі заманға сай құрылғылар, құрал-жабдықтар сатып алынуда. Бұл сот медицина филиалында жүргізілетін сараптамалардың ғылыми дәлелділігіне, сапасына жағымды жағынан әсер етуде. «ҚР ӘМ СМО» РМҚК Солтүстік Қазақстан  филиалы әрекетінің жеткен жетістіктеріне оның басшылары Селиванов Ю.А., Базарбаев Н.А., Дюсенов С.С., Картов М.А. үлесін қосты.

2015-2016жж. нормативтік құжаттарға сәйкес «ҚР ӘМ СМО» РМҚК Солтүстік Қазақстан  филиалы құрамына сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері қосылып, жұмыс істеуде. Аталған бөлімшелер өз жұмысын қайта құру шараларының кезеңінде жүргізуде.

«Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің       2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы» РМҚК болып қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыру және жаңа құрылым бекітілуіне байланысты «Солтүстік Қазақстан облысы (Петропавл қ.) бойынша сот сараптама орталығы» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалар орталығы болып өзгертілді, және Петропавл қаласы  Тауфик Мұхамед-Рахимов көшесі, 27 үй, Абай көшесі, 43А үй, Совет көшесі, 58 үй  мекен-жайлары бойынша орналасқан.

 

Институт мекен-жайы: 150000, Петропавл қаласы

Сот сараптама зерттеу түрлері бойынша ғимарат Абай к-сі, 43А, Совет к-сі, 58

мекен-жайлары бойынша орналасқан

Кеңсе: (7152) 46-34-58

Электрондық мекен-жай: cse_petropavl@nur.kz(email)

Сот-медициналық зерттеу түрлері бойынша мекен-жай Тауфиқ Мұхамед-Рахимов к-сі, 27 мекен-жайы бойынша орналасқан

Тіркеу орны: (7152) 51-46-94

Факс: (7152) 51-46-93

Электрондық мекен-жай: skfcsm@mail.ru

Тауфик Мұхамед-Рахимов көшесі, 27 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Институт ғимаратына жүріп өту схемасы

тауфика 27

Институт ғимараты орналасқан жерге қоғамдық көліктің келесі түрлерімен жетуге болады: Автобус бағыты: № 11М, 23М, 25, 31

Жақын маңдағы автобус аялдамалары: 3 қалалық аурухана, Первомайская.

Абай көшесі, 43А үй мекен-жайы бойынша орналасқан Институт ғимаратына жүріп өту схемасы

абая 43а

Институт ғимараты орналасқан жерге қоғамдық көліктің келесі түрлерімен жетуге болады: Автобус бағыты: № 4А, 9, 11М, 20М, 25, 28

Жақын маңдағы автобус аялдамалары:  Сокол СҮ

 

Совет көшесі, 58 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Институт ғимаратына жүріп өту схемасы

советская 58

Институт ғимараты орналасқан жерге қоғамдық көліктің келесі түрлерімен жетуге болады: Автобус бағыты: №23, 25, 31

Жақын маңдағы автобус аялдамалары: Пионерская; ЖҚТБ-орталығы.