-A A +A

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ

 

 

Институт директоры: Ержанов Бахытбек Сүлейменұлы

Директордың сот сараптамасы бойынша орынбасары: Жүнісова Ақмарал Жанәліқызы

Директордың сот-медициналық сараптамасы бойынша орынбасары: Әліп Рахымжан Жұбатырұлы

Директордың жалпы мәселе бойынша орынбасары: Шакиев Ержан Каирбергенұлы

 

 

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау:

Ержанов Б.С.                Дүйсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

                                       Сәрсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

 

Жүнісова А.Ж.            Сейсенбі  9.00-ден 13.00-ге дейін

                                       Бейсенбі   9.00-ден 13.00-ге дейін

 

Әліп Р.Ж.                      Дүйсенбі - Жұма15.00-ден 18.00-ге дейін

 

 

 

Шакиев Е.К.                 Сәрсенбі   9.00-ден 13.00-ге дейін

                                       Жұма        9.00-ден 13.00-ге дейін

Институтта сот-сараптамалық зерттеулердің 41 түрі жүргізіледі:

  •   - 1.1 жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу
  •   - 1.2 құжаттарды сот-техникалық зерттеу

·          - 2.1 сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу

  •  - 3.1 Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық) зерттеу
  •  -3.2 Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауыс және дыбысталған сөздерді аудитивтік және лингвистикалық зерттеу

·          - 5.1 сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу

·          - 6.1 сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу

·          - 7.1 лактыбояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 7.2 мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 7.3 металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу

·          - 7.4 топырақты сот-сараптамалық зерттеу

·          - 7.5 талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

  •  - 7.6 спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу;
  • - 7.7  арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу
  • - 8.1 жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 8.2 сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу

·          - 8.3 көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 9.1 шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 9.2 сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу

·          - 9.3 сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу

·          - 9.4 сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу

·          - 10.1 азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

·          - 10.3 сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі

·          - 10.4 сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі

·          - 10.5 аудиовизуалдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

·          - 11.1 ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу

·          - 11.2 ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу

·         -  12.2 компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 13.1 өртжағдайларын сот-сараптамалықзерттеу

·          - 14.1 жарылыс жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

·          - 15.1 есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлардың сот-сараптамалық зерттеу

·          - 16.1 өсімдіктегі объектілерінің сот-сараптамалық биологиялық зерттеуі

·          - 16.2 малдан шығатын тегі объектілерінің сот-сараптамалық биологиялық зерттеуі

·           - 18.1 сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу

·           - 23.1 сот-жалпы сараптамалық зерттеу (мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылар мен басқа да тұлғалардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасы)

·          - 24.1 сот-гистологиялық зерттеу

·          - 25.1 сот-биологиялық зерттеу (медициналық)

·          - 26.1 сот медициналық-криминалистикалық зерттеу

·          - 27.1 сот химиялық-токсикологиялық зерттеу

·          - 28.1 сот-наркологиялық зерттеу

·          - 29.1 сот-психиатриялық зерттеу

Институттың штаттық қызметкерлердің санына: басшылық (директор – 1;

директордың орынбасарлары – 3) және сарапшылық құрам (сот-сарапшылары – 27, сот-медициналық сарапшылары – 24) кіреді.

Сот сараптамасы бойынша қысқаша тарихи мәлімет

           Қызылорда қаласында алғаш рет 1978 жылы Қазақ  сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институтының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының Қызылорда облысындағы бөлімшесі құқық қорғау, сот және прокуратура органдарына сот сараптама қызметін көрсететін зертхана болып ашылды. 

Бөлімшенің негізін қалаған бірінші басшы Ю.И.Пак 1978 жылдан 1987 жылға дейін басшылық қызмет атқарды.

Осы аталған бөлімшеде Н.М.Ким, Д.Мусина, Ю.И.Иорданиди, Э.Мелихова, Л.Нигай және С.Ақмолдаева сияқты сарапшылар өз еңбек жолдарын бастады.

Қазақ сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институтының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының Қызылорда облысындағы бөлімшесі деген атаумен қызмет атқарып келген мекеме 1982 жылы өз алдына  Қазақ сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институтының Қызылорда облыстық филиалы болып қайта құрылды.

1987 - 2000 жылдар аралығында ҚазССҒЗИ Қызылорда облыстық филиалын құқық қорғау органында қызмет атқарған Бексейіт Нұралыұлы Нұралиев басқарды.

           «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 қаулысымен Қазақ ССҒЗИ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы болып қайта құрылды.

Осының негізінде, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығы директорының 1997 жылғы 12 тамыздағы бұйрығына сай, Қызылорда облыстық ғылыми-өндірістік сот сараптама зертханасы және оның филиал құқығына ие құрылымдық бөлімшесі болып қайта құрылды.

2000 жылдың тамыз айында Орталық директорының бұйрығымен Байқоңыр және Шиелі аумақтық бөлімшелері құрылды.

2000 жылдан 2002 жылға дейін зертханаға  Базарбаев Талғат Қуанарұлы басшылық етті.

2002 жылы зертхана басшылығына Сайымбетов Әбдіғани Әбжамиұлы тағайындалды.

2002-2008 жылдары зертхана басшысы ретінде тағайындалып, 6 жыл бойы басшылық қызмет атқарған Ержанов Бақытбек Сүлейменұлы зертхананың материалдық-техникалық базасының нығаюына, білікті маман кадрлармен толықтырылуына өз үлесін қосты.

2008-2010 жылдары зертхана бастығы қызметіне әділет саласында қызмет атқарған  Белесов Әбдіғаппар Күздебайұлы тағайындалды.

2010 - 2012 жылдары зертхана бастығы қызметіне бас сарапшы, заңгер Молжанов Серік Амангелдіұлы тағайындалды.

   Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 15.06.2012 жылғы №228 санды бұйрығына сәйкес, Қызылорда облыстық ғылыми-өндірістік сот сараптама зертханасы Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамасы институты болып қайта құрылып, білікті басшы Ержанов Бақытбек Сүлейменұлы институт директоры лауазымына тағайындалып және Қызылорда қаласы, М.Саламатов көшесі, 9 А - мекен жайда орналасты.

         «Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы» РМҚК болып қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыруымен және жаңа құрылым бекітуімен байланысты Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамасы институты, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалы Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институты» болып өзгертілді және Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 43 Б және Саламатов көшесі, 9 А орналасқан.

Медициналық сараптамасы бойынша тарихи мәлімет:

Тарих  тереңіне көз  жүгіртсек  1951 жылы  Одақтық  және  Қазақ  КСР   Денсаулық  сақтау  министрліктерінің   бұйрықтарымен  Қазақ  КСР  Денсаулық  сақтау  министрлігі   жанынан  Республикалық  сараптама бюросы, ал  облыстық  денсаулық  сақтау бөлімдері    жанынан  облыстық  бағыныстағы  қалалар  мен   барлық  селолық  аудандарға  қызмет  көрсететін  облыстық  сараптама  бюролары   құрыла бастады, ал  Қызылорда   облысы  бойынша 1953 жылы  Қызылорда  облыстық  сот-медицина  бюросы  ашылып  халыққа  қызмет  көрсету  жолға  қойылды.                

Қызылорда   облысы  бойынша  алғашқы   сот-медициналық  сарапшы  болып , облыстық  денсаулық  сақтау басқармасының  орынбасары   дәрігер  В.С. Сим  жұмыс  бастаса, одан  кейін Қызылорда  облыстық  сот-медицина  бюросының  ашылуына  ықпал  жасап  және  оның  басшысы  болып 1953- 1989  жылдар аралығында   Алексей  Андреевич  Жуков  қызмет  атқарды. 

А.А. Жуковтың басшылығымен  сот-биологиялық,  сот-химиялық, сот-гистологиялық  бөлімшелері  ашылып, алғашқы бюро әрбір медицина мекемелерінде орналасып, ал 1979-1989 жылдарда №1 қалалық поликлиниканың 4 қабатында орналасқан.

           1953-1989 жылдар аралығында сот-медициналық сарапшылары:           Т.Ә Исмаилов (1975ж.-1999ж.),   А.А. Тоқбергенов (1985ж.-1995ж.), М.Жагиппаров  (1972ж.-1988ж.), Т.Уаисов (1978ж.-1985ж.)   және Қазалы аудандық бөлімшесінің  сарапшысы болып О. Қалжанов (1980ж.-1998ж. ),  еңбек етті.

1980 жылдан бастап Сырдария-Жалағаш ауданаралық сот-медицинасының сараптама бөлімшесі ашылып онда сот –медицинасы сарапшысы  Р.Ж.Әліп жұмыс жасады.

         1989-2003 жылдар аралығында Қ.Ө. Сексенов басшылық  қызмет атқарды.

1989-1994 жылдарда бюро Байсейтова көшесі 104-А ғимаратында орналасқан.

1994-1998 жылдарда  бюро Переездная  көшесі 1-А ғимаратында орналасқан.

1998 жылдан  бастап (бұрынғы З.Шүкіров көшесі № 7 үй) қазіргі Абай даңғылы 43-Б  1967 жылы салынған екі қабатты ғимаратына орналасты.

         1989-2003 жылдар аралығында жаңадан сот-медициналық жаңа сарапшылары: Ж.Қазмағанбетов(1990ж.-2012ж.)С.Тоқатаев, Қ.Құлмырзаев, М.Усманов, Б.Жолмырзаев(1994ж.-2015ж.) , Ғ.Тәжібаев(1992ж.-1997ж.) А.Тілемісов (1985ж.-2004ж.) жұмысқа қабылданды.

Қазақстан   Республикасы  Президенті   Н.Ә.Назарбаевтың  25  тамыз 2014  жылғы  №898  санды  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  басқару  деңгейлері  арасында  өкілеттіктердің  аражігін  ажырату  жөніндегі шаралар» туралы  Жарлығында  ҚР  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрлігінен  Әділет  министрлігіне  сот-медициналық, сот-наркологиялық  және  сот-психиатриялық  сараптамалар жүргізу  функциясын  берілуі  белгіленген   болатын, осы   негізде  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  30  желтоқсан   2014 жылғы № 1403  « Сот   сараптамасының  кейбір  сұрақтары  туралы»  атты  қаулысына   сәйкес , 1 қаңтар  2015  жылдан  бастап   Қазақстан  Республикасы   Денсаулық  сақтау  және  Әлеуметтік  Даму  министрлігіне қарасты «Сот   Медицинасы  Орталығы»  Республикалық  Мемлекеттік  Қазыналық  Кәсіпорын   Қазақстан  Республикасы   Әділет  министрлігінің  қарамағына  өтті.

Қызылорда облыстық  сот-медицина  бюросы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекетттік  қазыналық кәсіпорынның Қызылорда филиалы болып қайта құрылды.

          2003 ж. – 17.03.2017 ж. аралығында ҚР  Әділет  министрлігі  «Сот  Медицинасы  Орталығы»  РМҚК  Қызылорда филиалының директоры болып жоғары біліктілік  санатты  сот-медицина  сарапшысы  және жоғары біліктілік  санаттағы   қоғамдық  денсаулық сақтау (әлеуметтік  гигиена  және денсаулық сақтауды)  ұйымдастырушы Рахымжан  Жұбатырұлы  Әліп қызмет атқарды.

            «Сот сараптамасының кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №34 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығы» РМҚК болып қайта құрылды.

Қайта ұйымдастыру және жаңа құрылым бекітуге байланысты Қызылорда филиалының сот-медициналық сараптамасы, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалы Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институты болып өзгертілді және Қызылорда қаласы , Абай даңғылы 43 Б және Саламатов көшесі 9 А мекен жайында орналасқан.

Институт мекен жайы: 120000, Қызылорда қ.

Сот-сараптамалары түрлерін зерттеу бойынша ғимарат М.Саламатов көшесі, 9 А орналасқан

Кеңсе тел: (7242) 22-46-73

Факс: (7242) 22-46-74

Электронды мекен жайы: cse_k-orda@nur.kz (email жіберу үшін сілтеме)

Сот-медициналық түрлерін зерттеу бойынша ғимарат Абай даңғылы, 43 Б орналасқан 

Тіркеу орны тел: (7242) 23-76-97

Факс: (7242) 23-70-56

Электронды мекен жайы: cse_k-orda@nur.kz (email жіберу үшін сілтеме)

 Институттың Саламатов көшесі, 9 А ғимаратына өту жолының схемасы.

Институттың орналасқан жеріне келесі қоғамдық көліктерімен жетуге болады:            Автобус маршруттары: №2, №4, №12, №15, №18, №20, №23, №24, №28.

Жақын жердегі автобус аялдамалары: Ақмешіт м/а, 2-ші қиылыс.

Институттың Абай даңғылы, 43 Б ғимаратына өту жолының схемасы.

Институттың орналасқан жеріне келесі қоғамдық көліктерімен жетуге болады: Автобус маршруттары: №1, №3, №5, №11, №12, №17, №18, №20, №21, №22, №28.

Жақын жердегі автобус аялдамасы: Автоуправление.