-A A +A

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАР ИНСТИТУТЫ (ТАРАЗ Қ.)

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША

СОТ САРАПТАМАЛАР ИНСТИТУТЫ (ТАРАЗ Қ.)

http://www.sudexpert.adilet.gov.kz/sites/default/files/u9917/taraz.jpg

 

Институт директоры:  Кусканбаев  Берик  Жамалбекович

Сот сараптама бойынша орынбасары: Есбаев Аман Габитович

Сот-медициналық сараптама бойынша директор орынбасары:Утепбергенов Еркин Ашимханович 

Директор орынбасарыАбутов  Кадыржан  Джурабаевич

 

Жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау:

Кусканбаев  Берик  Жамалбекович

Дүйсенбі:        10.00 бастап 13.00 дейін

Сәрсенбі:        10.00 бастап  13.00 дейін

 

Есбаев Аман Габитович

Сейсенбі: 10.00 бастап13.00 дейін

Бейсенбі:10.00 бастап13.00 дейін

 

Утепбергенов Еркин Ашимханович

Дүйсенбі:        15.00 бастап 18.00 дейін

Сәрсенбі:        15.00 бастап 18.00 дейін

Жұма:             15.00 бастап 18.00 дейін

 

Абутов Кадыржан Джурабаевич

Сәрсенбі:  10.00 бастап 13.00 дейін

Жұма: 15.00 бастап  17.00 дейін

 

 

Институтта сот сараптамалар зерттеулерінің 40 түрі жүргізіледі:

1.1 қолтаңба және қол қоюлардың сот-сарапшылық зерттеуі

1.2 құжаттардың сот-техникалық зерттеуі

2.1 сот-сарапшылық габитологиялық зерттеу

3.1 сот- фонографиялық зерттеу. Спектральды  (құрал-саймандық) дауыстың және дыбыс шығарып сөйлеудің  зерттеуі.

3.2 сот-сарапшылық  фонографиялық зерттеу. Аудитивті және лингвистикалық дауыстың және дыбыс шығарып сөйлеудің  зерттеуі.

5.1 сот-сарапшылық  трасологиялық зерттеу

6.1 сот-сарапшылық  баллистикалық зерттеу

7.1 лак және бояу жасау материалдарының, бүркеу және полимерлі материалдардың сот-сарапшылық зерттеуі

  1. мұнай өнімі және жанар-жағармай материалдарының сот-сарапшылық зерттеуі
  2. металдар және қорытпалардың сот-сарапшылық зерттеуі
  3. жер қыртыстарын сот-сарапшылық зерттеу
  4. талшықты материалдар және олардың ішіндегі бұйымдарды сот-сарапшылық зерттеу  

7.6 спирті бар сұйықтықтардыңсот-сарапшылық зерттеуі

  1. арнайы химиялық заттардың сот-сарапшылық зерттеуі  

8.1 жол-көлік оқиғалары мән-жайларының сот-сарапшылық зерттеуі

8.2 сот-сарапшылық көлік –трасологиялық зерттеу  

  1. көлік құралдарының сот-сарапшылық зерттеуі  
  2. шаруашылық тәсілдердің  сот-сарапшылық зерттеуі  
  3. сот-сарапшылық бухгалтерлік зерттеу  
  4. сот-сарапшылық қаржы-несиелік зерттеу  
  5. сот-сарапшылық қаржы-бюджетттік зерттеу  
    1. азық-түлікке жатпайтын тауарлардың сот-сарапшылық   зерттеуі
    2. азық-түліктік тауарлардың сот-сарапшылық тауарылқ зерттеуі  
    3. сот-сарапшылық автотауарлық зерттеу 
    4. сот-сарапшылық құрылыс-тауарлық зерттеуі  
    5. дыбыс-бейне және бағдарламалық өнімдердің сот-сарапшылық тауарлық  зерттеу
    6. ғимараттардың және құрылыстардың сот-сарапшылық экономикалық зерттеуі
    7. ғимараттардың және құрылыстардың сот-сарапшылық техникалық зерттеуі
    8. компьютерлі технологиялар құралдарының сот-сарапшылық зерттеуі
    9. өрт мән-жайларының сот-сарапшылық зерттеуі
    10. жарылыс мән-жайларының сот-сарапшылық зерттеуі   
    11. есірткілік заттар, психотропты заттар және прекурсорлар  сот-сарапшылық зерттеу

18.2 психологтық-филологиялық сот-сарапшылық зерттеу

23.1 сот-жалпы сарапшылық зерттеу (мәйіттердің, жәбірленушілердің, күдіктілердің және де басқа да тұлғалардың  қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдары бойынша сот-медициналық сараптама)

24.1 сот-гистологиялық  зерттеу

25.1 сот-биологиялық зерттеу (медициналық)

26.1 сот медико-криминалистикалық зерттеу

27.1 сот  химико-токсикологиялық зерттеу

28.1 сот-наркологиялық зерттеу

29.1 сот-психиатриялық зерттеу

Институт қызметкерлерінің штаттық санына кіреді:

Жетекші құрам: директор-1, директор орынбасарлары-3;

Сарапшылық құрам: сот сарапшылар-26, сот-медициналық сарапшылар-32;

Медициналық қызметкер: орта - 21, кіші - 23;

Басқалары: психолог-1, әкімшілік-басқарушы қызметкер-8, әкімшілік-шаруашылық бөлім-9.

Сот сараптама бойынша қысқаша тарихи анықтама: 

Джамбул бөлімінің КазҒЗССИ бірінші жетекшісі О.В.Диков болды. 1991 жылдан бастап, бөлімді  Елшибеков Булат Бескенович басқарды. Ол кездері штат  бес сарапшыдан және бір зертханашыдан құралған болатын. 22 сәуір 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындаумен «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары жүйелерін ары қрай реформалау туралы» 11 тамыз 1997 жылы Үкіметтің №1245  қаулысымен Қазақ ҒЗИ сот сараптамалар Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің  сот сараптамалар Орталығы болып қайта құрылды. Сонымен бірге, елде бірыңғай сарапшылық жүйе болды.

ҚР ӘМ Сот сараптама орталығы директорының 1997жылғы 12 тамыз №10б бұйрығына сай, Тараз қаласында Каз ҒЗССИ Жамбыл бөлімі базасында сот сараптамасының  Жамбыл облыстық ғылыми-өндірістік зертханасы құрылды, оның басшысы болып  Елшибеков Булат Бескенович тағайындалды. .

2009 жылдан бастап,  2012 жылы аралығында  зертхананы Сарыпбеков Аскар Мырзагельдиевичбасқарды.

2012  жылы Сот сараптаманың Жамбыл облыстық ғылыми-өндірістік зертханасы Жамбыл облысы бойынша Сот сараптамалар Институты болып қайта құрылды. Сот сараптамалар Институтының директоры болып  Кусканбаев Берик Жамалбекович тағайындалды.

            Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03 ақпан 2017 жылғы Қаулысымен  «Сот сараптаманың кейбір сұрақтары туралы» ҚР ӘМ ММ Сот  сараптамалар орталығы таратылды, кейінірек Сот сараптамалар орталығы болып біріктірілді, сосын Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің РМҚК «Сот сараптамалар орталығы» болып қайта құрылды.

            Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалар Институтының жаңа құрылымының қайта құрылуымен және бекітілуімен байланысты, Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалар Институты болып аты өзгертілді және Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы көшесі 121 орналасқан.

Сот-медициналық сараптама бойынша тарихи анықтама.

Сот-медициналық қызметі облыстық денсаулық сақтау бөлімінің штатына кіретін,  1949 жылдан бастап,  1 сот-медициналық сарапшысы қызмет жасайтын,  кабинет базасында 1952 жылы қазан айында құрылған. Уақыт өте келе, сот сарапшылар штаты кеңейтіле бастады және сот-медициналық сараптама Жамбыл бюросы болып ұйымдастырылды. Оның қолданылуына мәйітхана және облыстық психикалық диспансер мекемесі берілді, осы уақытқа дейін сот-медициналық сараптама бөлімшесі осы аталған мекемеде орналасқан.

   Сот-медициналық қызмет өзінің қызметін шамамен  1 млн 31 мың адам өмір сүретін

Жамбыл облысы аймағында іске асырады, оның көлемі 144 мың кв.м құрайды және Мойынқұм, Қордай, Шу, Меркі, Талас, Сарысу аудандарында құрылымдық бөлімшелері  бар.

            2017 жылғы наурыз айына дейін сот-медициналық қызметін осы жылдарда басқарған:

Анисимова А, Измайлов Н.З., Брыкин В.Л., Баймуханов Б.А., (1974-1978ж.ж.), Комчатов Ю.Н. (1978-2001ж.ж.), Ескулов А.Х. (2001-2010ж.ж.), Абдраимов С.Б. (2010-2011ж.ж.), Ахметов Б.К. (2011-2014ж.ж.), Утепбергенов Е.А. (2014 жылдың наурыз айынан 2017 жыл).

Комчатов Юрий Николоаевич сот-медицина қызметіне Алма-Аталық Мемлекеттік медициналық Институтын бітіргеннен кейін  ақ 1972 жылы келді және сол уақыттан бері филиалда қызмет атқарды (бұрынырақ сот-медициналық сараптама бюросы). 1978 жылдан бастап, 2001 жыл аралығында сот-медициналық сараптама Жамбыл облыстық бюросын басқарды (бүгінде РМҚК «Сот медицина орталығының» Жамбыл филиалы). Оның жетекшілігінде бюро базасында сот медицина бойынша  15 жас маман дәрігерлер дайындықтан  ойдағыдай  өтті.

2001жылдың  наурыз айынан 2010 жылдың наурыз айы аралығында  филиал жетекшісі Ескулов Алпамыс Хожабаевич болды. Оның директор қызметіне түсуі Жамбыл облысында сот-медициналық қызметінің дамуына жаңа  айналым  берді.  Жұмыс уақыты барысында  өз ісіне кәсіби жағынан мықты және өте жақсы ұйымдастырушы болып көрсете білді, онымен филиалдың зертханашылық бөлімшелер жабдықтауы бойынша штаттық бірліктер өсуіне орасан зор  жұмыс атқарды. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2010 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің Сот медимцина орталығы директоры болып тағайындалды.

Филиалды 2010 жылдың мамыр айында Абдраимов Сабит Бектемирович  басқарды, ол 1999 жылдан бастап филиалда сот-медициналық сарапшы  қызметін атқарды. Филиал жұмыс уақыты барысында өзін сауатты маман ретінде көрсете білді, ұжымда және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында  үлкен абыройға ие болған. Бірақ, үлкен өкінішке орай,  2011 жылдың  шілде айында безмезгіл  өмірден өтті.

2011 жылдың шілде айынан бастап, 2014 жылдың мамыр айы аралығында филиал жетекшілігін Ахметов Балғын Куандыкович басқарды, осы тағайындауға дейін жалпы сараптама бөлімінде меңгеруші қызметін басқарды.

            2014 жылдың маусым айы және 2017 жылдың наурыз айы аралығында филиал директорының қызметінде Утепбергенов Еркин Ашимханович қызмет атқарды, ол 9 жыл бойы филиалдың аудандық бөлімшелерінде еңбек етті. Әр жылдары Меркі, Қордай аудандық бөлімшелерінде жетекші қызметін атқарды.

   Қазіргі  таңда,  Жамбыл облысының  сот-медициналық қызметінде үлкен еңбегі сіңген қызметкерлер -  1986 жылдан бастап,  Ким Нина Антоновна - химия-токсикологиялық бөлім жетекшісі және 1981 жылдан бастап, Тулепбергенов Бакыт Ерсаринұлы  –сот-медициналық сарапшы дәрігер қызметін атқарады, олар өздеріне және айналасындағыларға үлкен талаппен ерекшеленеді,  жоғары біліктілік категориялары бар,  өз істерінің кәсіби мамандары және жас мамандардың жетекшілері. 

 

Институт мекен-жайы

Тараз қаласы Жамбыл даңғылы  121.

Кеңсе тел. 8(7262)434625.

Факс: 434625.

Электронды мекен-жай: cse_taraz@nur.kz(ссылка для отправки email)

 

Медициналық зерттеу түрлері бойынша ғимарат мына аталған мекен-жайда орналасқан:

Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі 277

Тел/факс директор орынбасары 8(7262) 521237

Кезекші бөлімше: 8(7262) 521319

Электронды пошта мекен-жайы: ok-taraz@mail.ru

Жамбыл даңғылы 121 бойынша ғимаратқа кіру кестесі:

http://www.sudexpert.adilet.gov.kz/sites/default/files/u9917/taraz_karta.jpg

 

Институттың орналасқан жеріне дейін қоғамдық көліктермен  жетуге болады: № «29», «30», «38», «41», «23», аялдама  «Медициналық  колледж». 

А.Асқаров көшесі 277 бойынша ғимаратқа кіру кестесі

Институттың орналасу жеріне дейін қоғамдық көліктермен жетуге болады: № «11», «12», «38», «17», «23», «34», «050», «6», «47» , аялдама «Ауруханалық ке