-A A +A

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасы (Семей қ.)

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАР ИНСТИТУТЫ

 

Институт директоры: Адильханов Ғалымжан Оралович

Сот сараптамалары бойынша орынбасары: Жуманбаева Айгуль Айтмухамбетовна

Сот-медициналық сараптамалары бойынша орынбасары: Башеев Біржан Кеңесқазиевич

Жалпы мәселелер бойынша орынбасары: Мурзабекова Фаина Амержановна

 

Азаматтарды жеке сұрақтары мен мәселелері бойынша қабылдау:

 

Адильханов Ғ.О.           Дүйсенбі 9-дан 13-ке дейін

                                       Бейсенбі 9-дан 13-ке дейін

 

Жуманбаева А.А.          Сейсенбі 9-дан 13-дейін

                                       Сәрсенбі 9-дан 13-дейін

 

Башеев Б.К.                   Дүйсенбі – жұма 15-тен 18.30-ге дейін

 

Мурзабекова Ф.А.         Сәрсенбі 9-дан 13-дейін

                                       Жұма 9-да н13-дейін

 

Институтта 62 түрлі сот сараптамалық зерттеулер жүргізіледі:

1. Сот сараптамалары жүргізетін сараптама түрлері:

  • Жазу мен қойылған қол бойынша сот сараптамалық зерттеу
  • Құжаттарды сот-техникалық зерттеу сараптамасы
  • Баллистикалық зерттеудің сот сараптамасы
  • Трасологиялық  зерттеудің сот сараптамасы
  • Талшықты материалдар мен олардан жасалған  бұйымдарға  жүргізілетін сот  

            сараптамасы

  • Құрамында спирті бар сұйықтықтарға сот сараптамасын жүргізу
  • Арнайы химиялық заттарға жүргізілетін сот сараптамасы
  • Жол-көлік оқиғасы ісі бойынша жүргізілетін сот сараптамаы
  • Шаруашылық операцияларына қатысты зерттеу жүргізетін сот сараптамасы
  • Бухгалтерлік зерттеу бойынша жүргізілетін сот сараптамасы
  • Финанс-кредит бойынша зерттеу жүргізетін сот сараптамасы
  • Финанс-бюджет бойынша зерттеу жүргізетін сот сараптамасы
  • Азық-түліктік емес товарларды зерттеу  бойынша  жүргізілетін товароведтік сот  

         сараптамасы

  • Азық-түліктер  товарларын зерттеу  бойынша  жүргізілетін товароведтік сот

         сараптамасы

  • Автотоварлық  зерттеу сот сараптамасы
  • Аудиовизуалды және  жоспарлы өнімді товароведтік зерттеу сот сараптамасы
  • Ғимараттарды және құрылыстарды құрылыс-техникалық зерттеудің сот

         сараптамасы

  • Есірткілік заттар, психотропты заттар мен олардың прекурсорлары,  аналогтарына

         зерттеудің сот сараптамасы

  • Психологиялық-криминалистік зерттеудің сот сараптамасы
  • Психологиялық-пәлсафалық зерттеудің сот сараптамасы
  • Құрылыс-товароведтік зерттеудің сот сараптамасы

 

2. Жалпы сараптама бөлімі бойынша жүргізілетін сараптама түрлері:

  • Мәйітке сот медициналық сараптама жүргізу
  • Жәбірленуші, айыпталушы және басқа тұлғаларға жалпы сот сараптамасын жүргізу

3. Күрделі сараптамалар бөлімі жүргізетін сараптама түрлері:

  • Өлім себебі, оның мерзімі мен механизмін анықтау
  • Денсаулыққа келтірілген зиянды бағалау
  • Денсаулық күйін анықтау
  • Жыныстық күйлерді  анықтау
  • Басқа-да сараптамалар

4. Медиктік-криминалистикалық бөлім жүргізетін сараптама түрлері:

  • Өткір заттармен түсірілген зақымдануларды зерттеу /кесіп-шаншылған, кесілген,

         түйрелген, араланған, шабылған/

  • Оқ тиген зақымдануларға зерттеу жүргізу
  • Жарылыс кезінде алынған зақымдануларды зерттеу
  • Жеке басты айқындау зерттеуі
  • Транспорттық жарақаттарға зерттеу жүргізу

5. Химиялық-токсикология бөлімінің жүргізетін сараптама түрлері:

  • Қандағы /зәр немесе басқа-да сұйықтықтардағы/ этил спиртін анықтау
  • Биологиялық ағзалар мен тіндердегі этил спиртін анықтау
  • Алкогольдің суррогаттарын биологиялық ағзалар мен тіндерде анықтау
  • Карбоксигемоглобинді анықтау
  • Сірке қышқылын анықтау
  • Қышқылдар мен сілтілерді анықтау
  • Белгісіз уларды анықтау
  • Карбоматты пестицидтер мен фосфорорганикалық заттарды анықтау
  • Дәрі-дәрмектік заттарды анықтау
  • Психотропты заттарды анықтау

6. Сот-биология бөлімі жүргізетін сараптама түрлері:

  • қанды зерттеу
  • қанды зерттеу+ бөліністері / аралас/
  • Бөліністерді зерттеу /шәует, тер, зәр, сілекей, өт/
  • Шашты зерттеу
  • Бұлшық етті, сүйектерді зерттеу /тістер, ағзалар мен тіндер/
  • Цитологиялық зерттеу

7. Сот-гистология бөлімі жүргізетін сараптама түрлері:

  • Ішкі ағзаларды сот-гистологиялық зерттеу
  • Тірі кездегі алынған зақымданулардың  алынуы мерзімін анықтау
  • Ішкі ағзалардағы планктонды анықтау

 

8. Сот психиатриялық бөлім жүргізетін сот сараптама түрлері:

  • комиссиялық сот-психиатриялық сараптамалар
  • Комплексті сот-психиатриялық, маман-психологтың тарту арқылы жүргізілетін

         сараптама

  • Комплексті сот-психиатриялық, маман-психологтың тарту арқылы, тергеу

          әрекетінің видеожазбасы бойынша жүргізілетін сараптама

 

9. Сот-наркология бөлімі жүргізетін сараптама түрлері:

  • Маскүнемдік диагнозын анықтау
  • Есірткіге салыну диагнозын анықтау
  • Токсикомания диагнозын анықтау

 

            Институттың шаттық бірлігіне кіретін қызметкерлер:

            Басшылық құрамы  (директор-1, директордың орынбасарлары -3), сарапшылар құрамы (сот сарапшылары -10, сот медициналық сарапшылар-31).

 

             Сот сараптамасы бойынша қысқаша  тарихи анықтама:

             1988 жылы Семипалатинск қаласында Қазақ сот сараптамалар  ғылыми институтының ұйғарымымен Өскемен бөлімінің Семипалатинск тобы құрылды. Семипалатинск тобын С.К. Умергалиев басқарды. Бастапқыда штат құрамында 3-сарапшы болып, олар сот сараптамалық автотехникалық зерттеу, бухгалтерлік сот сараптамалық зерттеу, Талшықты материалдар мен олардан жасалған  бұйымдарға  жүргізілетін сот   сараптамалар түрлерін жүргізді.  1997 жылы Семипалатинск тобы, Семипалатинск секторы болып жаңадан аталып, мамандар жинау басталды. Семей қаласы  ғылыми-зертханалық сот сараптамасы Семипалатинск секторы базасында 2002 жылдың тамыз айында құрылды. Семей қаласы ғылыми-өндірістік сот сараптамалар зертханасында 14 сарапшы жұмыс атқарып, олар мемлекеттік реестрге енгізілген 21 сараптама түрлерін жүргізді. 2012 жылдың маусым айында, зертхананың аты Шығыс Қазақстан  аймақтық ғылыми-өндірістік сот сараптамалар зертханасы болып өзгертілді /Семей қ./. ШҚАҒӨССЗ /Семей қ./ қызмет көрсету аймағына мыналар кіреді: Семей қ., Курчатов қ., Бородулиха, Бесқарағай, Жарма, Үржар және Абай аудандары.

 

             Сот-медициналық  сараптама бойынша тарихи анықтамадан:

             Семипалатинск қаласында 1950 жылы облыстық сот-сараптама бюросы ұйымдастырылды. Облыстық сот-медициналық сараптама бюросының басшысы болып А.И. Муханов тағайындалды. Оның ғимараты Горький көшесі 15 орналасты. Ал, 1955-жылдан 1984 жылға дейін басшы болып Валентина Сергеевна Доценко қызмет етті. Ол барлық жалпы сараптама және гистологиялық зерттеулерді жолға қойды. Сараптама ғимараты екі қабатты, ағаш үйдің екінші қабатында болып, оның жалпы көлемі 100 ш.м., ол пешпен жылынатын, Калинин көшесі 173- үйде орналасты. Онда сот-биологиялық және сот-химиялық, гистологиялық бөлімдер орналасты. Сот-биологиялық зертхананың негізін салушы Вычугжанин Эраст Леонидович, Семипалатинск медицина институтын аяқтаған. Сот-химиялық бөлім меңгерушісі болып Вера Григорьевна Шумилова, қызмет атқарды. Сот-сараптама мәйітханасы қаланың Спортивная көшесінде орналасты, онда онымен бірге әскери және сот-медицина кафедралары орналасты. Қазіргі уақытта сот медициналық мәйітхана, 1983 жылы тұрғызылған, туберкулезге қарсы диспансер аумағында орналасқан. Жұмыс көлемінің артуына қарай, облыстық сот-сараптама бюросына 1981 жылы, Семипалатински қаласы Лени АІІБ зертханалар орналастырылды. 1982 жылы, облыстық бюроға Красноармейская көшесі, 173 үй, бұрынғы бау-бақша басқармасы  қараған, берілді.  1984 жылы, облыстық сот-медициналық сараптама бюросы бұрынғы статистика басқармасының ғимараты, ол Жданов көшесі 24 үйге көшірілді. Ол қазіргі Интернациональная көшесі, қазіргі уақытта онда СПИД орталығы орналасқан. 1997 жылы сот медициналық сараптама бюросына бұрынғы теміржол ауруханасының ғимараты берілді. Ал 1999 жылы Семей филиалы РМҚК СМО, бұрынғы қан құю орталығы ғимаратына көшті. Ол қаланың Сеченов көшесі, 3- үйде орналасқан. 1981 жылы, физико-техникалық бөлім құрылды, оның басшысы өзіміздің институт түлегі Г.Цветов, кейін оны Б.Ф. Шалағанов  басқарды. Қазіргі уақытта онда бөлім меңгерушісі Б.К. Башеев, онымен бірге институт түлегі А.М.Сарсенбенов қызмет істейді. 1982 жылы, институтты аяқтаған соң сот-сарапшы биолог Е.Б. Платаева жұмысқа қабылданып, қазір ол осы бөлім басшысы, оның қол астында сарапшы биолог болып А.Ж.Байсугурова, Г.М. Жапашеыва еңбек етуде. 1986 жылдан бастап химия-токсикологиялық бөлімге И.Ю. Мельникова келіп, қазір осы бөлім меңгерушісі болып қызмет істеуде, онда сарапшы-химиктер Л.У. Куандыкова, К.Н.Есенжулова, Г.К. Раимбекова қызмет істеуде. Ұзақ жылдар бюрода сот-химик сарапшы болып З.К.Ботвинкина, Л.И. Малышенко қызмет атқарған. 2009  жылдан бастап Семей филиалы РМҚК СМО ҚР ДСМ директоры болып Адилханов Ғ.О., қызмет атқаруда, ол өзіміздің медицина академиясының түлегі. Институтты аяқтаған соң, ол 10 жыл сот-медицина кафедрасында, м.ғ.д. Д.М. Шабдарбаеваның қол астында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта филиалда Семей медициналық академиясының түлектері Е.У. Джаксыбеков, М.С. Ожиков, С.А. Закиров, А.Т.Калиев, Е.Н. Насибуллин, С.Ж. Акемеева, А.Б. Смагулова, Е.К. Догалбаев, А.М.Ааскаров, Р.В. Иманалинов, А.Ж. Тулеубаевтар қызмет атқаруда.

            № 22 16.03.2017 ж.,  РМҚК СМО ҚР ӘМ директорының м.а. А.Алишевтің бұйрығымен Семей қаласы ССИ директоры қызметіне  Адилханов Ғ.О., тағайындалды.

            № 101 17.03.2017 ж.,  РМҚК СМО ҚР ӘМ директорының м.а. А.Алишевтің бұйрығымен Семей қаласы ССИ директорының жалпы мәселері бойынша орынбасары  қызметіне  Мурзабекова Ф.А., тағайындалды.

            № 100 17.03.2017 ж.,  РМҚК СМО ҚР ӘМ директорының м.а. А.Алишевтің бұйрығымен Семей қаласы ССИ директорының сот медицина сараптама  бойынша орынбасары  қызметіне  Башеев Б.К. тағайындалды.

            № 99 17.03.2017 ж.,  РМҚК СМО ҚР ӘМ директорының м.а. А.Алишевтің бұйрығымен Семей қаласы ССИ директорының сот сараптам мәселері бойынша орынбасары  қызметіне  Жуманбаева А.А. тағайындалды.

            Семей қаласы бойынша сот сараптамалар институты, Семей Мемлекеттік Медицина Универститетінің базасындағы сот медицина және патологиялық анатомия кафедрасымен бірлесе отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қарқында түрде айналасуды. Кафедраның  заманауи ғылыми морфологиялық зертханасы бар.

            Біріккен ғылыми іс-шаралармен қатар, Семей қаласы бойынша сот сараптамалар институты сот медицина мамандығы бойынша резиденттер дайындаумен де айналасады. Сарапшылар Адильханов Ғ.О., Башеев Б.К., Закиров С.А., Шалағанов Б.Ф., Акееемева С.Ж.; Ожиков М.С., КАлиев А.Т. және басқалары, резиденттерді үйретумен айналасады. Бұдан басқа, көптеген сарапшылар резиденттерді іс жүзінде жұмыс жасауға тәлім береді – Платаев Е.Б.; Мельникова И.Ю., Куандыкова Л.У., Джаксыбеков Е.У., Сарсенбенов А.М., Иманалиев Р.В.

            Семей қаласы бойынша сот сараптамалар институты базасында, кафедра қызметкерлері /профессор Шабдарбаева Д.М., доцен Саякенов Н.Б./ сот медицина мен патологиялық анатомиядан  мамандарды алғашқы дайындықтан өткізу жұмыстарын жүргізеді.

 

Институттың мекен-жайы: 010000, Семей қаласы

Сот-медициналық сараптама түрлері бойынша зерттеу жүргізуге сараптама ғимараты Сеченова 3 үйде орналасқан.

Канцелярия тел:

Факс:

Электронды адресі:

Регистратура, тел:

Сот- сараптама түрлері бойынша зерттеу жүргізуге сараптама ғимараты Дулатова 43 үйде орналасқан.

Факс/факс 8 (7222) 56-73-65

Электронды аддресі: cse_semei@nur.kz

Сеченов көшесі 3- үйдің ғимаратына өтудің сызбасы:

 

Институттың орналасқан жеріне келесі қоғамдық көліктерімен жетуге болады: Автобус маршруттары: №1, №5, №12, №23, №24, №35, №39, №54

Жақын жердегі автобус аялдамалары: Областық аурухана, Сеченова көшесі.

 

Дулатова 141- үйдің ғимаратына өтудің сызбасы:

Институттың орналасқан жеріне келесі қоғамдық көліктерімен жетуге болады: Автобус маршруттары: №8, №10, №11, №12, №13,  №14, №16, №37, №38, №39, №40, №21 – «Орталық» аялдама.  №3, №30, №43 - «Орталық саябақ» аялдама.

Жақын жердегі автобус аялдамалары: Агенство, Алаң, Орталық әмбебап дүкен.