-A A +A

Стандарттау және сертификаттау

Құқық үстемдігі, сот-сараптамасы қызметін халықаралық тәжірибемен үйлестіру қағидаларын жүзеге асыру тұрғысында сот сараптамасы қорытындыларының халықаралық соттарда мойындалуы, сараптама өндірісінің сапасын халықаралық деңгейге дейін арттыру өзекті мәселе болып табылады.

Аккредиттеу өнім мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қоғамдық сенімді қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибеде мойындалған тетігі болып табылады.

Сот-сараптамалық зертханаларды халыралық деңгейде үйлестірілген қағидалар мен рәсімдерге негізделіп аккредиттеу өзара сенімділік ортасын қалыптастырудағы маңызды кезең болып саналады. Сот сараптамасы саласында халықаралық аккредиттеудің басты мақсаты – отандық сот сарапшыларының құзыреттілігін растау жолымен олардың қорытындыларының халықаралық деңгейде мойындалуын қамтамасыз ету.

Сынақ зертханаларын аккредиттеу үшін бүкіл әлемде зертхананың техникалық құзыреттілігін бағалау үшін жан-жақты талаптарды айқындайтын ИСО/МЭК 17025 халықаралық стандарты қолданылады.

2015 жылы қазақстандық сот сараптама тәжірибесінде алғаш рет Орталық сот сараптамасы институты (Астана қ.) және Алматы қ. бойынша Сот сараптамасы институты ИСО/МЭК 17025 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес аккредиттелді.

Сонымен қатар, Сот сараптамасы орталығы 2011 жылы Басқару аппараты және Орталық сот сараптамасы институтының (Астана қ.), 2012 жылы Алматы қ. бойынша және Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Сот сараптамасы институттарының, 2013 жылы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Сот сараптамасы институттарының, 2014 жылы Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары бойынша Сот сараптамасы институттарының және Сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институтының, 2015 жылы Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары бойынша Сот сараптамасы институттарының және Шығыс-Қазақстан өңірлік ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасының (Семей қ.) қызметтеріне ИСО 9001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізді.

 

1. Басқарма аппараты

  1. 2. Сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институты
  2. 3. Орталық Сот сараптамасы институты (Астана қ.)
  3. 4. Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы институты
  4. 5. Қарағанды облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  5. 6. Ақтөбе облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  6. 7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  7. 8. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  8. 9. Ақмола облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  9. 10. Атырау облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  10. 11. Жамбыл облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  11. 12. Батыс Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  12. 13. Қостанай облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  13. 14. Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  14. 15. Маңғыстау облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  15. 17. Павлодар облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  16. 18. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамасы институты
  17. 19. Алматы облысы бойынша Сот сараптамасы институты20
  18. 20. Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасы (Семей қ.)