-A A +A

Сот сараптамасы орталығының ұйымдастыруымен «Шығыс-Батыс: сот сараптамасындағы әріптестік. Сот сараптамасы тәжірибесі мен теориясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Аталмыш конференция 10 жылдан астам мерзімде сот сараптамасы жүйесіндегі табысты әріптестік, ақпарат алмасу, бірлесе әрекет етудің стратегиясы мен координация механизмдерін құру және талқылау үшін таптырмас алаң атағына ие болды.

Ағымдағы жылы Конференция ШЫҰ мүше-елдердің әділет министрлерінің төртінші Кеңесі шеңберінде Қазақстан Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен өткізіледі.

Конференция жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстанның, ШЫҰ мүше-мемлекеттеріндегі сот-сарапшылық мекемелердің басшылары мен жетекші сарапшылары, сонымен қатар, Әзірбайжан, Армении, Беларусь, Вьетнам, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина және басқа да елдердің көрнекті ғалымдары қатысты.

Конференция барысында ШЫҰ мүше-мемлекеттеріндегі сот сараптамасы мекемелерінің Еуразиялық Ассоциациясының Ережелерінің презентациясы өтті. 28 қазанда бұл құжатқа ШЫҰ мемлекеттерінің Әділет министрлерінің төртінші Кеңесі шеңберінде қол қою жоспарланған.

Екі күн аралығында Кеңес алаңында ШЫҰ мүше-мемлекеттеріндегі сот сараптамасы мекемелерінің Ассоциациясын құру мәселесі талқыланады.

Ассоциацияны құру Қазақстан Республикасы Әділет министрілігі Сот сараптама орталығының ұсынысы бойынша жүзеге асырылмақ.

Аталмыш Ассоциация сот сарапшылық мекемелердің қызметін ұйымдастыру, заманауи зерттеу әдістерін жасау және енгізу, сонымен қатар сот-сарапшылық қызметті қадағалайтын нормативті-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша консультативті-кеңесші орган болады деп күтілуде.

Қатысушылармен амандасу барысында Сот сараптамасы орталығының директоры Исидор Борчашвили Конференцияны Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын қарсаңында өткізу маңыздылығын атап өтті.

Өз баяндамасында ол – «Жиырма бес жыл бұрын Біз өзіндік, қазақстандық даму жолын бастадық. Бұл халқымыздың өз тағдырын өзі шешетін егеменді құқыққа қол жеткізудің, тарихи әділдіктің белгісі болып табылады. Осы жылдар аралығында біздің елімізде аса ауқымды өзгерістер орын алды. Әрине, заманауи Қазақстанның жетістіктері Тұңғыш Президентіміздің есімімен, оның саяси шешімдерімен, Қазақстанды экономикалық тұрғыда әлеуетті, демократиялық-құқықтық мемлекетке айналдыру барысындағы зор еңбегімен тығыз байланысты» деп атап көрсетті.    

Сонымен қатар, И.Борчашвили Мемлекет Басшысының елді дамытудағы ауқымды идеяларының ондаған жылдарға жоспарланған Бағдарламалық құжаттарының аса маңызды рөлін де атап көрсетті.

Президентпен Ұлт Жоспарында атап өтілген заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделері мен конституциялық құқықтарын қорғау көп жағдайда Сот сараптамасы Орталығының қызметімен де байланысты.

- Бізбен жүргізілген талдау, сот сарапшыларының 90% астам қорытындылары азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық материалдарын тергеу барысында негізгі айғақтық базасы негізіне енгізілді – деп көрсетті И.Борчашвили.

Сонымен қатар Сот сараптамасы орталығының қызметінің 2014-2020 жж. Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін модернизациялау Мемлекеттік бағдарламасының ережелерінің жүзеге асырылуы өзекті мәселелеріне тоқталды. 

Орталық қызметкерлерінің күшімен «Қазақстан Республикасындағы сот-сарапшылық қызмет туралы» Заңының жобасы жасалды, ол қазір Мәжілісте қаралуда. Заң проектісі сарапшылық функцияларды орталықтандыруды көздейді. Яғни, Денсаулық сақтау министрлігі құзырындағы сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды жүргізу функцияларын Әділет министрлігіне беру, сот-сарапшылық қызметтің міндеттерін арттыру, жеке сот сарапшылары институтын дамыту, оның қызметін қадағалайтын сот сарапшылары Палатасын құру болып табылады.

Орталықтың қызметінің аса маңызды бағыты - сот-сарапшылық лабораторияларды аккредитациялау,  сот сарапшыларын халықаралық деңгейде таныту болып табылады. 2015 ж. желтоқсанында Қазақстан сот-сарапшылық практикасында тұңғыш рет ИСО/МЭК 17025 халықаралық стандарты бойынша аккредитация енгізілді

Аккредитацияның тәжіребилік лабораториясы есебінде трасологиялық-баллистикалық сараптамасы, құрамында спирті бар сұйықтықтарды зерттеу және т.б. түрлері бойынша Орталық сот сараптамасы институты (Астана қ.) Алматы қ. бойынша сот сараптамасы институты өтті.

Сапа стандартын енгізу жұмысы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы зертханаларда жүргізілуде.

Талқылау барысында әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен сот сарапшыларының біліктіліктерін көтеру мәселелеріне назар аударылды.

Біздің сарапшылардың нәтижелі ғылыми-зерттеушілік жұмыстарының арқасында 2015 жылы сот сараптама түрлерінің Тізіміне сараптаманың жаңа екі түрі енгізілді: «Техногенді апаттардың (теміржол транспортын сот-сарапшылық зерттеу) сот сараптамасы» және «Сот дінтанушылық зерттеу».

Сонымен қатар, 2014 жылы Мемлекеттік реестрге 26 жаңа және жаңғыртылған сот-сарапшылық зерттеу әдістемесі енгізілді. 2015 жылы 17 жаңа сот-сарапшылық зерттеу әдістемесі жасалынды. 2016 жылға 12 әдістеме мен 3 әдістемелік рекомендация жоспарлануда.

Бүгінгі күнде Сот сараптама Орталығымен тауарлық белгілер мен тауардың шығарылу орны, жолдардың техникалық күйі, ЖКО орнындағы жол жағдайы, сонымен қатар, құмар ойындары объектілері бойынша сараптама өндірістері бойынша зерттеу жүргізумен байланысты жаңа міндеттер қойылды.

Бүгінгі күндегі сот-сарапшылық қызметтің күйі мен оның даму перспективасын талқылай келе, қатысушылар практикалық рекомендациялар құрды. ШЫҰ мүше-мемлекеттерлегі сот сараптамасы мекемелерінің Еуразиялық Ассоциациясын құру бойынша жұмысты жалғастыру, сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін дамыту мен сақтауды, сот-сарапшылық қызмет саласындағы сертификация, аккредитация, стандартизация тәжірибесімен бөлісу, сарапшылардың біліктілігін арттыру және оқыту мәселелері бойынша бірлесе қызмет атқару, тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету жайлы өзекті мәселелер толық қолдау туралы шешім қабылданды

ҚР ӘМ Сот сараптама Орталығы