-A A +A

Сот сараптамасы орталығы «Компьютерлік технология құралдары сот-сараптамасының өзекті мәселелері» тақырыбына ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

Семинардың жұмысына ҚР ӘМ ССО, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының, сондай-ақ Астана қ. соттарының өкілдері қатысты.

Семинапрға қатысушылар компьютерлік технология құралдарының сот-сараптамасындағы қиындықтарды, қазіргі жағдайы мен оны дамытудың болашағын егжей-тегжейлі қарастырды.

Атап айтқанда, компьютерлік технология құралдары сот-сараптамасының материалдарын дайындау, тағайындау мен жүргізудің, сондай-ақ қылмыстық істерді тергеу аясында құмар ойындарды жүргізу үшін пайдаланылатын электрондық терминалдарды (ойын автоматтары мен лотерея жабдықтарын) зерттеу жөніндегі мәселелер кең талқыланды.

Сот сараптамасы орталығының директоры И.Борчашвили семинар жұмысын аша отырып, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2016 жылдың 8 айында компьютерлік технология бойынша келіп түскен сараптамалардың саны 39,3% артқанын хабарлады.

Бұл ретте, «Компьютерлік технология құралдарының сот-сараптамасы» мамандығы бойынша сараптамалардың көбін ҚР ҚМ МКК, ішкі істер органдары мен ҚР ҰҚК тағайындаған.

Кездесу барысында сараптаманы жүргізу кезінде өте жиі кездесетін сұрақтар мен материалдарды орындаусыз кері қайтарудың себептері талданды.

Орталық директоры, өтініш-талаптарды қанағаттандырмау; сараптамаға жолданатын материалдарды ресімдеудің процессуалдық тәртіптерін бұзу; сот сарапшысы құзыретінің шегінен тыс шығатын сұрақтарды қою материалдарды орындаусыз кері қайтарудың негізгі себептері екенін түсіндірді.

Директор сарапшының құзыретіне жатпайтын сұрақтар туралы айта отырып, қазіргі уақытта құмар ойындардың объектілері бойынша компьютерлік технология құралдарының сот-сараптамасын, атап айтқанда ойын автоматтары мен лотерея жабдықтарын зерттеуге арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеудің қажеттілігі туындағанын атап өтті.

Атап айтқанда, ойын бизнесінде пайдаланылатын аппартаттық-компьютерлік кешендердің тұақты түрде жаңғыртылып отыруына байланысты, объектілерді зерттеу барған сайын қиындай түсуде.

Сот сараптамасы орталығы сарапшы-компьютершілердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін нақты шараларды жүйелі негізде жүргізіп отырады. Яғни, Орталық сарапшылары РФ ӘМ Ресей Федералдық Сот сараптамасы орталығының базасында біліктілікті арттыру курсынан, Алматы қ. ЕҚЫҰ ұйымдастырған компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу бойынша оқытудан өтті, сондай-ақ Мәскеу облысының Ногинск қ. өткен «ЭЕМ арналған бағдарламаларға авторлық құқықты бұзуға қатысты қылмыстық істер бойынша зерттеулер мен сараптамаларды жүргізу» тақырыбындағы оқу-тәжірибелік семинар-тренингтің жұмысына қатысты.

Ғылыми-тәжірибелік семинардың шеңберінде сындарлы диалог өтті, оның нәтижесі бойынша қатысушыларға пісіп жетілген қиын мәселелерді қарастыруға және Сот сараптамасы орталығының нормативтік және әдістемелік базасын құқық қорғау органдарымен және соттармен үйлестіруге бағытталған бірлескен ұсынымдарды дайындауға қол жеткізілді. Осылайша тараптар, компьютерлік технологиялардың сот сараптамасын жүргізуді дамыту үшін өз ұсынымдары мен ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беретін бірлескен семинарларды, біліктілікті арттыру курстарын өткізу тәжірибесін жалғастыруға ниеттерін білдірді. Мұнымен қатар, ойын бизнесінің объектілері бойынша компьютерлік технологиялардың сот сараптамасын жүргізуге арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу туралы шешім қабылданды.

ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы