-A A +A

Сот сараптамасы орталығы Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтында «Қазақстанда жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдары сот сараптамасының қазіргі күйі, мүмкіндіктері мен даму келешегі» тақырыбына Республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті

Семинар жұмысына мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының, Алматы қаласы мен Алматы облысы Ішкі істер департаментінің, Алматы қаласы Прокуратурасының, ҚР ӘМ СМО Алматы филиалының өкілдері, ҚР ӘМ ССО аумақтық бөлімшелердің ЖКО мен КҚ сот сараптамасы бағытындағы сот сарапшылары, лицензия негізінде қызметті жүзеге асырып жатқан сот сарапшылар, Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтының басшылары мен сот сарапшылары қатысты.

Семинарды өткізу мақсаты Қазақстанда жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдары сот сараптамасының  қазіргі күйі, мүмкіндіктері мен даму келешегінің проблемалық мәселелерін талдау болды. Семинар барысында қатысушылар ҚР ӘМ ССО-ның жекелеген аумақтық бөлімшелерінде тағайындалатын жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдарының сот сараптамасының едәуір көбейгенін атап өтті.

Сарапшылардың біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастыру, осы сот сараптамасын түрін әдістемелік қамтамасыз ету және жол-көлік құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша шетел сарапшыларымен теориялық және практикалық білімдермен алмасу өзекті болып табылады.

Семинарға қатысушылар жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдарының сот сараптамасын жетілдіру, сарапшылық тәжірибеге сот-сарапшылық зерттеудің жаңа әдістемелерін енгізу мен әзірлеу және қолдағы бар әдістемелерді өзектендіру бойынша әрі қарай жұмыс жүргізу, сондай-ақ сарапшылық тәжірибеге жаңа заманауи бағдарламалық өнімдер мен құрал-жабдықтарды енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, сот автожол сараптамасын дамыту, ЖКО орнындағы жол жағдайларын зерттеу бойынша жұмыс жүргізу жобаланды.

Сондай-ақ, жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдары сот сараптамасын тағайындау кезеңінде материалдарды дайындау кезде туындайтын проблемалық мәселелерді қазіргі уақытқа сай талқылау үшін  құқық қорғау органдарымен, арнайы органдар және соттармен бірлескен семинарлар ұйымдастыру қажеттілігі мен өзектілігі атап өтілді.

ҚР ӘМ ССО аумақтық бөлімшелердің сарапшылар өткізген сарапшылық тәжірибені жинақтап қорыту барысында жол-көлік оқиғалары құқық бұзушылығын жасауға мүмкіндік туғызатын бірқатар себептер мен жағдайлар анықталды, ал бұл нақты ұсыныстар әзірлеу мен уәкілетті органдарға ақпараттық хаттар бағыттау жолымен ЖКО-ның алдын алу бойынша сот сарапшыларының жұмысын белсендіруге мүмкіндік береді.

 Семинардың қорытындысы бойынша оған қатысушылар нақты іс-шаралар тізбесінен тұратын ұсыныстар әзірледі, оларды өткізу жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдарының сот сараптамасын әрі қарай табысты дамуын қамтамасыз етеді, ҚР ӘМ ССО сот сарапшыларының Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнайы органдары және соттармен өзара іс-әрекеттерін нығайтуға мүмкіндік жасайды.