-A A +A

Сот сараптама орталығының қызметкерлері ҚР ІІМ Академиясында (Алматы қ.) «Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-әрекет проблемалары: отандық және халықаралық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жумысына қатысты.

Конференция жұмысына халықаралық ұйымдардың, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері, Қазақстанның оқу мекемелерінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, қоғамдық қор өкілдері, сондай-ақ ҰҚК полиция Академиясының делегациясы қатысты.

Сонымен қатар, Сот сараптамасы орталығы тарапынан аталған конференцияға Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтының бас сарапшысы Н.Ә.Әбішева мен Орталық сот сараптамасы институтының жетекші сарапшысы Д. Рабилов қатысты.

Конференцияда терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің формалары мен әдістерін жетілдіру, қазіргі кезеңде жеке дара террористердің  террорлық актілерді жасаына жағдай жасайтын мәселелер талқыланды.

Н.Әбішева өзінің «Террористің психологиялық портреті» атты баяндамасында жеке адам террористік типтің қалыптасуының психологиялық аспектілерін, олардың іс-әрекеттерінің  себептері мен уәждерін айтып берді және  терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің шараларын ұсынды. Сонымен қатар, ол осы құқық бұзушылық түрімен байланысты істерді тергеу кезінде филология, психология және дінтану саласында арнайы ғылыми білімдерді пайдаланудың қазіргі мүмкіндіктері туралы мәселені жеке көтерді.

Осы халықаралық конференцияға сот сарапшыларының қатысуы терроризм мен экстремизмнің алдын алу және болдырмауға қатысушы ұйымдармен тығыз ынтымақтастық құруға мүмкіндік беретін болады.