-A A +A

Сот сараптама орталығымен «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасының шеңберіндегі жеке сот сараптамасы институтын дамыту» дөнгелек үстел өткізілді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетімен, «Нұр Отан» партиясының Құқықтық кеңесімен бірлесе отырып, Еуропалық одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қолдауымен ұйымдастырды.

Отырыс жұмысына Сот сараптамасы орталығының директоры И.Ш. Борчашвили, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы С.Ф. Бычкова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Еуропалық одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының жетекшісі Уильям Ирвайн, Орталықтың қызметкерлері, лицензиаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, соттардың, нотариалдық палата және адвокаттар алқасының өкілдері, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысты.

 Дөнгелек үстел жеке сарапшылар институтын дамыту және ынталандыру саласындағы пікір алмасу жөніндегі пікірталас алаңына айналды.

Кездесу барысында «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Заң жобасы, оның ішінде Жеке сот сарапшыларының палатасын құруды және оның одан әрі жұмыс істеуін көздейтін нормалары кеңінен талқыланды.

Сот сараптамасы орталығының директоры құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында көрсеткен стратегиялық бағыттарды іске асырудағы сот сараптамасының маңыздылығын атап көрсетті.

- Заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі ерекше роль сот сараптамасы органдарына берілген, себебі азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімділігі соттарды нанымды және бұлтартпайтын дәлелдермен қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыруда мемлекеттік емес сараптама қызметінің кеңеюі мен қалыптасуы Қазақстанның сот-сараптамасы жүйесі дамуының өзекті ағымы болып табылады. Жеке сарапшылар институты мемлекеттік секторға балама болуға және сот-сараптамасы тәжірибесіндегі жарыспалылықты қамтамасыз етуге тиіс, - деді  И. Борчашвили.

Лицензияланған сарапшылар заң көмегін көрсетудің заманауи сегментінде сұранысқа ие. Жеке сот сарапшыларының институтын дамыту мемлекеттік сарапшылардың қазіргі жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Және де, жеке сараптама мемлекеттік сараптамаға бәсекелестік құра отырып, оның жұмысының сапасын көтеруге тиіс екенін ескеру қажет.

Бұл жағдайды халықаралық тәжірибе көрнекі көрсетіп отыр. Еуропа мен Америкада сараптаманы негізінен мемлекеттік емес мекемелер жүргізеді.

Қазіргі кезеңде азаматтық қоғамда сот-сараптама қызметін мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асыратын, сот сараптамасының мемлекеттік органдарының сот-сараптама қызметіне баламалы құрамдасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сот сарапшыларының білікті, тәжірибелі корпусы қалыптасқан.

Алайда, жеке сарапшылардың жұмысын оңтайландыру және оларды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуді, бірыңғай ұйым – Сот сарапшыларының палатасын құру мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» жаңа Заң жобасында Жеке сарапшылардың палатасын құру көзделген.

Палатаның өкілеттігі мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға; көмек көрсетуге және сот-сараптама қызметін дамытуға жәрдемдесуге; өз мүшелерінің сараптаманы жүргізу кезінде сот-сараптама қызметі туралы заңнаманың талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сот сарапшыларының палатасы коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым нысанында болжанып отыр, осыған байланысты мүше болу мүшелік жарналарды енгізуді көздейді.

Бүгінде Әділет министрлігінде жарыспалы сот-сараптама ортасының деңгейін арттыру және лицензиаттар қызметінің тиімділігін көтеру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.

Жеке сот сараптамасы саласын жетілдірудің айрықша назар аударуды талап ететін маңызды аспектілері лицензиаттар санын ұлғайту мен олардың біліктілігін кеңейту; әдістемелік және практикалық көмек көрсету; сондай-ақ олардың құқық қорғау органдарымен және соттармен қызметін үйлестіру болып табылады.

Осыған байланысты ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығының саясаты лицензияланған сарапшылардың қиындықтарын зерделеуге және сот-сараптама қызметінің мемлекеттік емес секторын дамытуды қолдауға бағдарланған.

Сонымен бірге, Орталық пен лицензиаттардың жеке сот сараптамасы институтының келелі мәселелерін шешудегі өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған шаралар қабылдануда.

Орталық пен аумақтық бөлімшелерде өз қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын сарапшылармен өзара ынтымақтасу және оларды белсенді түрде тарту жөніндегі жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Отырысқа қатысушылар, сот-сараптама қызметінің мемлекеттік емес секторының Сот сарапшылары палатасын құру мемлекеттік емес сарапшылардың қызметін шоғырландыратынын, лицензиаттардың мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда құқықтары мен заңды мүдделерін лайықты білдіруді және қорғауды жүзеге асыратынын атап өтті. Бұнымен қатар, мемлекеттік емес сот сараптамасы нарығының зор әлеуеті де аталып өтті, болашақта мемлекеттік емес лицензияланған сарапшылар қауымдастығынан сот процесіне қатысушылардың барлығына да қол жетімді және тиімді болатын, сот сараптамасының мемлекеттік органдарына лайықты баламаны көруге болады.

Кездесу жұмысының қорытындысы бойынша оған қатысушылар жеке сот сараптамасы институтын одан әрі дамытуға бағытталған ұсынымдарды әзірледі.

Анықтама ретінде: Қазақстанда сот-сараптама қызметін мемлекеттік сектордан тыс лицензия негізінде жүргізу 1995 жылы «Лицензиялау туралы» ҚР Заңын енгізгеннен кейін мүмкін болды.

Яғни, сот-сараптама қызметінің мемлекеттік сектордан тыс жұмыс істеу кезеңі 15 жылдан артық мерзімді құрайды.

1999 жылдан бергі кезеңде Әділет министрлігі жеке тұлғаларға сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға арналған 207 лицензия берген. Оның ішінде тікелей сот сараптамасымен айналысатын сот сарапшылары 85 (Алматыда – 31, Астанада – 22 және т.б.), олардың көпшілігінде он жылдан артық сот-сараптама қызметіндегі өтілі бар.