-A A +A

Орталық сот сараптамасы институтынының сарапшылары мен Астана қаласы Есіл аудандық сотының азаматтық істер бойынша судьяларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

           Орталық сот сараптамасы институтынының (Астана қ.) сарапшылары мен Астана қаласы Есіл аудандық сотының азаматтық істер жөніндегі судьяларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Әңгімелесуді кіріспе сөзбен  Есіл аудандық сотының төрағасы Дамир Әбдіғалиұлы Әбдіғалиев бастады. Ол Орталық сот сараптамасы институтынының (Астана қ.) басшылығын сот сараптамасын тағайындау және жүргізудің күрделі мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізуге бастама жасағандарына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар қазіргі таңда Есіл аудандық сотының ОССИ жұмысына көңілі толатынын айтты. Алайда, азаматтық істердің қаралу мерзімінің қысқартылуына байланысты сараптама жүргізу мерзімін қысқарту туралы ұсыныс білдірді.

ОССИ тарапынан арнайы зерттеулер зертханасының меңгерушісі  Жанат Егінбайұлы Ибатов сөйледі және ол өз кезегінде Есіл аудандық сотының төрағасын «дөңгелек үстелдің» өткізілуіне септігін тигізгеніне алғысын білдірді.

Сонымен қатар ОССИ сарапшыларының да Есіл аудандық сотының судьяларына наразылықтары жоқтығын, өйткені Есіл аудандық соты тарапынан тағайындалған сараптамаларды қорытындылау барысында сарапшылардың барлық өтініштері  уақытымен орындалғанын, орындалмай қайтарылған бірде-бір істің жоқтығын айтып өтті.  

Әңгімелесу барысында істің жылдам жүруіне ықпал ету үшін судьялар мен сарапшылар байланыс деректерімен алмасу туралы шешім қабылдады.  

Соңында «дөңгелек үстелге» қатысушылар байланыс деректерімен алмасты, судьялар да жұмыс телефондары көрсетілген тізімді берді.