-A A +A

ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы 2016 жылдың 27 қазанында Алматы қ. «Шығыс – Батыс: сот сараптамасындағы әріптестік. Сот сараптамасының теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Форумның, биыл қазақстандық тараптың төрағалығымен өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Әділет министрлерінің төртінші кеңесі аясында өткізілетіндігі алдағы күтіліп отырған іс-шараға ерекше мәртебе беріп отыр.

Конференцияның жұмысына ҚР Әділет министрлігінің басшылығы, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстанның, ШЫҰ мүше мемлекеттердің, ШЫҰ бақылаушы және диалог бойынша әріптес мемлекеттердің сот-сараптамасы мекемелерінің басшылары мен жетекші сарапшылары, сондай-ақ бірқатар шет елдердің белгілі ғалымдары қатысады.

Форумға Армения, Әзірбайжан, Белорусь, Вьетнам, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Украинадан 150 астам адам қатысады деп күтілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты сот-сараптамасы қызметін әрі қарай жетілдірудің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылау, өңірлік және ұлтаралық өзара әрекеттестікті нығайту және сот сараптамасының алдыңғы қатарлы идеяларын ілгерілету болып табылады.

ШЫҰ мүше мемлекеттердің Сот-сараптамасы мекемелері Еуразиялық Ассоциациясының Жарғысына қол қою форумның басты кезеңі болатын болады. Әртүрлі елдердің сот сарапшыларының халықаралық өзаара әрекеттесттігін кеңейту қажеттілігін ескере отырып Ассоциациясыны құруға бастамашылық жасаған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығы болатын.

Сондай-ақ, конференция барысында сот-сараптамасы қызметінің құқықтық және ұйымдаструшылық аспектілері бойынша шетелдік тәжірибені егжей-тегжейлі зерделеу және бірлескен тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда.

«Шығыс–Батыс: сот сараптамасындағы әріптестік. Сот сараптамасының теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 10 жылдан аса уақыттан бері үйлестіру механизмдері мен әрекет ету стратегиясын, сот сараптамасы саласындағы ақпараттық алмасу мен жемісті ынтымақтасуды талқылау мен әзірлеудің әмбебап алаңына айналған.

 

Өткізу орны: Алматы қ.

Байланыс:

Ұйымдастырушылық мәселелері бойынша:

Мамбекова Динара 8/7172/ 740-740

БАҚ мәселелері бойынша: Сактаганова Линара +77012546359

e-mail: press_cse@mail.ru