-A A +A

ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы 2016 жылдың 22-23 қыркүйегінде «Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізуді жоспарлап отыр.

  Іс-шараның негізгі мақсаты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға байланысты қылмыстық істерді тергеу барысында туындайтын өзекті мәселелерді жан-жақты талқылау және шешу болып табылады.

2 күндік семинардың күн тәртібі компьютерлік технология құралдарын сараптамалық зерттеудің материалдарын дайындау, оны тағайындау мен жүргізу мәселелерінің кең аумағын қамтиды, сондай-ақ қылмыстық істерді тергеу аясында құмар ойындарды жүргізу үшін пайдаланылатын электрондық терминалдарды (ойын автоматтары мен лотерея жабдықтарын) зерттеу жөніндегі мәселелер де талқыланатын болады.

Отырыс жұмысына қатысу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қаржы министрлігінің, сондай-ақ Астана қ. соттарының өкілдері шақырылған.

Отырыстың қорытындысы бойынша Сот сараптамасы орталығының нормативтік және әдістемелік базасын құқық қорғау, арнайы органдармен және соттармен үйлестіруге бағытталған бірлескен ұсынымдарды дайындау жоспарланып отыр.