-A A +A

ҚР ӘМ Астана қаласы Орталық сот сараптама Институтының ұжымы, «Сәби бақыты» қоғамдық қорының президентінің балалар үйіне қаржылай қайырымды өмек көрсету туралы білдірген өтінішті адалдықпен қабылдады.

 

Өмірдің ағымымен және күнделікті жұмыс бабымен біз, ата-анасының қамқорлығысыз қалған жандарды айтпағанда, өз жақындарымызға да көңіл бөлуді ұмытамыз. Оларға, яғни мемлекет қамқорлығындағы ата-анасыз қалған балаларға да қамқорлық, махаббат, еркелік, мейірімділік және де аз болса да көңіл бөлу керек, әсіресе мереке күндері.

 ҚР ӘМ Астана қаласы Орталық сот сараптама Институтының басшылығына, «Сәби бақыты» қоғамдық қорының президенті А.Р. Мамедованың балалар үйіне қаржылай қайырымды және материалды көмек көрсету туралы білдірген өтініші, адалдықпен және жоғары жауапкершілікпен қабылданды. Астана қаласы ОССИ қызметкерлері ата-ананың қамқорлығысыз қалған Ақмола облысы, Сандықтау ауылындағы КММ «№3 Балалар үйі» балаларына бір ауыздан тез арадақолдан келгенше көмек көрсету шешімін қабылданды.

 №3 Балалар үйіне керек-жарақтар тізімі бойынша, Астана қаласы ОССИ-ң ынталы тобы жаңа ашылған «Шығармашылық шеберхана» үшін тігін жіптері, тоқыма жіптері, моншақтар, тоқыма бау, бояулар, бояу жаққыштар, рамалар, ағашты күйдіруге арналған құралдар және т.б. шығын материалдарын алып беру туралы  шешім қабылдады.

Сонымен жаңа 2017 жыл аясында балалар бөтен, яғни бізден ата-аналардан жаңа жылдық сыйлықтар алып қуанышқа бөленді. Сонымен қатар, Астана қаласы ОССИ-ң қызметкерлермен атқарылған іс-шараны өткізу алғашқы болғанымен ақырғы еместігін атап өту керек. Алдымыздағы жылы Сандықтау балалар үйінің, қазіргі уақытта «өзіміздің» балапандарымызға,әр тоқсан сайын керек қаражат жиналып тұратын болады.

Астана қаласы ОССИ