-A A +A

Дүниежүзілік банк пен ҚР Әділет министрлігінің «Сот сараптамасын күшейту» бірлескен жобасы аясында сот сарапшылары үшін «Өзгеріс агенттерінің командалық құндылықтарын жасау» тақырыбына оқыту тренинг-семинары өткізілді.

Қазақстанда кадр ресурсы әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылады. Дүниежүзілік банк пен ҚР Әділет министрлігінің «Сот сараптамасын күшейту» бірлескен жобасы басқару әлеуетін дамытуды қолдайды. Сонымен қатар бұл пысықталған және кешенді ыңғайды талап етеді. Кәсіби өсудің қажеттілігін сезіне отырып, ҚР Әділет министрлігінің басшылығы өз кадрларының біліктілігін үздіксіз және тұрақты түрде арттырып отыру идеясын жақтайтынын көрсетеді. Яғни, 2014-2016 жылдар кезеңінде Сот сараптамасы орталығының 26 қызметкері «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде бір жылдық оқытудан өтті.

Жоғарыда аталған сот сарапшыларының ары қарайғы кәсіби өсуінің бағдарын ұстана отырып Дүниежүзілік банк пен ҚР Әділет министрлігінің «Сот сараптамасын күшейту» бірлескен жобасы аясында ҚазГЗУ алаңында сот сарапшылары үшін «Өзгеріс агенттерінің командалық құндылықтарын жасау» тақырыбына оқыту тренинг-семинары өткізілді.

Бұл іс-шараның басты мақсаты басқару әлеуетін дамыту болып табылатын. Әділет министрлігінің өкілдері, осындай тренингтер қызметкерлердің жеке басының өсуіне қол жеткізуге ғана емес, сонымен бірге алған тәжірибесін ары қарай өз әріптестеріне беруге де мүмкіндік беретініне сенімді.

Қатысушылардың барлығына да әртүрлі тартымды интерактивті жаттығулар дайындалған болатын. Оқыту екі бағыттан тұрды: болашақтың көрінісін – басқарудың мінсіз жүйесін қалыптастыру; болашақтағы түбегейлі өзгерістерге эмоциялық икемдеу. Тренингтің бағдарламасын кәсіби жаттықтырушылар – ҚазГЗУ бизнес-мектебінің оқытушылары – Мұқанова гүлмира мен Абраев айдар әзірлеген.

Еліміздің әр өңірінен келген сот сарапшылары еркін және достық жағдайда пікірлесті, келелі мәселелерді талқылады, өздері күнделікті жұмыста кездесетін ахуалдарды талдады, сондай-ақ пікір таластыруға және өзара бағалауға мүмкіндіктері болды. Тренингке қатысушылар осындай тәжірибенің алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестігін білдірді.

Оқытудың соңында Жоба жетекшісі Ю.Бикбаев өзінің қорытынды сөзінде: «... сот сараптамасының дамуы оның қызметкерлерінің кәсіби өсуімен бірге жүруі тиіс, себебі біліктілікті арттырудың тұрақтылығы мен үздіксіздігі – еліміздің әл-ауқатына инвестиция салудың бір түрі. Біз, жобамыздың реформаларға қолдау көрсетуге және сот сарапшыларының – болашақта осы саланың басқарушыларының әлеуетін дамытуға мүмкіндігі барына қуаныштымыз. Біз, жобамыздың осы бағытта бұдан да көп нәрсеге қол жеткізетініне үміттіміз.