-A A +A

Астана қаласының Алматы аудандық сотында «Сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің кейбір күрделі мәселелері» тақырыбында семинар өтті

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі оқу орталығы ұйымдастырған семинардың жұмысына Сарыарқа аудандық сотының судьялары, Алматы аудандық сотының судьялары және төрағасы Ғ.П.Нәсірдінов, Есіл аудандық сотының, Астана қалалық сотының судьялары, сондай-ақ Орталық сот сараптамасы институтының сарапшылары және директордың орынбасары И.М.Тәжіғұлова қатысты. Азаматтық істер жөніндегі оқу орталығының үйлестірушісі Астана қалалық сотының судьясы А.К.Рамазанова семинардың модераторы болды.

         Семинардың басты мақсаты азаматтық істер жөніндегі сот сараптамасын тағайындау кезінде болатын күрделі мәселелерді талқылау және іс жүргізудегі заңбұзушылықтар және де басқа да кемшіліктерді жою болды.

         Баяндаманы Алматы аудандық сотының судьясы А.Н.Алина жасады. Баяндамада сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кезінде туындайтын күрделі мәселелер және оларды шешу жолдары ұсынылды. Сот сараптамасының кейбір түрлерін жүргізу  кезінде (құрылыс, экономикалық т.б.) мамандарды тарту мәселесіне аса көңіл аударылды.

         Семинардың соңында барлық соттар бойынша тоқсан сайын салыстырып тексеру жүргізу және сот сарапшыларының судьялар үшін мамандарды тарту мәселесі бойынша анықтамалық жасау мүмкіндігін қарастыру жайында шешім қабылдады.

         Өз кезегінде судьялар бірлескен семинарларды тұрақты түрде өткізу тәжірибесін жалғастыруға ниет білдірді.