-A A +A

Астана қаласының Адвокаттар алқасында 2016 жылдың 23 қыркүйегінде Астана қаласының Орталық сот сараптамасы институтының сарапшыларының қатысуымен сот сараптамасын тағайындау туралы семинар-кеңес өтті.

Семинарға қатысушылар: ОССИ-ның (Астана қ.) директорының орынбасары Тәжіғұлова І.М., арнайы зерттеу зертханасының меңгерушісі Ибатов Ж.Е., жетекші сарапшысы Жарланов Е.

         Семинарда адвокаттардың қылмыстық және азаматтық істері бойынша тағайындалғанда туындайтын сұрақтар және пікір таласты.

         Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласының 97 қадамына сәйкес бәсекелес ортаны дамыту үшін Сот сараптамасы орталығы жеке лицензиясы бар сарапшылармен сараптамалық қызметінде тығыз қарым-қатынасы жайлы сөз қозғалды. Барлық қатысушылардың назарына Астана қаласында лицензиямен сараптамалық қызмет көрсететін сарапшылардың тізімімен таныс болды. Бүгінгі күнге Қазақстан Республикасының «Сот-сараптамасы қызметі туралы» заңына Сот сарапшылар палатасы құрылуы туралы өзгерістер енгізілуде.

         Аса назар аударылған бағыттар; құжаттардың сот сараптамасы (жазу мен қолтаңба сот-сараптамалық зерртеу және құжаттарды сот-техникалық зерттеу), жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы, сот құрылыс, сот экономикалық және сот тауартану сараптамалары және т.б. Қылмыстық іс бойынша тағайындалу туралы, адвокаттар алқасында қандай нысан көздері керек, қандайы керек емес туралы. Және де сараптаманың мәртебесі түрі: комиссиялық, кешенді, біріншілік, қосымша және қайталама сараптамалары қай кезде тағайындалуы туралы түсіндірілді.

         Семинар соңында  адвокаттар тарапынан жоғарыда айтылған семинарлар жиі өткізілуі туралы ұсыныс жасалды.