-A A +A

Астана қ. Орталық сот сараптамасы институтыныңда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми-тәжіребиелік семинар өтті.

Семинарда сот психологиялық-филологиялық, психологиялық-криминалистік, дінтанушылық сараптама жүргізу барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Аталмыш семинарда Астана қ. бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің, Астана қ. бойынша ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасының қызметкерлері, Сот сараптамасы орталығы өкілдері ҚР ӘМ ССО Ұйымдастырушылық-қадағауды қамтамасыздандыру басқармасы басшысының орынбасары Д.Мамбекова, сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институтының директорының орынбасары Н.А.Муканова қатысты.
Семинар барысында ҚР Президентінің 31.01.2017 жылғы Жолдауының мемлекеттің даму бағытының негізі, сонымен қатар, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот өндірісінің мәселелері талқыланды.
ОССИ (Астана қ.) сарапшыларымен қазіргі күндегі экстремизм, терроризм, сыбайлас жемқорлық, есірткі заттарының траффигі, педофилия және басқа да қылмыстық істермен байланысты өндірісте филологиялық, психологиялық, дінтанушылық арнайы ғылыми білімдерді пайдалану мүмкіншіліктері мен әдістері туралы дәрістер оқылды. Сот сараптамасын жүргізу барысында
Сонымен қатар, Астана қ. ҰҚКД қызметкерлері сарапшыларды терроризммен байланысты қылмыстық істерді тергеу барысындағы тығыз уақытта орындалатын сапалы сараптамалары үшін ризашылықтарын білдірді.  
Осы сипаттағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін ғылыми-тәжіребиелік семинарлар рөлінің қылмыстың алдын алуда зор маңызы болады.