-A A +A

Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтының басшылары «Жалған кәсіпкерлік аясындағы қылмыстық істерді тергеу» тақырыбында өткен ведомствоаралық мәжіліске қатысты

2016 жылдың 18 тамызы күні Алматы қалалық сотында «Жалған кәсіпкерлік аясындағы қылмыстық істерді тергеу» тақырыбына арналған ведомствоаралық кеңес өтті, оның жұмысына Алматы қаласы бойынша сот сараптама институтының басшылары, Алматы қалалық сотының, Алматы қаласы аудандық сотының судьялары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері, Алматы қаласы прокуратурасының, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы қаласы кәсіпкерлері палатасының қызметкерлері қатысты.

Кеңес Алматы қалалық сотының сот алқасы төрағасы Б.С.Қарамановтың төрағалық етуімен жүргізілді.

Алматы қаласы бойынша сот сараптама институтынан оның директоры З.Ә.Өмірбаева, директордың орынбасары В.С.Бурцева және бас сарапшы Ж.Т.Қарабаева қатысып отырды.

Кеңесті өткізудің мақсаты жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудағы проблемалық мәселелерді талқылау болып табылады.

Кеңеске қатысушылар жалған кәсіпкерлік туралы қолданыстағы заңнаманы дұрыс және бірыңғай қолдану мақсатында басып шығарылған  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері» №1 Нормативтік қаулысын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер  мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 07 шілдедегі №5 Нормативтік қаулысын талқылады.

Кеңес барысында «Жалған кәсіпкерлік қызмет белгілері бар кәсіпорындар бойынша істерді тергеумен байланысты істер бойынша сараптамалардың корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығының мөлшерін анықтау жөніндегі сот экономикалық сараптамаларды тағайындау мен жүргізудің ерекшеліктері» атты тақырыпқа Алматы қаласы бойынша сот сараптама институтының бас сарапшысы Ж.Т.Қарабаева баяндама жасады.

Кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  Нормативтік қаулыларын заңды практикаға енгізу бойынша әрі қарай жұмыс жасаудың қажеттілігі туралы шешім қабылдады.

 Сот сараптамасы орталығы