-A A +A

Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтында еңбек ұжымының Қазақстан Республикасы Президентінің бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру барысын түсіндіруге арналған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Бычковамен кездесуі болды.

Жұмыс сапары ауқымында  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова, «Нұр Отан» Партиясының Бостандық аудандық филиалының консультанты К.Д.Мұқашева және Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтының қызметкерлері ҚР Президентінің «Нақты 100 қадам» Ұлт жоспарын, «Қазақстан жаңа жаһандық шындықта: өсуі, реформалар, дамуы», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауларын жүзеге асырудың негізгі аспектілерін талқылады.

«Біз бұл бағдарламалық құжаттарды қойылған мақсаттарға жетуде, біздің мемлекетіміздің гүлденуінің жаңа кезеңін сапалы өтуде басшылыққа аламыз және ол біздің Республикамыздың 2050 жылы әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына енуде еліміздің әрі қарай дамуының басты басымдылықтарын белгілейді» деп атап өтті депутат. 

Сондай-ақ, Светлана Бычкова  жергілікті партия мен мемлекеттің бағдарламалық құжаттарын іске асырумен байланысты  Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтының ұжымын толғандыратын өзекті мәселелерге тоқтап өтті.

Кездесу барысында Республиканың Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының жаңа заңнамаларының қағидаларын талқылауға аса назар аударылды.

Сонымен қатар, депутат аудиторияны аса қызықтырған «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңының жобасын қарау бойынша жүргізілген жұмыстар жөнінде айтып берді.

Кездесу барысында қонақтар зертханаларға кіріп, Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтының сараптамаларды жүргізуде пайдаланылатын талдама құрал-жабдықтардың жабдықталуымен танысты. Атап айтқанда, молекулярлық-генетикалық, тауартану, бейнефонографиялық, топырақтану, экологиялық, психологиялық-филологиялық, фототехникалық, дінтану, трасологиялық, баллистикалық сараптамаларды, сондай-ақ теміржол көлігі сараптамаларын, өрт техникалық және жарылыс техникалық сараптамаларды, спиртқұрамдас сұйықтықтардың, металлдар мен қорытпалардың, мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының сараптамаларын, габитологиялық сараптамаларды және құжаттардың сот-техникалық  сараптамаларын жүргізуде зертханалардың мүмкіндіктерін көрсетті. Жалпы алғанда, қатысушылар өткізілген кездесудің тиімді және жемісті өткендігін атап өтті.

                   Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институты