-A A +A

Алматы қаласы бойынша Сот сараптама институтының қызметкерлері Алматы қаласы Прокуратурасында болған Заңдылықты, құқық тәртібі және қылмыспен күресуді қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық кеңесіне қатысты

Алматы қаласының прокуроры Б.Н.Асыловтың төрағалық етуімен өткізілген ведомствоаралық  кеңесте Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.С.Қараманов, ҚР ӘМ Сот медицина орталығы Алматы қалалық РМКМ филиалының директоры А.Ш.Айдарқұлов, Алматы қаласы бойынша сот сараптама институты директорының міндетін атқарушы В.С.Бурцева, Есірткілер институтының директоры Қ.Д.Оспанов, Алматы қаласы ІІД лауазымды тұлғалары, қала прокурорының орынбасарлары,  аудан прокурорлары қатысты. Алматы қаласы Прокуратурасында болған Заңдылықты, құқық тәртібі және қылмыспен күресуді қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық  кеңес Алматы қаласы Прокуратурасы мен ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы арасындағы ынтымақтастық Меморандумы шеңберінде өткізілді.

Кеңесте «Тергеудің ақылға сыйымды мерзіміне 7 қадам» атты жобаны іске асырудың мәселелері қаралды. Жоба құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне байланысты арыздардың санын, оған қатысушылардың қылмыстық үрдіс ауқымында болу уақытын қысқартуға, азаматтардың сенім деңгейін арттыруға және кәсіпкерлерді қорғауға үндейді.

 Кеңес жұмысының регламентіне сәйкес  Алматы қаласы прокуратурасы 2-басқармасының бастығы Ж.К.Құсайыновтың, Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары Г.А.Нұрқаевтың, Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер комитетінің, Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Сонымен бірге, Алматы қаласы бойынша сот сараптама институты директорының міндетін атқарушы В.С.Бурцева шығып сөйледі, ол өз сөзінде Алматы қаласы Прокуратурасы мен ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы арасындағы ынтымақтастық Меморандумы шеңберінде, «Тергеудің ақылға сыйымды мерзіміне 7 қадам» атты жобаны іске асыру нәтижесінде Алматы қаласы бойынша сот сараптама институтында сот сараптамасын жүргізбей қайтарылған материалдардың саны төмендегенін атап өтті, яғни 214 немесе 34,13%-ға, орындалған сараптамалардың саны 126-ға немесе 2,2%-ға артты, сонда орындалған сараптамалардың санынан сот сараптамаларын жүргізбей қайтарылған материалдардың үлесі 7% болды. Сондай-ақ, В.С.Бурцева өз баяндамасында Сот сараптама институтында 5 тәулік мерзімге дейін 716 сараптама орындалды, яғни ол 12,4%-ды, 20 тәулікке дейінге мерзімде – 1402 сараптама немесе ол 24,3%-ды, күрделі және аса күрделі сараптамалар 20 тәулікке дейінгі мерзімде – 3520 немесе ол 61,1%-ды, ал аса күрделі дәрежедегі, көп нысанды стандартты емес сұрақтардағы 30 тәуліктен астам мерзімде орындалған сараптамалардың үлесі  2,11%-ды құрайды немесе 122 сараптама болды деп атап өтті. Өз сөзінде В.С.Бурцева: «Сонымен, Алматы қаласы бойынша сот сараптама институтында заңнамамен белгіленген 30 тәулікке дейінгі мерзімдегі барлық сараптамалардың 98%-ы орындалады» деп атап көрсетті.

Алматы қаласы Прокуратурасында болған Заңдылықты, құқық тәртібі және қылмыспен күресуді қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық  кеңесте «Тергеудің ақылға сыйымды мерзіміне 7 қадам» атты жобаны іске асыруда жеткен оң нәтижелерді одан әрі бекіту бойынша қажетті іс-шаралардың жиынтығы әзірленді.