-A A +A

17 қыркүйек 2016 ж. Орталық сот сараптмасы институтымен (Астана қ.) семинар-жиналыс өткізілді.

Семинар барысында зертхана меңгерушісі Ж.Е.Ибатов Астана қ. Ішкі істер департаментімен тағайындалған сараптамалардың жай-күйі (орындалған немесе орындалусыз кері қайтарылған) туралы қысқаша талдау жасады. Жалпылай алғанда, Астана қ. ІІД және оның аймақтық бөлімшелерімен 699 сараптама тағайындалған. Аталыш тағайындалған материалдар бойынша 581 сараптама орындалды. Зерттеу объектілерінің толық көлемде ұсынылмауы, танысу немесе қарау үшін сарапшыны объекті орнына жеткізудің жүзеге асылмауы және сарапшы талап-тілегінің қанағаттандырылмағандығы себепті 49 сараптама өндірісі бойынша қорытынды беру мүмкін емес болып табылды. Орындалусыз кері қайтарылған материалдарға ерекше назар аударылды. 

Химиялық және биологиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі Г.Сарсенбаевамен «Есірткілік, психотроптық заттар мен оның аналогтары және прекурсорларды зерттеу бойынша сараптама тағайындау барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында дәріс оқылды. Оның шеңберінде қаулы шығару барысында ҚР ҚІЖК 272 бабы бойынша іс жүргізу нормаларының бұзылуы мен зерттеу объектілерінің тиісінше буылып-түйілмеуі секілді өзекті мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, Институттың заманауи құрал-жабдықтармен қамтылғандығы, ПИД-ті газды хроматографтармен, масс-селективті детектрлі газды хроматографпен, сұйықтықты хроматографмен, Ик-спектометр және рентгенфлуоресцентті спектометр бойынша зерттеу жүргізу мүмкіндігінен қосымша мәліметтер берілді.

Сонымен қатар, бас сарапшы К.Ж.Бековамен «Бояулар мен жабындарды сот-сарапшылық зерттеу, оның ішінде металдар мен қорытпаларды сот-сарапшылық зерттеу және құрамында алкоголь бар сұйықтықтарды зерттеуі тағайындау тәртібі» тақырыбында дәріс оқыды. Өз сөзінде ол тағайындау тәртібі туралы қысқаша мәлімет беріп, шикізат көзі туралы ақпараттар мен ғылыми-техникалық құжаттарды ұсыну барысында туындайтын сұрақтарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, бүгінгі күнде ОССИ құрамында алкоголі бар сұйықтықтарды сот-сарапшылық зерттеу бойынша аккредитациялық сертификаты бар екендігіне тоқталды. Ол арақ пен этилды спирт құрамындағы улы микроқоспалар бар/жоқтығын анықтайтын газохоматографтық әдіс және олардың түпнұсқалығын анықтау әдісі болып табылады.

Бас сарапшы Пахритдинов Ш.И. жол-көлік оқиғалары бойынша сараптама тағайындау барысындағы мәселелер бойынша сөз сөйледі.

Өз сөзінде ол ОССИ және анықтау органдары арасындағы сараптама тағайындау ережелері бойынша бірлескен қарым-қатынасты атай кетті. Алайда, сараптама тағайындау барысындағы кемшіліктерге де тоқталды.

Семинардың соңында Астана қ. ІІД қызметкерлері тарапынан сараптама барысында туындайтын кемшіліктерді жою үшін сот сарапшылары мен тергеу, анықтау, маман-криминалистердің қатысуымен өтетін «дөңгелек үстелді» жүйелі түрде өткізу ұсынылды.