-A A +A

14 наурыз 2017 ж. Орталық сот сараптамасы (Астана қ.) ғимаратында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен құжаттардың сот-техникалық сараптамасын жүргізу барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша ғылыми-тәжіребиелік семинар өтті.

Семинар жумысында Астана қаласының судьялары, Астана қ. бойынша ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасының, Астана қ. «Алматы» ауданының Анықтау басқармасы қызметкерлері,  Сот сараптамасы орталығы өкілдері ҚР ӘМ ССО Ұйымдастырушылық-қадағауды қамтамасыздандыру басқармасы басшысының орынбасары Д.Мамбекова, сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институтының директорының орынбасары Н.А.Муканова қатысты. 

Семинар барысында ҚР Президентінің 31.01.2017 жылғы Жолдауының мемлекеттің даму бағытының негізі, сонымен қатар, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот өндірісінің мәселелері талқыланды.

ОССИ (Астана қ.) сарапшыларымен қазіргі күндегі экономикалық қылмыстық істермен байланысты өндірісте құжаттардың сот-техникалық сараптамасы саласындағы арнайы ғылыми білімдерді пайдалану мүмкіншіліктері мен әдістері туралы дәрістер оқылды. 

Семинар барысында сот сараптамасын жүргізу барысында туындайтын мәселелерді талқылау барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен сараптама тағайындау және өндіріс кезінде туындайтын өзекті сұрақтар туралы тақырып көтерілді. Материалдарды сараптамаға дайындау, тағайындау және баға беру барысындағы кемшіліктерді жою, арнайы білімдерді құқыққорғау процесі кезінде қолдануды тиімді пайдалану үшін тиісті ұсыныстар қабылданды.  

Осы сипаттағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін ғылыми-тәжіребиелік семинарлар рөлінің қылмыстың алдын алуда зор маңызы болады.