-A A +A

Жаңалықтар

14 наурыз 2017 ж. Орталық сот сараптамасы (Астана қ.) ғимаратында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен құжаттардың сот-техникалық сараптамасын жүргізу барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша ғылыми-тәжіребиелік семинар өтті.

Семинар жумысында Астана қаласының судьялары, Астана қ. бойынша ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасының, Астана қ. «Алматы» ауданының Анықтау басқармасы қызметкерлері,  Сот сараптамасы орталығы өкілдері ҚР ӘМ ССО Ұйымдастырушылық-қадағауды қамтамасыздандыру басқармасы басшысының орынбасары Д.Мамбекова, сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институтының директорының орынбасары Н.А.Муканова қатысты. 

Астана қ. Орталық сот сараптамасы институтыныңда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми-тәжіребиелік семинар өтті.

Семинарда сот психологиялық-филологиялық, психологиялық-криминалистік, дінтанушылық сараптама жүргізу барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Аталмыш семинарда Астана қ. бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің, Астана қ. бойынша ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасының қызметкерлері, Сот сараптамасы орталығы өкілдері ҚР ӘМ ССО Ұйымдастырушылық-қадағауды қамтамасыздандыру басқармасы басшысының орынбасары Д.Мамбекова, сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институтының директорының орынбасары Н.А.Муканова қатысты.

Парламент Мәжілісі депутаттары еліміздің өңірлеріне жұмыс сапары шеңберінде Орталық Сот сараптамасы институтына (Астана қ.) барды.

Бычкова Светлана Федоровна бастаған делегация құрамына Мусин Қанат Сергеевич, Козлов Евгений Алексеевич, Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы, Тілеухан Бекболат Қанайұлы кірді. Сот сараптамасы орталығы басшыларымен және Институт сарапшыларымен кездесу барысында оған қатысушылар сот сараптамасының өзекті мәселелерін талқылады.

Қатысушылар, ең алдымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, ҚР Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауларын іске асырудың негізгі аспектілерін талқылады.

ҚР ӘМ Астана қаласы Орталық сот сараптама Институтының ұжымы, «Сәби бақыты» қоғамдық қорының президентінің балалар үйіне қаржылай қайырымды өмек көрсету туралы білдірген өтінішті адалдықпен қабылдады.

 

Өмірдің ағымымен және күнделікті жұмыс бабымен біз, ата-анасының қамқорлығысыз қалған жандарды айтпағанда, өз жақындарымызға да көңіл бөлуді ұмытамыз. Оларға, яғни мемлекет қамқорлығындағы ата-анасыз қалған балаларға да қамқорлық, махаббат, еркелік, мейірімділік және де аз болса да көңіл бөлу керек, әсіресе мереке күндері.

Дүниежүзілік банк пен ҚР Әділет министрлігінің «Сот сараптамасын күшейту» бірлескен жобасы аясында сот сарапшылары үшін «Өзгеріс агенттерінің командалық құндылықтарын жасау» тақырыбына оқыту тренинг-семинары өткізілді.

Қазақстанда кадр ресурсы әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылады. Дүниежүзілік банк пен ҚР Әділет министрлігінің «Сот сараптамасын күшейту» бірлескен жобасы басқару әлеуетін дамытуды қолдайды. Сонымен қатар бұл пысықталған және кешенді ыңғайды талап етеді. Кәсіби өсудің қажеттілігін сезіне отырып, ҚР Әділет министрлігінің басшылығы өз кадрларының біліктілігін үздіксіз және тұрақты түрде арттырып отыру идеясын жақтайтынын көрсетеді.

Алматы қаласы бойынша сот сараптама институтының басшылығы «Экономикалық қылмыстар бойынша сот-тергеу практикасының проблемалық мәселелері» атты өңірлік семинар жұмысына қатысты

2016 жылы 04 қарашада Алматы қалалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары өткізген «Экономикалық қылмыстар бойынша сот-тергеу практикасының проблемалық мәселелері» атты өңірлік семинар жұмысына Алматы қаласы бойынша сот сараптама институтының директоры З.Ә.Өмірбаева және бас сарапшы Ж.Т.Қарабаева қатысты.

Қазақстанда сот сарапшыларының арнаулы ғылыми білімін академиялық жетілдірудің мүмкіндігі ашылды

Қазақстанда сот сарапшыларының арнаулы ғылыми білімін академиялық жетілдірудің мүмкіндігі ашылды – ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына магистратура және (PhD) докторантура деңгейі бойынша «Сот сараптамасы» мамандығы енгізілді.

Сот сараптама орталығының қызметкерлері ҚР ІІМ Академиясында (Алматы қ.) «Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-әрекет проблемалары: отандық және халықаралық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жумысына қатысты.

Конференция жұмысына халықаралық ұйымдардың, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері, Қазақстанның оқу мекемелерінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, қоғамдық қор өкілдері, сондай-ақ ҰҚК полиция Академиясының делегациясы қатысты.

Сонымен қатар, Сот сараптамасы орталығы тарапынан аталған конференцияға Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтының бас сарапшысы Н.Ә.Әбішева мен Орталық сот сараптамасы институтының жетекші сарапшысы Д. Рабилов қатысты.

Сот сараптамасы орталығының ұйымдастыруымен «Шығыс-Батыс: сот сараптамасындағы әріптестік. Сот сараптамасы тәжірибесі мен теориясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Аталмыш конференция 10 жылдан астам мерзімде сот сараптамасы жүйесіндегі табысты әріптестік, ақпарат алмасу, бірлесе әрекет етудің стратегиясы мен координация механизмдерін құру және талқылау үшін таптырмас алаң атағына ие болды.

Ағымдағы жылы Конференция ШЫҰ мүше-елдердің әділет министрлерінің төртінші Кеңесі шеңберінде Қазақстан Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен өткізіледі.

Астана қаласының Алматы аудандық сотында «Сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің кейбір күрделі мәселелері» тақырыбында семинар өтті

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі оқу орталығы ұйымдастырған семинардың жұмысына Сарыарқа аудандық сотының судьялары, Алматы аудандық сотының судьялары және төрағасы Ғ.П.Нәсірдінов, Есіл аудандық сотының, Астана қалалық сотының судьялары, сондай-ақ Орталық сот сараптамасы институтының сарапшылары және директордың орынбасары И.М.Тәжіғұлова қатысты. Азаматтық істер жөніндегі оқу орталығының үйлестірушісі Астана қалалық сотының судьясы А.К.Рамазанова семинардың модераторы болды.

Алматы қаласы бойынша Сот сараптама институтының қызметкерлері Алматы қаласы Прокуратурасында болған Заңдылықты, құқық тәртібі және қылмыспен күресуді қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық кеңесіне қатысты

Алматы қаласының прокуроры Б.Н.Асыловтың төрағалық етуімен өткізілген ведомствоаралық  кеңесте Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.С.Қараманов, ҚР ӘМ Сот медицина орталығы Алматы қалалық РМКМ филиалының директоры А.Ш.Айдарқұлов, Алматы қаласы бойынша сот сараптама институты директорының міндетін атқарушы В.С.Бурцева, Есірткілер институтының директоры Қ.Д.Оспанов, Алматы қаласы ІІД лауазымды тұлғалары, қала прокурорының орынбасарлары,  аудан прокурорлары қатысты.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында Астана қаласының Орталық сот сараптамасы институтының сарапшылары қатысуымен азаматтық іс бойынша тағайындалатын сараптамалар туралы семинар-кеңес өтті.

Семинарға қатысушылар: ОССИ-ның (Астана қ.) директорының орынбасары Тәжіғұлова І.М., арнайы зерттеу зертханасының меңгерушісі Ибатов Ж.Е., бас сарапшы Тлегенова Г.С., жетекші сарапшы Дюсенбаев О.У.

         Негізгі мақсаты сараптама тағайындау кезінде туындайтын сұрақтарды, процессуальды бұзылыстар және де басқа да кемшіліктерді жоюды талқыланды.

Орталық сот сараптамасы институтынының сарапшылары мен Астана қаласы Есіл аудандық сотының азаматтық істер бойынша судьяларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

           Орталық сот сараптамасы институтынының (Астана қ.) сарапшылары мен Астана қаласы Есіл аудандық сотының азаматтық істер жөніндегі судьяларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Сот сараптамасы орталығы Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтында «Қазақстанда жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдары сот сараптамасының қазіргі күйі, мүмкіндіктері мен даму келешегі» тақырыбына Республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті

Семинар жұмысына мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының, Алматы қаласы мен Алматы облысы Ішкі істер департаментінің, Алматы қаласы Прокуратурасының, ҚР ӘМ СМО Алматы филиалының өкілдері, ҚР ӘМ ССО аумақтық бөлімшелердің ЖКО мен КҚ сот сараптамасы бағытындағы сот сарапшылары, лицензия негізінде қызметті жүзеге асырып жатқан сот сарапшылар, Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтының басшылары мен сот сарапшылары қатысты.

Астана қаласының Адвокаттар алқасында 2016 жылдың 23 қыркүйегінде Астана қаласының Орталық сот сараптамасы институтының сарапшыларының қатысуымен сот сараптамасын тағайындау туралы семинар-кеңес өтті.

Семинарға қатысушылар: ОССИ-ның (Астана қ.) директорының орынбасары Тәжіғұлова І.М., арнайы зерттеу зертханасының меңгерушісі Ибатов Ж.Е., жетекші сарапшысы Жарланов Е.

         Семинарда адвокаттардың қылмыстық және азаматтық істері бойынша тағайындалғанда туындайтын сұрақтар және пікір таласты.

Беттер